Қош бол, Бастауыш!

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қош бол, бастауыш сыныбым!» сынып сағаты
Мақсаты:
Білімділік: білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
Дамытушылық: Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.
Тәрбиелік: Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар. Қанатты сөздер.
Кіріспе сөз:
Мұғалім:
«Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
1-ж:Қош келіпсіздер, құрметті ата - аналар, қымбатты ұстаздар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн.

2-ж:Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. « Қош бол, бастауыш !» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
3-сынып оқушыларын ортамызға!

Мектептегі /хормен/

Ұ-Ұстанымыз С-сырласымыз Т-тірегіміз А-ақылшымыз З-зейін салатын ҰСТАЗ

1-ж: Ендеше білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстазымыз Арай Жұмағазықызын ортаға шақырайық.

Ұстаз:Армысыздар, әріптестер қымбатты!
Армысыздар әкелер - аналар!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби - еркелер!

Оқушылар: 1- Нәріңді беріп құрғатпай, Сусаған шөлді қандырған. Сәулеңді шашып жүрекке, Жанның отын жандырған. 2- Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын, Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін. Тыншымайтын асыл жандар аяулы, Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын. 3- Кеп кешегі тосырқау қайда қалған. Шықпаушы еді бір елі айналаңнан. Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе. Жан дүниесін баланың жайлап алған. 4- Ұстазы ғой әліпбиді үйреткен, Көкейіне көрік беріп, гүл еккен. оқытып, өркендетіп өсіріп, Жалындатып, жанарына нұр еккен 5- Жадыраған жаздай жылы жаны бар, Жақсылықтың шырағы боп жағылар. Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал!
Ш-шынығатын, Ә-әрқашан, К-көмек күтетін, І- ізденетін, ризашыл, тәрбиеленуші. ШӘКІРТ /хормен/ 2-жүргізуші: Армысыздар жас достар Болашаққа жол бастар. Білім деген ғажаптың Келешегі қазақтың Басталады сендерден.- деп 4- сынып оқушылары, бүгінгі күнгі түлектерді ортаға шақырайық /Тақпақтар айтылады /

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 - сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер, сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.
Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,
ата - аналарына деген өз өнерлерін бірге тамашалайық!.

1 оқушы: Мектебім - сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін, көктеймін.
Сен - бұлақ, мен - қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
2 оқушы: Мектебім - білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата - анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.

3 оқушы: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
4 оқушы: Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Ән: «Мектебім»

1оқушы: Иә осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
2оқушы: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
3оқушы:: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
4-оқушы: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа!
Слайд: Суреттер көрсету бастауыш сыныптағы қызықты сәттер туралы.
1-ж:
« Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,- деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Осындай ұстаз туралы не айтар едіңдер?
- Ендеше өзіміздің ұстазымызға арнап өлеңдер айтайық.

1 оқушы: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
2 оқушы: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
3 оқушы: Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

4 Оқушы: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте - бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектен, Мың алғыс мына отты жүректен!
Ән: «Ұстазым менің ұстазым»

Ән: «Алғашқы ұстазым»

2-ж: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. Ендеше аналарымызға деген жылы лебіздеріңді білсек деймін.
1 оқушы: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
2 оқушы: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең - ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін

3-оқушы: ұстазым менің - ата - анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып, сан тарапқа тараған.
би:

Ән: «Анажаным»

Мұғалім

Айналайын жап - жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Балаларды мақтау қағазымен марапаттау

Құттықтау сөздер

Ізбасарға тілек

Оқушылар ортаға шығады; ТҮЛЕК /хормен/ талпына, үлкен, лайым, ерлік, көрсетіңдер!

Ізгі, зор, болашақ, армандарыңа, сенімділікпен,атқаруға, ризамыз!

ІЗБАСАР /хормен/
1-ж:

Балалар, біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді , өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Ән: Нұр Отан

Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін, Тек сәттілік - шәкірттерім ертеңіңе.

Мұғалім: Ал ата - аналарға айтарым: қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын. Тек биікке самғасын дегім келеді.

Хош сау болыңыздар!



© 2010-2022