Сынып сағаттары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар- тәрбие бастауы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ұлттық ойындар жайлы түсінік беру. Жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың атқаратын рөлін анықтау. Ұлттық ойындардың түрлері мен мазмұндарын ашу. Ойындарды орынды пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық белсенділігінің дамуына, өздігінен жұмыс істеу арқылы өз білімін қалыптасты- руға дағдыландыру. Олардың ой-өрісін жан-жақты логикалық ойлану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлттық ойындар арқылы оқушыларды зеректілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, бейне фильм, тақия, арқан, ормал, асықтар, таяқ, теңгелер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сабақтың тақырыбын хабарлау.
II. Негізгі бөлім 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Қазақ халқының ертеден қалыптасқан, атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойындар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен. Ұлттық ойындар балаға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке баулуға бағытталған екен. Ұлт ойындары- ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті өмірде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеудің пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашады, оның шығармашылық қабілетін дамытады.
2. Слайд көрсету- «Ұлттық ойындардың түрлері»
3. Оқушылардан жауап алу
- Ұлттық ойындарды қандай түрлерге бөлер едіңдер?
Малға байланысты: «Соқыртеке», «Ақсерек-көксерек»
Түрлі заттармен байланысты: «Алтыбақан», «Асық», «Ақсүйек»
Ептілікке байланысты: Жарыс, Көкпар,Білектесу т.б.
Ой-өрісін дамытуға: «Тоғызқұмалақ»
Балалармен «Соқыр теке» ойнын ойнау.
Балалармен ойнайды,
Ойнап жүріп ол бала
Кеудеге ақыл ойлайды.
1-сайыс: Әр команда өздерін таныстырады.
1-топ: «Тұлпар»
2-топ: «Қыран»
2 - сайыс: «Жамбы ату»
Бұл сайыс мергендер сайысы. Үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Жамбыны атып түсірген адам жүлдеге ие болады.Үлкен тойларда жаяу немесе ат үстінен сырық басындағы теңгені атып түсіру.Ойыншы садақ жебесін нысанаға әрі тез дәл тигізу керек.Біздің ойыншыларымыз ілулі тұрған теңгені көздеп атады. Жебесі дәл тиген жағдайда ұпайға ие болады.
3 - сайыс: «Аударыспақ» Халық арасында кеңінен тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін Өте көне дәуірден келе жатқан қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. «Аударыспақ» ол -қазақ халқының -бірі аттан аударып тастауға тырысады.
Екі топтан 4 оқушы шығып осы аударыспақ ойынын көрсетеді. Қай топ жеңсе сол топқа ұпай қосылады.
4 - сайыс: «Теңге алу» жүргізуші ортаға бос бөтелке қойып, бөтелкенің аузына ақша тығып қояды. Шығатын адам бөтелкеден он адымдай қашықтықта тұрып, ұзындығы 50-70 см таяқтың бір ұшын жерге тіреп, екінші ұшына маңдайын қойып, сол тұрған орнында басын алмай он рет айналып болып, бойын ұстап шайқалмай, теңселмей барып бөтелкенің аузындағы ақшаны алуы керек. Егер орта жолда тәлтіректеп кетсе, ойыннан шығады әрі айып төлейді. Айып мөлшері бөтелкенің аузында тұған ақшаның мөлшерінен кем болмауы керек. Келесі адам шыққанда да сөйтеді.
5 - сайыс: «Асық ойыны».Бұл ойынның шарты тегіс жерге төрт бұрышты сызық сызады.Сол төрт бұрышты ортасынан тең екіге бөледі. 1х1, 5м. Мөлшерде. Асық ататын орын белгілейді.
Ойыншы асықты дәл тигізіп сызықтан шығарса, оны алады да, сақа түскен жерден қайта атады. Егер оның сақасы асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады.
Ал енді сайыскерлерімізбен асық ату ойынын бастаймыз. Оқушыларымызға ойынның шарты түсінікті болды. Әр топ қанша асық атып алса, сонша ұпайға ие болады.
6 - сайыс: «Білектесу». Сайысымыздың келесі бөлімі «Білектесу» деп


V. Жеңімпаздарды марапаттау.

VI. Сабақты қорытындылау.
Мәңгі толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы
Құрметті оқушылар, ата-аналар, қонақтар. Бүгінгі ашық сабағымызды аяқтамас бұрын батыр, жазушы, кемеңгер Бауыржан Момышұлының ұлттық ойындар жайлы айтқан цитатасымен аяқтағым келеді:
« Асық, жасырынбақ, жарыс, күрес, ақсүйек ойнау - жастарды ептілікке, шеберлікке, айлакерлікке, мергендікке, ширақтылыққа, табандылыққа тәрбиелейді »


Сараптама

Ойында оқушылар өздерінің белсенділіктерін көрсете білді. Әсіресе топ белсенділері Ұлпан мен Айдын өз шеберліктерін ойында көрсетті.Оқушылар ұлттық ойынның мәнін терең түсініп, күнделікті ойында басқа оқушылармен ойнауға өз ұсыныстарын білдірді.Сабақ өз деңгейінде өте қызықты өтті.







