Аудан және оның өлшем біріліктері. Ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Сыныбы: Пән атауы:

Сабақтың тақырыбы: Аудан және оның өлшем бірліктері

Сабақтың мақсаты: І Білімділігі: Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыра отырып, ауданның жаңа өлшем бірліктері туралы қатынас туралы түсінік қалыптастыру, есептеу және өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіру, интеллектуалдық қиындықтарды жеңе білу білу және өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу. ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың ынта - жігерін, алғырттылығы мен шапшаңдығын, танымдылық дағдыларын арттыра отырып, шығармашылыққа жетелеу. ІІІ Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелей отырып, білімпазқа жетелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір -талас. Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б. Пәнаралық байланыс: Дүниетану, еңбекке баулу. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау. 3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу. 4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау. 5. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу). ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау: 1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. 2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау. 3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау. 4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Сабақтың тақырыбы: Аудан және оның өлшем бірліктері.

Көркем жазу диктанты. 3 миллион 67 мың 69 бірлігі бар санды жаз. 100- ден үлкен, 60-тан кіші, 1 миллионға үлкенн сандарды жазыңдар.

Тапсырмалармен жұмыс: «Компьютер» дидактикалық ойынын ойнау.

1 см²(квадрад сантиметр) = 100 мм² 1 дм²(квадрат дециметр)= 100 см²

1 м² (квадрат метр) =100 дм² 1 км²(квадрат километр) =1 000 000 м²

1 а(ар) =100 м² 1 га(гектар)= 100 а 1 га=100 а=10 000 м²

1 м² = 100 дм²= 10 000 см² = 1 000 000 мм² 1 дм²= 100 см²=10 000 мм²

1. Ауданның өлшем бірліктерін еске түсіру.

ә) 5 дм² ˃ 50 см² 10 000 м² ˂ 5 га 5 м² ˃ 50 см²

5 дм² ˂ 505 см² 10 м² ˂ 50 050 см² 5 га= 50 000 м²

2. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

3 га=30 000м² 12 дм²= 120 см²

12 м²= 120 000 см² 45 га= 4500 а= 450 000 м²

8 000 000 мм² = 80 000 см² 4 дм²= 400 см²= 40 000 мм²

3. Өздік жұмыс ретінде қолданылатын есеп. 1- баған -І нұсқа, 2 - баған - ІІ нұсқа.

4 250+ 6+40+100 = 4396 960 502 - 500 -2= 960 000

555 505 - 5 000 - 500 = 550 005 369 + 50 000 + 5 000 = 55 369

412 325 - 2 000 - 300 = 410 025 4 124 325 - 4 000 000 = 124 325

47 000 + 5 000 + 50 + 2 = 52 052 1 000 000 - 500 505 - 500 = 498 995

4. 10 санының және бір таңбалы сандардың квадратын еске түсіру.

IV. Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп -кішкентай ағаштар,

Үп -үлкен боп өседі.

5. Есеп сызбасын салу арқылы шығару.

а) 25∙20 = 500 (м²) - барлық жел телімінің ауданы

500: 2 = 250 (м²) - алма ағаштары алып жатқан аудан

500:4= 125 (м²) - алмұрт ағаштары алып жатқан аудан

250+125 = 375 (м²) - алма және алмұрт ағаштары алып жатқан аудан

500 - 375 = 125 (м²) - жидек ағашты алып жатқан аудан

ә) 128∙3 = 384 (алма ағашы)

384 - 128 = 256 (артық)

Жауабы: алмұртқа қарағанда 256 алма ағашы артық.

V. Сабақты пысықтау:

6. Өздік жұмыс. Баған түрінде есептеу.

902- 567= 335 700 - 69 = 631 751 -349 = 402

256 - 129 =127 708 - 489= 219 1 000 - 407= 593

7. Ұжыммен есептеу арқылы орындау тиімді.

45∙20= 900 (см²) - түбінің ауданы

20∙30= 600 (см²) - кішкене бүйірінің ауданы

45∙30= 1 350 (см²) - үлкен бүйірінің ауданы

  • Бүгінгі сабақта не өтілді?

  • Сабақ несімен ұнады?

VII. Үй жұмысы: №8 есеп 35 бет. VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.



© 2010-2022