Тәрбие сағаты Тақырыбы: Туған жерім тамаша (1-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: " Туған жерім тамаша"

Мақсаты: Оқушының еліне, жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Өлең тақпақтар арқала сөздік қорын молайту.

Көрнекіліктер: Туған жерім тамаша суреттер, ту, елтаңба суреттері, киіз үй макеті, қамшы.

Не мақсатта өтетіні туралы айту.

Онкүндік туралы, республтка күні екенін айту.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Кіріспе

  • Біз қайда тұрамыз?

  • Ауылымыз қалай аталады?

  • Табиғатымыз қандай?

  • Саған өз ауылың ұнайма?

Аяна:

Туған жер алтын бесінім,

Тербеттің мені төсіңде,

Жүреді сенің есімің

Мәңгі бақи есімде!

  • Несімен ұнайды?

  • Ауылда нелер бар?

Еңлік: "Қошақаным " әні

Сергіту сәті

Қолға қамшы аламын

Атқа мініп шабамын.

Құрық сілтеп асауға

Мен атамдай боламын.

  • Ауылымызда тағы не бар?

-Аңдар

  • Қандай аңдар бар?

  • Аңдар туралы қандай ән білеміз?

Өзінше ноян,

Қорқақ не? (қоян)

Ұлдар тобы: "Сұр қоян" әні

Жанель:

Біздің осы жеріміз туралы тақпақ айтады.

Қазақ жері сәніміз

Мәуесі мол бағымыз.

Саясында жетілер.

Балдай болашағымыз.

  • Біздің еліміз кімдердің жері екен?

-Қазақ

  • ұлтымыз ше?

-Қазақ

  • Біздің Республикамыз қалай аталады?

-Қазақстан

  • Астанамыз ше?

  • Астана қаласын көргендерің барма?

  • Елбасымыз кім?

  • Қандай рәміздеріміз бар?

Елтаңба, Ту, әнұран өз ойларын онкүндікпен айтқызу, толықтыру.

Еңлік:

Сәлем берім саған елім

Тау бесігім туған жерім.

Сәлем бердім бәріңізге.

Қазақ тілі дегендердің!

  • Біз қай тілде сөйлейміз?

Біздің еліміз кең байтақ /картамен түсіндіру

Дильназ:

Отанды біз атамекен

Деп аялап айтамыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамызбен атамыз

Нұрғасыр:

Отанды жас кәрімізде,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені оны бәрімізде

Туып өмір сүреміз.

Әлішер:

Отанды әркім анасындай,

Қастерлейді қолдайды.

Өйткені Отан баласындай.

Бізді асырап қолдайды.

Еңлік:

Ақжайық Алтай арасы.

Қазақстан шалқар даласы.

Республикама қарашы!

Әсем:

Жерінің дәмі маржандай

Қырманы асқар таулардай.

Республикама қарашы!

Эльдар:

Шолсаңда биік аспаннан

Жарқырар кеңі тастардан.

Республикама карашы!

Аманат:

Шырқаған сайын үдеген,

Әндері көкті тіреген

Республикама карашы!

Ерзат:

Астана арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып.

Мен үлкен болғанда да.

Науан:

Төкті оған нұрын дала.

Астана сұлу қала,

Біз оны анамыздай,

Сүйеміз шынында да.

Алтынай:

Жүректе сақтап атын.

Жүретін салтанатын.

Астана биігіміз.

Биіктер күнге жақын.

Нұрай:

Көгінде күн нұрын төккен.

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем.

Осы менің туған өлкен.

-Елімізде, жерімізде кең байтақ. Осы елді одан әрі көркейтетін біздер, яғни сендер. Ендеше, деніміз сау, білімді болуымыз керек. Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек? Білімді боу үшін ше?

"Бұл не " әні

Жанель, Еңлік, Дильназ.

Сергіту сәті.

Ауа райы

Жаңбыр жауды, саусақтарымен тырсылдатады.

Күн бұлттанды жұмады.

Күн шықты алақандарын ашады, қозғайды.

Ендеше Аспанымыз арқашан ашық болсын, деніміз сау болсын, Отанымыз тыныш болсын!

Хормен:

Қазақстан ел жоқ сенен асатын,

Біз боламыз саған үлес қосатын.

Алға, алға,

Қазақ елі жасасын!

"Бала тілегі " әнімен аяқтау.



© 2010-2022