Сабақтың тақырыбы: 26+30 және 56-30 жағдайларындағы қосу мен азайту

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика

Сабақтың тақырыбы: 26+30 және 56-30 жағдайларындағы қосу мен азайту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ондықтарды ондықтарға қосуды және ондықтардан ондықтарды азайтуды үйрету. Негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру.

Дамытушылық: Екі амалмен шығарылатын есепті енгізуге дайындық жүргізу, ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін дамыту және теңдеуді «сынап көру» тәсілімен шешуді пысықтау.

Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс түрінде.

Көрнекілік: Үлестірмелі дидактикалық материал, қосу, жақшалы өрнек кестелерін пайдалану. Тақырыпқа байланысты «26+30 және 56-30» кестесі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

1. «Ұтыс кімде?» ойыны арқылы есеп шығару.

Ой қозғау.

Қосу мен азайтудың қандай тәсілі орындалғанын түсіндір.

23+2=20+(3+2)

25-2=20+(5-2)

Жаңа сабақ. Қосу және азайту.

1-тапсырма. Түсіндірме мәтінмен жұмыс.

Жолақтарды пайдалана отырып қосу, азайту тәсілдерін орындау.

26+30=56 56-30=26

(20+30)-6=56 (56-30)-6=26

Ондықтарға ондықтарды қосады, ондықтарды ондықтардан азайтады.

2-тапсырма. Түсіндіре отырып шығару.

53+30 83-30 35+40

50 3

3-тапсырма. Математикалық диктант.

Амалдардың орындалу ретін анықтау, өрнектің мәнін табу. Жақшалы өрнекті дұрыс оқу.

20 мен 5-тің қосындысына 60-ты қос.

70 пен 9-дың қосындысынан 40-ты азайт.

60 пен 4-тің қосындысынан 40-ты азайт.

20 мен 2-нің қосындысына 50-ді қос.

4-тапсырма.

Есепті шығару.

Дәулет қарындаштарының екеуін досына берді.

Өзінде ? қарындаш қалды. Дәулеттің неше қарындашы болған еді?

Тапсырманы есепке айналдыр, шығар. Кері есеп құр.

Оқулықпен жұмыс.

Сергіту сәті. «Демалыс» ойыны.

Тал басында тізіліп,

50 алма тұр еді.

Жел соқты да алманың 20-сы үзіліп түсті.

Ізінше оның тағы да,

5 алма үзілді.

Айтыңдаршы, балалар,

Алма ағашта алманың нешеуі қалды?

5-тапсырма. «Сағаттың тілдері қалай орналасуы тиіс?» Ауызша орындалады.

6-тапсырма. 59 бен 63-тің арасындағы сандарды өсу ретімен жаз. Оларды салыстыр. Сандарды ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде жаз.

59, 60, 61, 62, 63

50+9, 60+0, 60+1, 60+2, 60+3

Шығармашылық тапсырма.

Сабақты қорыту: Біз нені білдік? Талқылау.

Электронды оқулықпен жұмыс. Тест.

Үйге тапсырма: №7 түсіндіру.

Бағалау.




© 2010-2022