Тақырыбы: «Менің жұлдызды сәтім».

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, шапшандықтарын,
тапқырлықтарын, есте сақтау мүмкіндіктерін, өз білімін көрсете білу
танымдығын, сөздік қорының барлығын өз ара ат салыса жарыста көр-
сете білуін дағдыландыру.Өзін-өзі достарының алдында көрсетуіне ба
ғыт беру.Қазақ тіліне құрмет сезімін тәрбиелеу.

Барысы:

Ойынымызды бастамас бұрын, ойынның өту барысымен таныстырып өтейін.
Ойын бес турдан тұрады. Егер кімде-кім сұраққа жауап беруге дайын болса, алдындағы таяқшаларды көтереді.
Жауабы дұрыс болса,жұлдызшылар беріліп отырылады. Ең соңында жұлдызшасы көп екі оқушы мәреге шығады. Ал енді дайын болсақ, ойынымызды бастайық. I-тур.
«Артық сөзді тап» деп аталады. Мұнда мен заттарды атаймын, сендер соның ішінен сол затқа сәйкес емес заттың атын, яғни артық сөзді табасыңдар. Кім бұрын тапса, таяқшаны көрсетеді. 1. Оқушының оқу құралдары: сызғыш, қалам, оқулық, өшіргіш, қасық, дәптер, күнделік. 2. Қыстап қалатын құстар: кептер, торғай, сауысқан, үйрек, суықторғай. 3. Үнді дауыссыз дыбыстар: л, н, ң, м, р, б, й. 4. Жеті күнді ата: дүйсенбі, сейсенбі, сәуір, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. 5.Төрт түлік мал: жылқы, сиыр, түйе, ешкі, елік, қой, шошқа, ит, мысық. 6.Жемістер қатары: сәбіз, қияр, қызанақ, пияз, сарымсақ, картоп, алма, қызылша, бұрыш, бұршақ. 7.Уақыт бірліктері: сағат, минут, секунд, литр, апта, тәулік, ғасыр, ай, жыл. 8.Кісінің аты: Марат, Ринат, Ертіс, Айнара, Наргиз, Гаухар. II -тур.

Тек бітеу буыннан құралған сөзді тап:
• айран, ас, қала, сызғыш, балық
• шеше, әпке, қарындас, қарбыз, жаттығу
• елтаңба, мемлекет, пәндер, домбыра, әке
• ермексаз, көйлек, суретші, әңгіме, ту
• мамандық, наубайхана,тұрғындар, аспаз, ән
• достасу, ақылды, зерек, адалдық,тапқыр
• саябақ, көрме, мектеп, әуежай, театр III-тур.

Берілген сөйлемдерден мәтін құрастыру.
Әр қатысушыға бетке жазылған сөйлемдер беріледі. Мағынасына қарай сөйлемдерді рет-ретімен қойып, шыққан мәтінді оқып беру қажет.Тапсырма берілген уақыт аралығында орындалады.

IV-тур.

«Кім ең жылдам оқиды?»
Қатысушыларға мәтіндер беріледі. Әрқайсысы кезекпен берілген 1 минутта қанша сөз оқып шығытандары анықталады. Оқығанда сөз саны ғана емес, сонымен қатар әріптердің дұрыс, қатесіз оқылуы, мәнерлеп оқулары ескеріледі.

V-тур.

«Сөз құра, тез құра» деп аталады.
Мұнда бір ұзақ сөзден жеке-жеке сөздер құрау керек. Егер кім көп құраса, сол женімпаз атанады.
«Шаңсорғыш» деген сөз.

Мәре

Мәреге шыққан екі оқушыға «Менің отбасым» тақырыбына сұхбат береді.

Қорытындылау.
Ойынға қатысқан барлық оқушыларға сыйлықтар беріледі.Женімпаз оқушыға мадақтама беріледі.


Сараптама

Менің жұлдызды сәтім зияткерлік ойыны өз деңгейінде өтті. Оқушылар өз белсенділіктерін, тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын көрсетті.Сынып белсенділері Сәндібек Ерхан, Қуандық Айдын, Сәрсенова Ақкүміс сияқты оқушылар өз білгірліктерін топ алдында анық көрсетті. Осындай ойында көп болса деген пікірлерін айтты.






Сабақтың тақырыбы: Спорт сүйер ұланбыз

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың денсаулығын нығайту, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту.

