- Преподавателю
- Начальные классы
- Баяндама Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабақтарындағы өзіндік жұмыстары
Баяндама Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабақтарындағы өзіндік жұмыстары
Раздел | Начальные классы |
Класс | 3 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Алдабергенова Г.П. |
Дата | 07.02.2016 |
Формат | doc |
Изображения | Есть |
№4 Жалпы білім беретін орта мектебі КММ
БАЯНДАМА
«Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабақтарындағы өзіндік жұмыстары»
Орындаған: бастауыш сынып мұғалімі:
Алдабергенова Г.П.
Теміртау-2013-2014оқу жылы
Бала білімді тәжірибелер
арқылы өздігінен алуы керек
А. Байтұрсынов
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабақтарындағы өзіндік жұмыстары. Мақсаты: оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау барысында бір - бірімен білім алмасуына дағдыландыру, берілген білімді пысықтау, оқушының білімін тексеру, бақылау, шығармашылық қабілеттерін арттыру, сөздік қорын байыту, тіл дамыту. Міндеттері: 1) оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру; 2) алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу; 3) болашақта өз бетінше өз білімін көтеру үшін тиімді еңбек етуге оқушыны даярлау. Қазақ мектебінің бүгінгі жайы мен ертеңі, оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге байланысты, мұғалім ізденісіне байланысты. Бастауыш сыныптарға арналған бағдарламалар педагогикалық үрдісті жаңаша қарауды талап етеді. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты - жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат - өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру. Өз бетінше жұмыс қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, бастапқы білімін түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде. Оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізуде өзіндік жұмыстың орны ерекше. Сондықтан өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесін көптеген педагогтар кең көлемде зерттеген. Оқушының өз бетінше ізденіп оқуын жетілдіріп отыру бағытында А.Байтұрсынов, Л. В. Занков, т.б. ғалымдардың еңбектері бар. Осы еңбектерге талдау жасай отырып, қысқаша түсінік берсек: Л. В. Занков. Оқытудағы өз бетінше жұмыстың жетекші ролін көрсетеді. Ақыл - ой қызметінің көрсеткіші өз бетінше жұмысты істеуді іске асырады: байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білуі, практикалық іс - әрекеттер атқара білу қабілетінің артатынын көрсетеді. А. Байтұрсынов. Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек деген пікірге сүйенеді. Соңғы уақыттары өзіндік жұмыс туралы Ж. Махимова, М. Мұсабеков, А. Мүбараков, Ж.Сардарова, С. Қаңтарбаев, А. Арымова т.б. педагогтардың мақалалары жарық көруде. Бұл мақалаларға, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасап, өзіндік жұмыс жасау шарттарын теориялық тұрғыдан меңгере келе оқушыларға өзіндік жұмыс орындатуда бастауыш сынып пәндерінің мүмкіндігі бар екендігі анықталған.
Өзіндік жұмыстарды орындау барысында оқушылардың белсенді ой - әрекетін күшейтуге мұғалім жұмысты жоспарлы түрде ұйымдастырып, оған дұрыс басшылық жасай алғанда ғана қол жеткізді.
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысты ұйымдастырудың моделі
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Ұйымдастыру мақсаты
Түрлері
Ұйымдастыру тәсілдері
Нәтижелері
Жаңа материалды түсіндіру
Сұраққа жауап іздеу, оқулықпен жұмыс, жаттығулар орындау, экспресс - бақылау жұмыстары
Сұрақ - жауап тапсырмалар беру
Оқу материалын меңгеруі
Жаңа материалды бекіту
Сұрақтарға жазбаша жауап беру, жаттығулар орындау, тестік тапсырмалар, шағын бақылау жұмыстары
Түсіндіру, орындау, үлгісін көрсету, мысалдар келтіру
Жаңа материал бойынша білім, білік, дағдының қалыптасуы
Белгілі бір білім, білік, дағдыны бекіту
Бақылау жұмыстары шығарма жазу, дербес тапсырмалар, тесттік тапсырмалар, тәжірибе жүргізу, кітаппен жұмыс, сурет салу
Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, жұмыстың орындалу барысын түсіндіру
Меңгерілген білім, білік, дағдыны, іс жүзінде қолдана білу
Белгілі бір білім, білік, дағдыны тексеру және есепке алу
Бақылау және тексеру жұмыстары
Алған білімдерін жинақтауға үйрету
Өзін - өзі тексеру, өзіне - өзі баға беру
Өзіндік жұмыстарды жоспарлай білу, оқушыларды өздігінен қиындықтарды жеңуге үйрету - өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі. Сондықтан оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мынадай қағидаларды есте сақтау керек:
- Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұнының бағдарламалық талапқа сәйкес;
- Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, танымдық іс - әрекетті белсендіру;
- Өзіндік жұмыстардың формалары мен мазмұнының әртүрлі болуы;
- Әрбір өзіндік жұмыстың тексеріліп, бағалануы
- оқушының білім дәрежесіне қарай араластыра бөлу;
- білім деңгейлеріне қарай бөлу;
- қабілетіне, жеке ерекшелігіне қарай бөлу.
