Сабақтың тақырыбы: Қаншада ? Нешеде ?

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қаншада ? Нешеде ?

Білімдік : Есептік сан есімдерді қайталап , Қаншада ?Нешеде? сұрақтарды , сан есімдерді тілдік қатынаста қолдана білуді үйрету. Отбасы мүшелерін қайталау.

Дамытушылық: тіл дамыту, ойлау сөйлеу қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: тілге деген қызығушылықтарын арттыру. Ұқыптылыққа , мұқияттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа материалды оқыту.

Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, баяндау, топтастыру, салыстыру, ролдік

ойын, диалог т.б. СТО стратегиялары.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, үлестірмелі парақтар,

суреттер,оқулық

Сабақ барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа қатысымын, даярлықтарын тексеру.

ә) Үй тапсырмасын тексеру.

Сандық диктант

Алдын-ала жаңа сабаққа қатысты сөздер берілген, сандарды,есте сақтау ескерілді. Бұл үй тапсырмасын (сандық диктанты)мұғалім төмендегідей тексереді: а) әр оқушының алдына кеспе қағазы таратылады;

Ә) 2-3 минут ішінде оқушылар қазақша сөздерді орысшаға,орысша сөздерді қазақшаға аударып, кеспе қағазын толтырып, мұғалімге тапсырады.

Сандық диктанты:

88, 63, 155, 89, 126, 36,15.

б) Жаңа тақырып

I.Мотивациялық кезең. Қызығушылықты ояту.

Интерактив тақтадағы Сөзжұмбақты шешіп жаңа тақырыпқа шығу.





1. 10

2. 2

3. 3

4. 50

5. тетрадь

6. 7
Қаншада? Нешеде?

Оқушылар осы тақырып аясында қазақ тілінде сөйлейдіСөз жұмбақ не туралы екенін айтады, тақырыпқа шығады, сабақтың мақсаттарын айтады.

Сабақтың басында әр оқушыға бағалау парағы тапсырылады. Оған бірінші топ мүшелері ақылдасып, баға қойып отырады, ал оқушы сабақтың соңында ғана сабаққа қатысуына қарай өзін бағалайды.

Балалар өздері пробдемалық сұрақ қояды.

-Біз қаншада? Нешеде? Сұрақтарын кай кезде қоямыз?

Қаншада? Нешеде? -во сколько ? сколько(лет) ?

Бағалау парағы: Холманских Илья

Мақсаты: Сабақ барысында бірін-бірі әділетті түрде бағалауды дамыту және сабақтың соңында өзін -өзі бағалау.

Мәтін

Өлең

Сұрақ-жауап

Диалог

Тапсырма

Өзін-өзі бағалау

Мұғалім бағасы

Топтың бағалауы

II.Операциялық кезең. Мағынаны тану

Кестемен жұмыс.

Оқушыларға, әр партаға кесте таратылады.(жұппен жұмыс)

Қанша? Неше?

Қаншада? Нешеде ?

17

17-де

29

29-да

32

32-де

44

44-те

56

56-да

63

63-те

71

71-де

88

88-де

95

95-те

Сөзтіркес, сөйлем құрастыру.

Оқулықпен жұмыс.

Оқылым : 1-33 бет. Сандарды оқы.

Сергіту сәті:

Бір үйде біз нешеүміз?

Кел, санайық екеуіміз.

Бас бармағым әкем,

Балаң үйрек шешем,

Ортаң терек ағам,

Шылдыр шүмек мен,

Титтей бөбек сен.

Бір үйде біз нешеүміз?

Бір үйде біз бесеуміз

Жазылым: 3-жаттығу.Кімнің жасы нешеде? Цифрды сөзбен жаз.

3. Диалог құру. Интерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап бере отырып, өзара сөйлеседі.Топтың ішіндегі жұптар бір -бірімен сөйлеседі, сосын жұптарымен алмасады. Топ сайлаған жұп тақтаға шығып диалогтарын айтып береді.

Сенің атың кім?

Сенің жасың нешеде?

Сен нешіңші сыныпта оқисың?

Сен сағат нешеде тұрасың?

Сен мектепке нешеде келесің?

Бірінші сабақ нешеде басталады?

Алтыншы сабақ нешеде аяқталады?

Сен үйге нешеде қайтасың?

4. Грамматикалық тапсырма.Тәуелдік жалғауды қайталау. Тәуелдік жалғауларын сәйкестіреді.Интерактивтік тақтадағы кестеден дәптерге көшіріп орындайды.Бір оқушы тақтада орындайды. Кілт арқылы тексереді.

Менің

Туған күнің

Біздің

Туған күніңіз

Оның

Туған күнім

Сенің

Туған күніміз

Сіздің

Туған күні

5. Санамақты оқып шешуін тап. Санамақ интерактив тақтада бар.

Аудиомен бірге балалар мәнерлеп , дауыстап оқиды.

Санамақ

Талдан ұшты топ торғай ,

Емес бірақ көп торғай.

Алдында оның бастаушы ,

Артында төртеу - қостаушы.

Ойын жүйрік болса егер ,

Торғай нешеу , есепкер?

Сөздік:

топ -группа қостаушы - завершающий

Бірақ -однако жүйрік - быстрый

Бастаушы - ведущий есепкер -математик

Егер -если тал -дерево

Санамақты балалар дәптерге жазады. Сөздерді сөздікке жазады.

Сөздермен сөзтіркестерді , сөйлемдерді құрастыру.

III.Ой толғау. Рефлексия. Сұрақ-жауап арқылы. Әр балаға сұрақ таратылады. Олар бірден жауап береді.

Сен нешедесің?

Нешеде мектепке келесің?

Алтыншы сабақ нешеде аяқталады?

Сен сағат нешеде тұрасың?

Бірінші сабақ нешеде басаталады?

Үйге тапсырма: Сандарды жатқа білу.Отбасы мүшелерінің -Кімнің жасы нешеде ? сұрағы бойынша диалог құр.

Бағалау. Бағалау парағына өздеріне және бір-біріне баға қойып, мұғалімге тапсырады.

Мәтін

Өлең

Сұрақ-жауап

Диалог

Тапсырма

Өзін-өзі бағалау

Мұғалім бағасы

Топтың бағалауы


Қанша? Неше?

Қаншада? Нешеде ?

17

17-де

29

29-да

32

32-де

44

44-те

56

56-да

63

63-те

71

71-де

88

88-де

95

95-те

Сөзтіркес, сөйлем құрастыру.

Тәуелдік жалғау кілті


Менің

Туған күнім

Біздің

Туған күніміз

Оның

Туған күні

Сенің

Туған күнің

Сіздің

Туған күніңіз

Диалог жасайтын сұрақтары

Сенің атың кім?

Сенің жасың нешеде?

Сен нешіңші сыныпта оқисың?

Сен сағат нешеде тұрасың?

Сен мектепке нешеде келесің?

Бірінші сабақ нешеде басталады?

Алтыншы сабақ нешеде аяқталады?

Сен үйге нешеде қайтасың?

Санамақ

Талдан ұшты топ торғай ,

Емес бірақ көп торғай.

Алдында оның бастаушы ,

Артында төртеу - қостаушы.

Ойын жүйрік болса егер ,

Торғай нешеу , есепкер?

Сөздік:

топ -группа қостаушы - завершающий

Бірақ -однако жүйрік - быстрый

Бастаушы - ведущий есепкер -математик

Егер -если тал -дерево

Интерактив тақтадағы Сөзжұмбақты шешіп жаңа тақырыпқа шығу.





1. 10

2. 2

3. 3

4. 50

5. тетрадь

6. 7


© 2010-2022