- Преподавателю
- Начальные классы
- Дүниетану. Ашық сабақтың тақырыбы: Мектеп 4-класс
Дүниетану. Ашық сабақтың тақырыбы: Мектеп 4-класс
Раздел | Начальные классы |
Класс | 4 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Сугиртаева А.К. |
Дата | 22.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
«Ақбөбек» жеке мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Мектеп»
4-класс
Сүгіртаева А.Қ.
2016 жыл
18.02.2016 жыл
4-класс
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Мектеп.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды мұғалімнің қызметімен және мектеп ұжымымен таныстыра отырып, білім ошағының оқушы өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру.
Міндеттері:
1. Мектептің негізгі құрылғыларымен ережелерімен және мұғалімдердің еңбегімен таныстыру.
2. Балалардың мектеп өмірі туралы түсініктерін кеңейту.
3. Ұқыптылыққа, сыйластыққа, бір - бірінің сөздерін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Саяхат.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, проблемалық, іздендіру, көрнекілік әдіс, топтық, талдау - жинақтау әдістері., шығармашылық.
Көрнекілігі: білім мекемелерінің суреттері, инт. тақта, кітапхана, кітап суреттері, тірек сызбалар, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеп сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Баланың ата-ана алдындағы парызы.
-
Мазмұндау.
-
Тест сұрақтары арқылы үй тапсырмасын бекіту:
-
Парыз деген не?
А.Ата-ана алдындағы міндетің.
Ә.Ата-анаңа беретін мал-мүлік.
Б.Ата-анадан алатын қарыз.
-
Жігіттің үш жұртын ата.
А.Өз жұрты,достары,көршісі.
Ә.Өз жұрты,нағашы жұрты,қайын жұрты.
Б.Нағашылары,сыныптастары,көршілері.
-
Қазақта амандасқан кезде не деп айтады?
А.Тамақ іштің бе?
Ә.Қайдан келе жатырсың?
Б.Бала-шағаң аман ба?
-
Мақалдың жалғасын тап: «Ана сүтін ақтамағанды......»
А.Ешкім мақтамайды.
Ә.Ешкім амандаспайды.
Б.Ешкім сыйламайды.
-
«Ана жүрегі» киносын біріміз қарадық. Сондағы жүректің балаға айтқаны.
Айналайын....................................
........................сен жаман.
Ауырған жоқ па...........................
Болғаның жақсы.......................... .
ІІІ. Жаңа сабақ.
96-17-04 номеріне қоңырау шалу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын актуалдап алу. «Мектеп.».
Жаңа тақырыбып тұрғысында оқушылардан сұрау.
білемін
білмеймін
Білгім келеді
«Екінші әріп» ойыны арқылы сабақтың түрін анықтап алу.ФФСФФАФФЯФФХФФАФФТ «Саяхат».
-
«Кітапханаға саяхат». Мектептердің шығу тарихын білесің бе? Ол қашан пайда болды? Орта ғасырларда ма, Түркілердің жерінде ме, Ежелгі Грекия, Римде ме немесе Египетте ме? Ендеше бұл сұрақтарға жауап берейік:
Ерте кездің өзінде жазу үлгісін қалыптастырып, алгебра ережелерін меңгеріп, кез келген саннан түбір шығара алатындай дәрежеге жеткен.«Тақтайшалар үйі» атты мектептері болған. Оқушылар саз балшықтан жасалған тақтайшаларға жазатындықтан, мектептер дәл осылай аталған. Мектеп мұғалімін «уммиа» деп атаған. Оған «аға мырзалар» көмектескен. Яғни, тәртіп пен білімге жауап беретін ұстаздар. Бүгінгі таңда шумерлік балалардың жазып қалдырған тақтайшалары табылып отыр. Осындай тақтайшалардың бірінде оқушы жазған шығармасында ұстазына алғыс айтқан. Осылайша жер бетіндегі ең алғашқы мектептер пайда болған.
Бұдан кейін слайд-шоу арқылы Ы.Алтынсариннің қазақ даласында ашқан мектептері, ең алғашқы мектептің пайда болуы, Англиядағы «Саммер Хил» жеке мектебі, назарбаев атындағы зияткерлік мектебі, «Ақбөбек» жеке мектебі туралы шолу жасалады.
«Дүниетану» бөлмесіне саяхат. Қазіргі таңда қазақ балалары екі түрлі
жағдайдағы мектептерде оқып жатыр. Біріншісі ауыл мектептерінде, ал екіншісі қала мектептерінде. Яғни, ауыл мектептерінде көбіне жер үй
тәріздес бір қабатты мектептер болғандықтан оқушыларына көбіне қауіпсіз.
