1-сыныптың бейнелеу өнері сабағына арналған күнтізбелік сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бейнелеу өнері

Сабақ тақырыбы: Кескіндеме деген не? Сабақ мақсаты: 1. Бояу түстері туралы түсінік берну. 2. Бейнелеу өнеріне қажетті бояулар олардың сыры жайлы әңгімелеу. 3. Мектепте, үйде ұқыпты бола білуге, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақ түрі: Жаңа сабақ Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: суреттер, бейнелеу құралдар. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ І. Ұйымдастыру кезеңі:- Оқушыларды сабаққа даярлау - Оқу құралдарын түгендеу. ІІ. Жаңа материалды үйренуге дайындық кезеңі: 1. Жылы түстер дегеніміз не? Өзің жылы деп есептейтін түстерді ата? 2. Бояу түсінің гаммасы дегне не? 3. Суық түстер деп қандай түстерді атаймыз?

  1. Суық түстер гаммасын деген не?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру, қабылдау кезеңі:

- Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы: Суретші қолданылатын бояу түрлері деп аталады.

  • Кескіндемеші суретші әр түрлі бояулармен жұмыс істейді. Әзірше біз өзіміз сурет салатын акварель және гуашь бояуымен танысамыз.
  • Акварель - суда еритін мөлдір бояу.
  • Қарашы, бояу астынан қарындаштың ізі анық көрініп тұр.
  • Гуашь - суда еритін қоймалжың бояу.
  • Қылқалам - кескіндемеші - суретшінің қолындағы ең басты құрал. Қылқаламмен жұмыс істеудің көптеген тәсілдері бар. Қылқалам түстерін із дақ деп атайды. Дақтар алуан түрлі болып келеді. Суреттегі дақтарды салыстыр.
ІV. Жаңа материалды түсінгенін тексеру кезеңі :
  • Бояу түсі көрерменге көп жайды аңғартады.
  • Мына суретке зер сала қарашы.
  • Суретте жылдың қай мезгілдері бейнеленген? Қыс, көктем, жаз және күз мезгңлдеріне қандай бояу түстерінің гаммасы жатады?
А.Э.Кросс.Лаванда пейзажы «Саябақтағы күз» жұмысын суреттеп бер. Суретші жұмысында қандай түстерді падаланған?
  • Суретте жылдың қай мезгілдері бейнеленген? Қыс, көктем, жаз және күз мезгңлдеріне қандай бояу түстерінің гаммасы жатады?
А. Қаспақ. із Суретші жұмысында қандай түстерді падаланған? V. Жаңа материалды бекіту және оқушылар білімін бағалау кезеңі: Белгілі орыс суретшісі Федор Васильевтің «Ылғалды көкшалғын» атты картинасына мұқият зер салып қарайық. Суретші ауа райының қандай құбылысын бейнелеген? Толық суреттеп бер. VI. Үйге тапсырма беру,бағалау: Бейнелеу өнеріне қажетті құрал жабдықтарды түгендеп алып келу.


© 2010-2022