Бала Тұрар конспект урока литературное чтение (4 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақ 1- сабақ Сабақ өтілетін уақыт: 23.10.2014ж Орны: -кабинет Барлық оқушы саны: 14 Қатысқаны:14
Сілтеме Күнтізбелік жоспар 4 Ә- сынып
Сабақ тақырыбы Бала Тұрар
Жалпы мақсаттар

Оқушыларды әңгімені оқи отырып, Тұрардан жақсы қасиеттерін үйрену. «Жақсыдан үйреніп, жамманнан жиренуге» үйрету.
Оқушыларды ізденіс жұмыстары, топтық жұмыстар арқылы өз беттерімен жұмыс жасау жолдарын дамыту.

Мәтінді түсініп оқуға, талдай алуға баулу.

Түйінді идеялар Оқуға, білімге деген құштарлықты ояту
Оқыту нәтижелері Дұрыс жолдарды таңдап, жаманнан аулақ жүруге үйреніп, оның нәтижесінің зор екендігін түсінеді.
Көрнекіліктер Интербелсенді тақта, суреттер, оқулық, ойынға, тапсырмаларға қажетті қима қағаздар, құралдар.
Дереккөздер

Т.Әбдікәрімова, С. Рахметова, Б. Қабатаева Әдебиеттік оқу, 4-сынып.- Алматы: «Атамұра» , 2011ж

Сабақ барысы Әдіс-тәсілдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау(формативті, суммативті)
Сабақ кезеңдері

1-кезең: 10 мин. Қызығушылықты ояту:

«Табиғат мінезі» жаттығуы

«Топқа бөліну»

-сәлемдеседі, түгендейді, сабаққа даярлықтарын тексереді;Көздерін жұму арқылы табиғатта жүргендей, табиғат мінезін сезінеді.
Әр түрлі түсті, әр түрлі пішінді фигуралар арқылы, фигураға қарап емес, түсіне қарап, топқа бөлінеді.
-оқушылар амандасады, бір-біріне алақан арқылы жұптасып тұрып, табиғат құбылыстарын келтіре отырып, жаттығу жасайды; - Кезекпен фигуралар таңдау арқылы топтарға бөлінеді. 3 топ болады. №1 жазылған фигураны таңдаған бала топ жетекшісі болады. Топ ережелерін айтады. Топ жетекшісіне бағалау парағы беріліп, жұмыс істеу барысы түсіндіріледі. Ынталандыру, қол шапалақтау.


2-кезең: 18 мин. Мағынаны тану:




«Ресми дерек»

Теориялық блок

Мәтінмен жұмыс

Топтарға ситуациялық тапсырмалар


-белсенді тақтада тақырыпқа сай флипчарттар көрсетіледі, ой тастайды, тақырыпты анықтау мақсатында түрткі сұрақтар қояды;

Мәтінді абзацтарға бөліп, әр топқа қай абзацқа дейін оқу керектігін хабарлайды.

1-топ. Сілтеме табушылар. (Мәтіндегі негізгі ойды анықтап тұрған, оқиғаның ең қызықты жерін тауып оқиды.)
2-топ. Кейіпкерлерді сипаттаушы. (Әр кейіпкерді танып, сипаттайды.)
3-топ. Ізденушілер. (Мәтінге қатысты қосымша ақпарат ұсынады.)


Суретті көреді, өз ойларын айтады, сұрақтарға жауап береді, тақырыпты анықтайды.
-Әр топ өздеріне берілген абзацты оқып, мәтінді оқып, мазмұнын бір- біріне айтып береді. Тізбектей айту барысында бір-бірін бі сөйлемнен жалғастырады. Берілген тапсырманы орындап, топтан бір оқушы шығып қорғайды Топ жауаптарын тыңдау
«Бас бармақ» арқылы топтардың өзара бағалауы. Табыс критериі бойынша топ басшысының бағалауы.
3-кезең: 10 мин. Ой- тол,ау

«Сыр сандық» стратегиясы




«Сыр сандық стратегиясын түсіндіреді. Сұраққа жауап іздеп, дайындалуға, ақылдасуға уақыт береді.

1.Бүгінгі мәтіннен есте қалған 10 заттың атын жазу.
2.Осы аталған заттардың ішінен саған қатты ұнаған үшеуін белгілеп, солар туралы толығырақ мәлімет жазу

Оқушылардың арнайы қателерді бағалауы.

Төреші топтың бағасы.
Сергіту сәті

Белсенді тақтамен

Белсенді тақтамен бірге жасауды айтады

Әр түрлі жануарлардың істеген қимылдарын музыка ырғағымен қайталайды.

Жақсы, дұрыс жасағандарды, керісінше жасағандарды талдау
Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы) 2 мин.

-оқушылар назарын 7- тапсырмаға аударту; -мәтінді мазмұндауға беру Сабақты қорытындылау Оқушылармен бірге өлең жолдарын айта отырып, бір-бірлеріне жылу тарату -тапсырманы күнделікке жазып алу.
Рефлексия 5 мин. Бас бармақ әдісі «Екі жұлдыз, бір тілек» Бас бармақ, «Екі жұлдыз, бір тілек», әдісін түсіндіру
Бас бармақ арқылы бүгінгі сабақтан түсінгендеймін, түсінемін, түсінбедім деп бармақпен көрсету Өз пікірлерін, сабақ бойынша ойларын әр топтан бір адам айтып өтеді. Өз-өздерін бағалау. Топ жетекшісінің сабақ барасы бойындағы бағаларды жинақтай келе қорытынды бағасы Мұғалімнің жиынтық бағасы.



«№16 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Әдебиеттік оқу.

Бала Тұрар

(Қысқа мерзімді сабақ жоспары)

4 - сынып

Бастауыш сынып мұғалімі: Ш.О.Иксанова.









Риддер қаласы

2014-2015 ж



© 2010-2022