Ал қала мектептері көп қабатты ғимарат болғандықтан оның
территориялық жағдайына аса мән беріледі. Яғни, мектеп көп көлік жүрмейтін, ауасы жақсы, тыныш, айналасы қоршалған, бала өмірі үшін қауіпсіз, оқшау аудандарға салыну керек.
Мектептер:
Бастауыш мектеп (1-4 кл), орталау мектеп (1-9 кл),
орта мектеп (1-11 кл) болып бөлінеді.
Сіздерге сұрақ: «Ақбөбек» жеке мектебі қандай ауданда, қандай көшеде орналасқан?
«Глобуспен жұмыс» глобустан өзің оқитын мектепті тауып көрші. Мұнда глобусқа алдын ала Қазақстанның картасына оралған «Ақбөбек» жеке мектебінің мекен-жайы жапсырылған. Сонымен қатар басқа да материктер тұсына дәл осындай шиыршық жалаушалар жапсырылған. Балалар жаңылмай Қазақстанды, оның картасын және мекен-жайды тауып, оқып, дәлелдеп беруі керек.
-
«Математика» бөлмесіне саяхат. Тапсырма:
-Мектеп ғимараты пішіні жағынан қандай геометриялық фигураға ұқсайды?
-Өзің отырған бөлменің ауданы мен көлемін қалай табар едің?
«Сандық мәлімет». Әлемнің 43 елінде оқу жылы 1 қаңтардан басталса, 16 елінде наурыз айында басталады. Ал біздің елімізде және 122 елде 1 қыркүйекте басталады екен.
-
«Қазақ тілі» бөлмесіне саяхат. «Бала бастауыш мектепте барлық ілім-
білімді тек өз ана тілінде үйренуі керек.»
Тапсырма: Мақалдың жалғасын тап.
Мектеп........................, Білім............................ .
Мектеп ақылыңа...............................................
Ұстаз.................................................................. .
Сұрақ: Қазақ жерінде ең алғаш мектеп ашқан кім?
Қай аймақтарда ашқан?
-
«Музыка» бөлмесіне саяхат.
Сергіту сәті . «Мектебім» әнін бірге орындау.
5.«Өзін-өзі тану» бөлмесіне саяхат.
Мектеп түрлері
Достық мектебі
Ата-ана мектебі
Өмір мектебі
Білім мектебі
6.«Интернет» бөлмесіне саяхат. «Әлемде талай қызық бар» айдарымен ақпарат алу.
-
-
Ең көп оқушы оқитын мектеп Үндістанда. 28000 мыңға жуық оқушы бар.
- Ең ұзақ оқу Ұлыбританияда болды. Роберт Кронин 52 жыл оқып, 72 жасында оқу бітірген.
- Ең қымбат оқу "Халықаралық бозбала мен бойжеткендердің мектебі". Оқу ақысы бір айға 80 000 мың доллар тұрады.
- Ең ұзақ оқу 56 сағатқа созылған. Биология профессоры өзінің дәрісін оқыған. Бұл 2003 жылы Австралияда болған. -
Ағылшын мектептерінде тек әдеби тіл нормасымен сөйлеуге рұқсат беріледі. Тіпті «сәлем» сөзін айтуға тыйым салынады. Мақсаттары - сөйлеу мәдениетін түзеп, сөздік қорын байыта түсу.
-
7. «Ұстаздар бөлмесі». Сенің алғашқы ұстазың кім?
Оқулықпен жұмыс.
Бөлімге бөле отырып оқытып, талдату.
Ұстаз туралы нақыл сөз.
Өз мектебіңде қандай ұстаздарды жақсы білесіңдер?
8. «Директор» бөлмесіне саяхат.
Директор деген кім?
Біздің директорымыз кім?
Ол қандай қызмет атқарады?
«Ыстық орындық» - директормен сұхбат.
Мектеп бізге не үйретті?
Білімді болуды
Шығармашыл болуды
Тәрбиелі болуды
Олай болса, балалар, бүгін осы тақырыпқа кластағы үздік оқушымыз Тілектесов Мейірханның дайындап келген, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай байланыстырылған «Тәуелсізбін деп жырлайды жүрегім» атты шығармашылық жобасын тыңдауға шақырамын.
ІҮ. Рефлексия.
білдім
үйрендім
жаңалық болды
Ү. Бекіту сұрақтарын беріп сабақты аяқтау.
ҮІ.Үйге тапсырма:
-
«Мектептегі оқиға» тақырыбына әңгіме құрап келу.
-
«Ұстазым» тақырыбына 2 шумақ өлең жазып келу.