- мадақтауға таршылық жасамау;
- оқушы арасындағы пікірталаста мәселе шешімін өзім айта салмау;
- сатылы мәселе тудырып отыру (ойлан, ізден, үйрен);
- сабақта оқушы қызығушылығын артырып, алға талпынуын көздеу;
- барлық оқушының бір пікірге сүйеніп қалмай, басқаша ойлауға баулу;
- оқушының әр ойын назардан тыс қалдырмау;
- оқушы ойын «қате» деп тыйып тастамау;
- оқушының асығыс берген жауабына бірден келіспеу, дәлелдеуді талап ету.
2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды).
3)Міндетті түрде тексерілуі керек. 4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.
5) Өздік жұмыстың мақсаты, орындау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.
6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек. 7) Ескертпе, түсініктеме - карточкалар, перфокарталар дайындау қажет. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пәндер бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады. Қазақ тілі сабақтарында - түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, қима қағаздармен, перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша сөйлем, әңгіме құрау, сөздіктермен жұмыс тапсырылады. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазбаша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, олар жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады. Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығу ұғымы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу − мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас тәжірибелік жұмыс. Жаттығуда уақытқа шек қойылмайды. Ал оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі. Оқушылардың өзіндік жұмыстары бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы керек және көлемі шағын, мазмұны оңай болуға тиіс. 2-сыныпта − 5-10 минут, 3-сыныпта − 10 минут, 4-сыныпта 10-15 минуттық тапсырмалар беріледі. Мұғалім оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыс түрлерін, әр пәннің ерекшелігін ескере отырып, алдын-ала дайындауы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда басты назарда болатын негізгі, қажетті шарттарды мұғалім үшін және оқушы үшін деп екіге топтауға болады. Мұғалім үшін:
- оқушыға нақты тапсырма беру;
- оны орындауға уақыт белгілеу;
- мұғалім басқаруы мен оқушының дербестігі арасындағы байланыс;
- ӨБЖ орындауға жағдай жасау;
- ұйымдастырылған оқу - тәрбие үрдісінің болуын қамту;
- қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беру;
- жас ерекшелігіне сәйкес оқушының өзіндік ерекшелігін ескеру;
- білім алудың, білудің қажеттілігін ұғындыру;
- оқушы еңбегін мадақтау, марапаттау;
- өзіндік жұмыстың орындалуын қадағалау;
- пәнішілік, пәнаралық байланыстың болуын есте сақтау;
- нәтижені уақытында тексеру, әділ бағалау, қатені өзіне жөндету, өзін-өзі бағалануына жағдай жасау.
- алдымен берілген тапсырмаға талдау жасау;
- мақсатты айқын түсіну;
- өткенді еске түсіру, әдіс-тәсілдерді анықтау;
- орындауға жоспар жасау (білімін, іскерлігін, дағдысын жаңа жағдайда қолдану);
- жоспар бойынша тапсырманы орындау;
- өзін-өзі тексеру, өзіндік бақылау;
- өз еңбегін бағалау;
- өз әрекетінің саналы, жүйелі орындалуын ой елегінен өткізу;
- ойын (ұлттық , дидактикалық, танымдық т.б.);
- салыстыру (ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау);
- дәлелдеу (өз ойының дұрыстығына өзгенің көзін жеткізу);
- талдау (тұтасты бөлшектеу);
- жинақтау (бөлшектерді біріктіру);
- бағалау (өзін, досын, топты, сыңарын т.б.);
- эврестикалық (жаңалық ашу, іздену, зерттеу);
- көрнекілік (сызба, сурет, альбом, кеспе қағаз, видео т.б.);
- сұрақ-жауап;
- ой шақыру.
