«Қош бол, құтты Әліппем!»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қош бол құтты әліппем

Мақсаты: Оқушылардың оқуға, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру. Мектеп оқушыларын ана тілін сүйетін, қадірлейтін жеткіншек болуға тәрбиелеу.

Ертеңгіліктің өту барысы:

  1. Музыка ойнап тұрады.

  2. Залға балалар 2-2 ден кіреді.

Көрнекілігі: плакатқа жазылған сөздер:

  1. Кітапсыз-білім жоқ.

Білімсіз-күнің жоқ.

2. Қына-тасқа бітеді.

Білім-басқа бітеді.

Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар. Биылғы оқу жылы оқушылар мен ұстаздар үшін ерекше жыл болды. Кеше ғана жаңа мектептің табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгін саналы оқушы болып, білім бастауы Әліппені аяқтап отыр. Мұғаліммен бірге, оқушымен қоса оқыған ата-аналар еңбегіміздің жемісін көрейік.

Армысыздар ата-әже, қариялар,

Елімнің шежіресі дариялар,

Армысыз ұстаздарым, әріптесім,

Жол нұсқап ақыл берген әліппесің,

Армысың құрбы -құрдас, достарым.

Өзіммен бірге жүрген құрдастарым.

Осындай көңілді бір кештерде,

Өзімше осындай бір ән бастадым, - дей келе ертеңгілігімізді бастайық.

1-оқушы:

Өтті оқу, сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат,

Оқулықпен достассақ

Әліппемен қоштассақ

Өсті білім бойымыз.

Хормен: «Құтты болсын, тойымыз!».

2-оқушы:

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық,

Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық.

Бар білімнің бастауы

Бар ғылымның бастауы

Жас балаға нұр шашқан

Андай кітап тіл ашқан?

Хормен «Әліппе»

Осы кезде сахнаға Әліппе келеді.

Мұғалім: Сәлеметсіз бе, Әліппе. Төрлетіңіз

Әліппе:

Армысыздар жас достар!

Армысыздар, қонақтар!

Менің атым -Әліппе

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып ер жеткен

Ағаң менен әпкең де.

Мұғалім: Сөзімізге құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз,

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр- әніміз.

3-оқушы: Күмбір-күмбір қоңырау,

Соғылған ай қыркүйек,

Қалам ұстап қолыма,

Жазылған ай қыркүйек.

4-оқушу: Келгенімде алдыңа

Қызыл арай гүл алып

Жақын тарттың жаныңа

Шәкіртім деп қуанып.

5-оқушы: Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың,

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.

6-оқушы: Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе.

7-оқушы:Бұрқыраған білімнің

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том қалың кітаптың

Басы болған Әліппем.

8-оқушы: Бар кітапқа бас болған

Әліппе -ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы 9-оқушы: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін сырлы жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.

10-оқушы: Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе.

11-оқушы:

Алфавитті біліңдер

Онда қалып, жүйе бар

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.

12-оқушы: А -ны алғаш айтқанда дауысым дірілдеді

Ұстазым көз алдымда күлімдеді

Күн сайын әріптердің атын біліп

Сөз оқимын айырып буынды енді.

13-оқушы: Таныстырған 42 әріппен

Қош бол менің қасиетті Әліппем

Сеннің арқаң оқи, жаза білгенім

Сауатты адам санатыңа кіргенім.

«Ә» дыбысын өткенде-тамылжыта ән айтуды үйрендік.

Ән. Зеңгір көктем

«Б» дыбысын өткенде-бата беруді үйрендік.

Мұғалім:

Алайық келер сәтті ойға түйіп,

Қалар бір шапағаты көпке тиіп,

Қол жайып, періштенің пейіліне

Бәріміз бір ауыздан «Әумин» дейік.

«Әумин» десең міне батам,

Қолдасын Қызыр бабам,

Әлемнің бетін жарық ет,

Ұл-қызды түгел білімді ет,

Келесі оқу жылына

Аман-есен түгел жет.

«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз,

Өнер-білім көп тоқып

Өсе берсін санамыз.

Әумин.

«Т» дыбысын өткенде-

Тақпақ айттық тақылдап.

14-оқушы: Әліппем, менің Әліппем

«А» деген бастап әріптен

Сөз құрап жаза бастадым

Тақылдап таңба танып мен

15-оқушы:Әліппем, менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштың білімнің

Ертеңгі сәуле жарықпен

16-оқушы:Ыстық әрбір беттерің

Жазуыңды ұғамын

Ақыл бердің Әліппе

Ақылды сен мұғалім

17оқушы:Әліппем, менің әліппем

Өмірді келем танып мен

Қайталап айтам 1000 рет

Өзіңе көп-көп рахмет

«Ж» дыбысын өткенде-жұмбақ шештік жаңылмай.

«Е» дыбысын өткенде-Ертегілер еліне саяхат жасадық.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісінен көрініс. 18- оқушы: Он саусағым орамды Бояп -бояп қоймасын Отан, орман сөздерін «О» әрпінен ойлайсың 19-оқушы:

Бала отыр партада

Оқы, үйрен, шаршама

П дыбысы - дауыссыз

Мәлім болды баршаңа

20-оқушы

Ризамыз оқуға

Ретімен тоқуға

Р-ды айту қиын -ақ

Кейбіреулер айтуда

21- оқушы

Қарбыз, қауын жинаймыз

Қағазды бос қимаймыз

«Қ» дыбысын қиып алып

Қонақтарға сыйлаймыз 22- оқушы: Ыстық әрбір беттерің Жазуыңды ұғамын Ақыл бердің Әліппе Ақылды сен мұғалім

Әліппе:

Ризамын балалар,

Меңгердің, болмадың босқа тер.

Ана тілі атты әпкем бар

Сендерді жетелеп әкетер

(Ортаға ана тілі келеді.)

Ана тілі:

Сәлеметсіз бе, балалар?

Хормен : Қош келдіңіз, Ана тілі

Ана тілі :

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен таңымын

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімен

Ән : «Әліппе» (Ана, бала, Отан шарға жазылған сөздерді жоғары көтеру)

Әліппе:

Кәрі - жасқа ой сала,

Үйрететін ой-сана.

Ана тілін сүйіңдер

Осыған бас иіңдер.

Оқумен өсіп толыңдар,

Аман -есен болыңдар

Ал, балалар сау болыңдар.

Бірге : Қош бол, құтты әліппем!

Мұғалім:

Құтты болсын ата-ана

Құтты болсын көпшілік.

Ән айтайық, би билеп

Ана тілімен қосылып .

Мұғалім:

«Жаса Қазақстан» ән Корабаев Бекжан

Мен қазақтың қызы деп

Желбіреген тұлымы

Тамсандырар биімен

Гүлдей көркем өмірі.

Қазақ биі- қыздарды ортаға шақырамыз.

23-оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз. Енді қолға ана тілін аламыз Ата-ана, қуанышқа ортақ бол Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Әсем әуен жырменен

Шыр айналып, би билеп

Ән салуды ұнатады.

Салт-дәстүрін халқымның

Жалғастыру мұраттары

Би : «Қара жорға»

Ән: « Көк тудың желбірегені »орындайтын

Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар








Келісемін: Бекітемін: №3 орта мектеп-кешеннің №3 орта мектеп-кешен Оқу ісінің меңгерушісі: директоры:
________А.Қ.Қасембаева _________ А.М.Елемесова













«Қош бол, құтты Әліппем!»


1 «в» сынып жетекшісі

Божканова Л.Б.



Семей қаласы


© 2010-2022