Қош келдің, Әз-наурыз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қош келдің, әз - Наурыз!»
Мұғалім: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Бүгін біздің мектепалды даярлық тобында үлкен мереке - Наурыз тойы. Бұл күнді тойлау - қазақ халқының ертеден қалыптасқан қастерлі дәстүрі. Сіздерді Жаңа жылымыз - наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Жанұяларыңызға тыныштық, құт-береке тілейміз! Мұғалім: Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыздың 22 күні Күн мен Түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол тіршілік арқауы - тамақ. Малының қыстан аман шығуы. Оның өсіп-өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам - Жаңа жыл болып саналған.
1-бала Наурыз тойы - салтымыз, Көгерсін деп халқымыз Көшеге тал егеді.
2-бала Баптаймыз, бақ жайнасын, Бақта бұлбұл сайрасын.
3-бала Тыныш болсын даламыз, Таза болсын ауамыз.
4-бала Түгел болсын нуымыз, Тұнық болсын суымыз.
5-бала Қатыгездік жоқ болсын, Ырысымыз көп болсын.

6-бала

Уа, ағайын туысқан
Наурыз күн туды шығыстан
Сол тойға келдік шақырып
Ат терлетіп алыстан

7-бала

Ақ түйе қарны жарылды
Наурызды иім сағынды
Асықтың сен де сол тойға
Барлық жұрт мұнда ағылды
Барлығы: (7 оқушы) Келіңіздер, көріңіздер! Наурыз тойы басталды.
Мұғалім: Күн мен Түн теңелді, Жер шуаққа кенелді. Соны тойлар ел енді.

Би: 2 оқушы «Күн мен Түн» биін билейді.
8-бала Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс басты болсын! Төрт түлік ақты болсын!

9-бала -

Наурыз келді, Наурыз келді ағайын,
Құмарлана құшағымды жаяйын.
Көктем туа күлімсіреп көк аспан,
Әнге толды, күнге толды маңайым.

10-бала -

Ежелгі шығыс елінің,
Аңсаған арман ойы бар.
Тарқайтын жері шерінің
Дәстүрлі Наурыз тойы бар.

11-бала -

Шырқап салған әнімен,
Мерекелік сәнімен,
Топталып, ойнап, қыдырып,
Бөлісіп ішкен дәніміз.

12-бала -

Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Құтты болсын ағайын.
Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Келді біздің Жаңа жыл!

13-бала -

Келді көктем далаға
Келді сұлу шағала
Аспандағы ақ құстар
Ауылымды арала

14-бала -

Көктем қандай көңілді
Көктен жаңбыр төгілді
Мөлдір аспан ашылып
Күннің көзі көрінді

Мұғалім: Сіздерге «Наурыз думан» әнін айтып берейік, қарсы алыңыздар!

Ән: барлығы бірге орындайды. Мұғалім: Ендеше балақандар, менің сендерге қояр бірінші сұрағым - бесік жыры дегенді білесіңдер ме?

15-бала Әрине, білеміз. Кішкентай бөпені бесікте тербетіп, ұйықтатқан кезде айтатын өлеңді бесік жыры дейді. Айналайын баладан, Тауып алдық даладан. Далада бала жата ма, Түсіп қалған шанадан. Шанадан бала түсе ме? Жоғалтып алған бір адам. Біздің бөпе қайда екен? Қыздарменен тауда екен. Тауда неғып жүр екен? Алма теріп жүр екен. Алмасынан қайда екен? Қабы толмай жүр екен. Айналайын ақ бөпем, Сауысқаннан сақ бөпем. Тербетейін жата ғой, Тәтті ұйқыға бата ғой.

Мұғалім:
Наурыздың тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр, аңыз.
Қызып дулы мереке,
Қызық думан құрамыз!
Күн әкелген жыл көрім,
Күллі дүние жайдары.
Желкілдетіп гүлдерін,
Жер анамыз жайнайды.
Наурыз-шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас-кәріміз,
Би билейік бәріміз

Би: «Қара жорға»

Мұғалім: Уа, халайық, халайық! Сахнаның төріне төрт түліктің пірлерін шақырайық. Олардың да сөзін тыңдайық.

16-бала Қой баласы - қоңырым, Қойдан жуас момыным, Шопан ата түлегі - Қошақаным қайдасың? Пұшайт, пұшайт!
17-бала Екі көзі танадай, Екі өркеші баладай, Ойсылқара баласы - Ботақаным қайдасың? Көс - көс!
18-бала Жолға шықсам - көлігім, Жанында жүрсем - серігім, Қамбар ата өсірген, Құлыншағым қайдасың? Құрау - құрау!
19-бала Жауын жауса - бақырған, Ешкі атасын шақырған. Сексек ата түлегі - Лағым менің қайдасың? Шөре - шөре!
20-бала Шаруаның бір пірі - Зеңгі баба, Сиыр берсең, сүтті бер өңкей мама. Кең өрісті шұбыртып, өзің бағым, Кешке жақын қотанға әкеп қама.


Мұғалім: Жарайсыңдар, ботақандарым! Төрт түлік туралы, оларды қалай шақыратынын біледі екенсіңдер. Өнерлерің өрге жүзсін! Ал енді, сендер бөпелеріңді қалай ойнатасыңдар? Соны білгім келеді. Мына бір бөпені ойната қойшы қане?
21-бала Бас бармақ, балалы үйрек, Ортан терек, шылдыр шүмек. Кішкентай бөбек. Қуыр-қуыр, қуырмаш, Балапанға бидай шаш. Тауықтарға тары шаш, Әжең келсе - есік аш, Қасқыр келсе - мықтап бас. Сен тұр - қойыңа бар, Сен тұр - ешкіңе бар, Сен тұр - түйеңе бар, Сен тұр - сиырға бар, Ал сен үйде қал. Мына жерде май бар, Мына жерде сүт бар, Мына жерде құрт бар, Мына жерде түлкі бар, Мына жерде күлкі бар Қытық-қытық!
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, қарақтарым: жаман әдеттен, жаман қылықтардан қашық жүргендерің өте дұрыс.

Мұғалім:
Күн ғой бүгін жарылған,
Ақ түйенің қарыны.
Ақ дастархан жайылған,
Лаулап ошақ жалыны.
Қуант таныс құрбыны,
Бақыт тілеп қол ал да.
Не тілесең бұл күні
Орындалар сол алда.

Ән: «Дастархан»

Мұғалім: Осымен тәрбие сағатымызды батамен аяқтайық.


22-бала Бата қайтарады. Асың - асың асыңа, Береке берсін басыңа. Дастарқаның мол болсын, Қайда барсаң алдыңнан, Жарқыраған жол болсын. Аумин.




© 2010-2022