Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін арттыру шығармашылық жұмыс

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін арттыру. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып,оқушылардың логикалық ойлау қабілетін және ой-өрісін дамыту.

ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДАҒЫ РОЛІ.


І.Кіріспе бөлім 1.Тақырыптың өзектілігі-Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып бәсекеге қабілеттілігін дамыту. Жұмыстың мақсаты-Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту. Жұмыстың міндеті-әр түрлі әдебиетті зертеу барысында:

  • ойлау деген ұғымға анықтама беру
  • ойлау қабілеттерін анықтап және дамытуға байланысты ғалымдардың ой пікірімен танысу
  • ойлау қабілеттерін анықтауға байланысты әдістемелермен танысу
  • жаңа технологияны оқып таныса отырып,ойлау қабілеттерін арттырудағы нәтижелі әдіс-тәсілдерді, технологияны іріктеп, оны қолдану шарттарын белгілеу.
Жұмыстың зерттеу нысанасы - Бастауыш сынып оқушылары. Жұмыстың зерттеу әдістері-салыстыру, талдау, анализ синтез педагогикалық эксперимент нәтижелерін қорытындылау. Жұмыстың зерттеу кезеңі-3жыл Жұмыстың ғылыми жаңалығы-мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Зерттеу жұмысының құрылымы-кіріспе,негізгі бөлім,қорытынды бөлім, пайдаланған әдебиетер тізімі. Қазіргі қоғам өзінің іс-әрекетіне өзі басшылық жасап,шұғыл шешім қабылдай алатын тұлғаны қажет етеді. Ондай тұлғаларды оқытудың жаңа технологиялары нәтижесінде қалыптасатынын соңғы жылдардағы тәжірибелер көрсетіп отыр. Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық түсіністік, сыйластыққа негізделуі оқушының ізденушілігін дамыту қазіргі оқыту жүйесінің бағыт алатын өзекті мәселелері. Жаңа педагогикалық технологиялар тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыруды, әр түрлі жағдаяттарда нақты шешімдер қабылдай білуге үйретуді мақсат етеді десек,бұл педагогикалық ұстанымдар-білім беруді жаңартудың негізгі өзегі. Қазіргі даму кезеңдегі басты мәселелердің бірі-мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Осыған орай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Педагогикалық технологияға алғаш анықтама берген ғалымдардың бірі-орыс ғалымы В.П.Беспалько.



ІІ.Негізгі бөлім


1.Тақырыптың ғылыми теориялық негізі. Қоғам шығармашылықтың өзі өнім екенін түсініп келеді. Жаңа технологияларды іс-жүзіне енгізу өндірістік және әлеуметтік өмірге жаңа мазмұн кіргізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттер қойып, шеше білетін шығармашылық ақыл-ой қабілеті бар адамды қажет етеді. Мемлекеттің даму барысында ақыл-ой және шығармашылық әлеуметтің рөлі орасан зор. Шығармашылық қабілетті дамыту ойлау қызметін жетілдірумен тығыз байланысты. Баланың ойлау қабілетін дамыту мәселесі, мектеп тәжірибесінде үлкен орын алады. Оқушы қабілетіне қарай ең басты мәселені айыра білсе,демек ол күрделі шығармашылық мәнді тапсырмаларды орындай алады. Сонымен ойлау дегеніміз мәселені шешудегі толғану процесі. Ойлану-дамушы құбылыс және ол адам басында үнемі жұмыс күйінде кездеседі. Ойланудың негізгі қызметі жұмбақ мәселелерді шешу. Мәселелердің шешілуі адам басында реттелініп отырылады. Ой процесі көзге көрінбейтіндіктен оның дәл өзін зерттеу мүмкін емес. Сондықтан ойлану туралы зерттеулер,олардың процесс күйін емес, ойлану қалайша жүзеге асып, реттеліп отыруы үшін қандай шарттар қажет екенін тексеруге арналған. Ойлаудың дамуы дегеніміз-оның мазмұны мен формасының өзгеруі, ол оқушының танымдық қызметі барысында пайда болады. Әдетте психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.