- Білімділік: Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтау, бастауыштың сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру, өз бетімен жұмыс істеуге баулу.
- Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
- Тәрбиелік: Балаларды ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу және әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым бақытым дара тілім. ІІ. Дайындық кезеңі.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
- Сөйлем мүшелері деп қандай сөздерді айтамыз?
- Өзіндік жұмыс дәптерінен «Бастауыш» тақырыбына сай тапсырмаларды өз бетімен орындау.
Өзіндік жұмыс түрлерін орындау барысында
Деңгейлік тапсырмалар орындау барысында
Дидактикалық материалдар
Қорытынды: Өзіндік жұмыс - оқушының ойлау қабілетін, ақыл-ой және іс-тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті. Осыған байланысты өз тәжірибемде қолданып жүрген өзіндік жұмысты әр түрлі жіктеулерін келтіруге болады. 1. Оқушының ізденімпаздық дәрежелеріне байланысты жұмыстар. 2. Білім материалы бойынша: оқулықпен және оқу әдебиеттерімен жұмыс, шешу және салыстыру. 3. Дидактикалық мақсат бойынша жұмыстар: оқып - үйренетін, тексеретін, алған білімді баянды ететін. 4. Даралау дәрежесі бойынша мазмұны әр түрлі, бірақ бірдей тәсілмен орындалатын; мазмұны әр түрлі және әр түрлі тәсілмен орындалатын. Осы жіктеуге байланысты оқу процесінде өзіндік жұмыс түрін төрт топқа топтауға болады:
- үлгі бойынша орындалатын (орындаған кезде оқушы көрсеткен үлгі бойынша, белгілі бір іс-әрекеттің жолын ұғынады; тапсырманы нұсқау тәртіп бойынша орындайды);
- реконструктивті - вариативтік (оқушылардың алған білімін қолдануға ынталандырады, білімі тереңдей түседі);
- жаңалық ашатын;
- шығармашылық өзіндік жұмыстар (оқушы ойын кеңейтеді, өзіндік қолтаңба қалдырады).
- өткенді қайталау (еске түсіру, есте сақтау қабілетін тексеру);
- меңгеру деңгейіне қарай топтау (топішілік пікірталасты дамыту);
- үй жұмысын орындау (сыныпта алған білімді өз бетінше қолдану);
- шығармашылық ізденіс (әр еңбекке өзіндік қолтаңба қалдыру);
- жаңа тақырыпты бекіту;
- жаңа тақырыпты игеру (жаңа тақырып мазмұныны ашу);
- топта, ұжымда жеке жұмыс жасай білу қабілетін арттыру;
- өткенді бекіту.
- оқушыда өз бетінше білім алу қажеттілігі пайда болады;
- оқушы өз деңгейін өзі аңғарады;
- оқушы алдына мақсат-міндет қоя біледі;
- алған білім, білік, дағдыны іс-тәжірибеде қолдана біледі;
- нәтижені талдай алады, өзін-өзі бағалайды;
- өз ісін жоспарлай алады;
- мәселелік сұрақтар арқылы белсенділігі артады;
- оқушы іздену үстінде жаңа ұғымды меңгереді;
- оқытуды дербестендіру, деңгейлік саралау ерекше орын алады;
- әр түрлі бейнелермен операциялар жасап, тапсырманы орындауда оны көрнекі түрде елестете алады.
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Бабанский Ю. К. Научная организация педагогического процесса на основе его интенсификации и оптимитизации. Москва. Педагогика. 1988 г. 2. Бастауыш мектеп. Алматы. Дәуір. Универсал-фото. 2004-2008 жылдар. 3. Есипов Б. П. Самостоятельная работа учащихся на уроке. Москва. Педагогика. 1961г. 4. Кобдикова Ж. У. Оқыту процесін технологияландыру. Алматы. Ақжелкен. 2000ж. 5. Қазақстан мектебі. Алматы. Дәуір. 2004-2006 ж. 6. Ушанский Л. И. Технология организаторской деятельности школьников. Москва. 1980 г.