  1. Практикалық-қимылдық
  2. Көрнекі көркем
  3. Сөйлеу-логикалық
Ең алғашқысы (3жасқа дейінгі балаларда болатын) практикалық-қимылды ойлау. 4-7 жас аралығында көрнекі-көркем ойлау басым болады. Мектептің алғашқы жылдарында сөйлеу-логикалық ой көрнекі-көркем ойлаумен қабаттаса дами бастаса,орта және жоғарғы сынып оқушыларында бұл маңызды орын алады.Тапсырма сөйлеу арқылы орындалады. Ойлауды дамытудың негізі-сөйлеу тілі. Ойлаудың даму барысында кейінгі ой алдыңғысын мүлде жоққа шығармайды. Әрқайсысы өз жайымен дами береді,жетіле береді. Ойлаудың белгілі бір сапасының бір зат арқылы қалыптасуы белгілі бір мөлшерде оқушылардың жалпы бір дамуына қызмет ететін белгілі. Кез келген бір пәнді оқып үйрену кезінде арнайы саладағы ойлау деңгейі мен жалпы ойлау деңгейі арасындағы байланыстан оқушылардың ойлау қабілетін даму мәселесі дұрыс қойылып отырғаны келіп шығады. Ең басты мәселенің бірі-игеруге тиісті нақты материалдар негізінде ойлау операцияларын қалыптастыру және жетілдіру, әрі оны қолдана білудің алғашқы жолдарын үйрету. 2.Тақырып бойынша зерттеу практикалық жұмыстар. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына жолдауында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясындағы осы заманғы білім беруді дамыту және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту-төртінші басымдықта «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек»-делінген. Осы орайда өзімнің атқарып жатқан жұмыстарыма нақтырақ тоқтала кетсем,сабағымда тек білім беруді ойластырып қоймай,балалардың жеке бастарының қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын ойластырамын. Шәкірттерімнің жазу мен ойлау қабілетін дамытуда алдымен көңіл-күйінің көтеріңкі болуына көңіл бөлемін. Оқушымен жақсы қарым-қатынаста,түсінушілік жағын есте ұстаймын. Менің балаға деген ықыласым,оқушының өз ісіне деген сенімін оятады. Бастауыш сыныптың әр сабағында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі ойын элементтерін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сабақты белгілі бір мақсатпен оқушының ойлау қабілетін дамытатындай етіп ұйымдастырамын. Ойлау-баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау нақты сұрақтарға жауап беруді іздеуден басталады.Сондықтан баланың ойлау қабілетін ойдағыдай дамыту үшін тиімді технология мен тәсілдер қолдану арқылы арнайы жұмыстар жүргізіп,оқушылардың өздеріне талдау, салыстыру, жалпылау, қорытынды жасатамын. Осы орайда К.Ушинскийдің: «Шындықтың деректерінен нәр бермейінше,жалпы түрде ғана ақылды дамыту ретсіз,себебі адамның ойлауы деректерді жинап,соларды өңдеу арқылы ғана дамиды»,-деген тұжырымы дәлел бола алады. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру мақсатында жұмыстар ойластырып,ұйымдастырмас бұрын оқушыларда ойлаудың 3 түрінің қандай деңгейде екеніне диагностика жасап аламын.Ол үшін мен Р.С.Немовтың әдістемесін қолданамын. Атап айтсам «Шытырмандар», «Бұл жерде не артық?», «Топтарға бөл», «Равен матрицасы» әдістемелерін көркем-логикалық ойлау деңгейін анықтауға,ал «Лабиринт арқылы өт», «Фигураларды кес», «Сызықтармен қорша», «Рубик кубигі» әдістемелерін көрнекі-қимылдық ойлау деңгейін анықтауға пайдаланамын. Бастауыш сынып оқушыларының ойлауы мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау деңгейінен біріншіден осы жаста өте жоғарғы жылдамдықта дамуымен,екіншіден интелектуалды жүйеде оның құрылымдық және сапалық өзгерістердің болуымен ерекшеленеді. Осы жаста білім алу әсеріне ойлаудың 3 түрі де дамиды. Әсіресе сөздік-логикалық ойлаудың дамуында нақты өзгерістер болады. Басында әлсіз болғанымен, 4-сыныпта басты әрі күшті даму осы ойлаудың түрі болады және ересек адамның ойлауына пара пар болады. Сондықтан практикалық психо-диагностика ойлаудың барлық түріне бағытталғанымен екінші жағынан сөздік-логикалық ойлауды басты анықтау керек. Сөздік-логикалық ойлау деңгейін анқтауда мына әдістемені пайдаланамын «Ұғымды анықтау,себебін табу,айырмашылығы мен ұқсастығын табу». Бұл әдістеме арқылы оқушының интелектуалдық жүйесінің даму деңгейін анықтай аламыз. Оны мына сұрақтар арқылы анықтауға болады:
  1. Қай жануар үлкен?Ат па,жоқ ит пе?(Дұрыс жауабы-ат)
  2. Азанда адамдар таңғы тамағын ішеді.Ал күндіз және кешке қандай тамақтарын ішеді? (Дұрыс жауап-түскі,кешкі)
  3. Күндіз дала жап-жарық,ал түнде ше? (Қараңғы)
  4. Аспан көкпенбек,ал шөп ше? (Жасыл)
  5. Шие,алмұрт,алхоры және алма бұлар-....(жеміс-жидектер)
  6. Поезд келе жатқанда неге шлагбаумды түсіреді?
  7. Астана,Алматы,Тараз бұлар нелер?
  8. Қазір сағат қанша болды? (Балаға сағат көрсетіліп уақыт айту сұралады)
  9. Жас сиырды бұзау деп атайды.Ал жас итті және жас қойды қалай атайды? (күшік және қозы)
  10. Ит қайсысына көбірек ұқсас? Мысыққа ма,жоқ әлде тауыққа ма?Жауап бере отырып неге олай деп есептейсің,соны түсіндір.
  11. Автомобильге (машинаға) тежегіш не үшін керек?(Автомобильдің жылдамдығын өшіруіне қажеттігін көрсететін кез-келген ақылға қонымды жауап дұрыс деп есептелінеді)
  12. Балға мен балта бір-біріне несімен ұқсас? (Ұқсас қызметтер атқаратын құралдар деген сипаттағы жауап дұрыс деп есептелінеді)
  13. Тиын мен мысықтың ұқсас жерлерін ата (Ең кемі екі белгісі сипатталуы керек,мысалы олар-жануарлар,ағаштан-ағашқа өрмелей біледі,жүні жұмсақ,құйрығы,төрт аяқтары бар)
  14. Шеге мен винттің бір-бірінен айырмашылығы.(Шегенің жоғарғы жағы тегіс,ал винттікі ойықты,шегені балғамен ұрады,винтті бұрайды)
  15. Футбол ұзындыққа секіру,теннис жүзу дегендер нелер?
  16. Қандай транспорт түрлерін білесің? (Ең кемі екі түрін атау керек)
  17. Қарт адамның жас адамнан айырмашылығы
  18. Адамдар не үшін дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады?
  19. Егер адамдардың жұмыс істегісі келмесе неге жаман деп есептелінеді?
  20. Хатқа не үшін марка жапсырылады? (Марка-бұл жіберушінің почталық жөнелтуінің құнын төлегені туралы белгі.)
Нәтижені өңдеу: Бала әр сұрақтың әр дұрыс жауабы үшін 0,5 ұпай алады,сөйтіп бұл әдістеме бойынша ең жоғарғы10ұпайға дейін ала алады. Ескерту:тек қана мысал келтіргендерге сәйкес жауаптар ғана дұрыс деп есептелінбей басқа да сұраққа мағынасы ақылға қонымды жауаптар да қабылданады. Бұл әдістеме мектепке қабылданатын баланың сөздік логикалық ойлау деңгейін анықтауға да жарайды. Баланың жауабы тура не қате екені анық болмаса балаға аралық 0,25 ұпай қойылады. Даму деңгейі туралы қорытынды 10 ұпай-өте жоғары 8-9 ұпай-жоғары 4-7 ұпай-орташа 2-3 ұпай-төмен 0-1 ұпай-өте төмен Жоғарыда келтірілген әдістемелер арқылы ойлау деңгейін анықтап алғаннан кейін түрлі жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Оқытудың жаңа технологияларының бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытуға үлесі зор. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі,шығармашылық ізденісі,өз мамандығына деген сүйіспеншілігі ерекше орын алады. Мен өз тәжірибеме деңгейлеп саралап оқыту, ойын арқылы оқыту,дамыта оқыту технологияларын енгіздім. Мақсатым-өз бетімен дами алатын,әртүрлі өмірдің жағдайларына төзе алатын, белсенді, ой-өрісі дамыған білімді оқушы тәрбиелеу. Негізгі мақсатым-баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабілеттерін қалыптастыру. Ой өрісін дамыту арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерінің маңызын ашу. Выготский: «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықталып беріледі.Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек» деген екен. Сондықтан мен әр баланың жан-дүниесіне үңілуден бастап, өзіндік ерекшеліктерін зерттеп,біліп алған соң,олардың қабылдау деңгейіне қарай іріктеп, талдап, қолданамын. Тапсырмаларды деңгейлеп беремін. Өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге сегіз қырлы,бір сырлы ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Ұстаз алдында отырған бірі шапшаң,бірі баяу,енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні, қабілеті, қабылдауы, есте сақтауы,ойлауы әр қилы шәкірттердің жүрегіне жол тауып олардың шығармашылық қабілетін дамыту күрделі құрылым екені даусыз. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: «Сабақ жасөспірімдердің интелектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болу керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірді тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына,кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады»-деп айтқан екен. Олай болса,қызықты сабақтар-мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қол таңбасы,әдістемелік ізденісі,көтерілген белесі, абырой атағы, мақсат-мұраты. 1.Кесте. Зерттеу қорытындысы
Эксперимент кезең басы Эксперимент кезең соңы Өте жоғары
16% Жоғары 4% 32% Орта 28% 40% Төмен 52% 12% Өте төмен 12%













Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Р.С.Немов Психология. Москва 1995 г.

  1. Р.Есеева Бастауыш мектеп.№5 2005 ж



  1. Мектептегі психология 2007-2008 жж.


© 2010-2022