Құрал жабдықтар: Ысқырық,доп,қап,орындықтар,арқан т.б.

Мұғалім: Қайырлы күн,құрметті спорт сүйер қауым!Бүгін сіздер спорттық ойынына қатысқалы отырған 4 а сынып оқушылары мен ата-аналардың өнерін тамашағалы отырсыздар.

Ал енді спорт заңы бойынша қазылар алқасымен таныстырып өтемін:

Жанұялар отыр сынға түскелі,

Сыналмақшы ептілік пен күштері.

Әрбірінің жігер-күші жалындап

Жеңіс сәтін тағат таппай күткені.

Спорт десе таза біздің арымыз,

Жалындайды сайысқанда жанымыз.

Сайысатын ағаларды бүгінгі,

Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.

Ортаға:

№ 1.

№ 2.

№ 3.

Әр жанұя өзін таныстырады да,төрдегі арнайы орынға барып тұрады.

Мұғалім: Ойын 6 турдан тұрады.

1.Жылдамдыққа жүгіру

2.Ракеткамен алып жүру

3.Қол күрес ( әкесі)

4.Иық күресі (баласы)

5. Көп болып жүгіру

6.Арқан тартыс.

Негізгі бөлім

1. Жылдамдыққа жүгіру

Команда бөлініп 10-15 метрдей қашықтықта тұрған жарға қолын тигізіп қайтып келеді,ойын кезекпен жалға береді.

2.Ракеткамен алып жүру

Ойынға үш команда бір уақытта қатыса алады.Олар сөре сызығының жанында бір бағытқа қарап лек сап түзеп тұрады.Мұғалімнің белгі берісімен ракеткамен шарикті түсірмей ұрып 10-15 м жерден айналып келеді,белгі (жалауша) қойылады.

3.Қол күрес ( әкесі).

Үш топтын әкелері ортаға шығып үстелге отырып екі-екіден қол күрестіреді кезектесіп.

4.Иық күресі (баласы)

Ортада шеңбер ішінде бір аяқтарын көтеріп ыйықтарынымен бір-бірін шеңбердін ішіен шығарады,бірінші шығып кеткен жеңілген болып есептеледі,ойын кезекпен жалғаса береді.

5.Көп болып жүгіру

Ойынға командалар бір уақытта қатыса алады Олар сөре сызығының жанында бір бағытқа қарап лек түзеп тұрады.Әр команданың сөре сызығынан 10-15 м қашық жерде айналып кері қайтатын белгі қойылады.

Белгі берілгеннен кейін командалардың ең алдында тұрған бір-бір ойыншысы жүгірген күйі қойылған белгіні айналып өтіп,өз командасына оралады да,озінен кейінгі ойыншының қолынан ұстайды.Енді олар қол ұстасқан күйі бірге жүгіріп,белгіні айналып өтіп,тағы да өз командасына оралады.

6.Арқан тартыс

Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан дайындалады.Арқанның қызыл мата байланған жерін еденге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді.Команда екі топқа бөлініп,арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады.Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екікоманда арқанды екі жаққа тартады.Ойынның мақсаты екі команданың бір ойыншысы ортадағы сызықтан өз жағынан тартып шығару.Ортанғы сызықтан өтіп кеткен ойыншының командасы жеңіледі.

Ал,құрметті спорт сүйер қауым,бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары да анықталды.

Қортынды сөзді беру.

Құттықтау.

Сыйлықтарын тапсыру.



Сараптама

Спорттық ойында оқушылар өз шеберліктерін көрсете білді. Ойын барысында Бақытжан, Азамат, Гүлназ, Ұлжан тағы басқа оқушылар өз белсенділіктерін көрсетті. Спорттың адам денсаулығына әсерін түсініп, оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйренді. Ойын қызықты, тартымды өтті.





Тақырыбы: «Әк е - отбасы тірегі »
Мақсаты:Әке мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
Отбасындағы әке орнын,рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу; Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу. Мақал-мәтел, өнегелі сөздер арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
Барысы: Сайыс сабаққа әкелер мен балалар қатысады.
Отқа түстің, суға түстің мен үшін,
Енді міне бағың берді жемісін.
Бала қыран шыңға шықса бұл күнде,
Бұның бәрі ӘКЕ сенің жемісің!
Анашымды отырғызып қасыңа,
Той берейін салып алақаныма.
Ей, адамдар, шүкіршілік етіңдер
Бұл өмірде әкелердің барына.
Тек,Әкелер, сендер ғана лайықсың
Хан сарайы, патша тағына!-деп отырып бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда әкенің алатын орны жайлы әңгімелесіп,әке мен бала арасындағы тәрбие қатынастарына байланысты отбасылық тәлімгерлік сайысымызды бастаймыз. Машықтану барысында ойларыңызды ашық айтып, белсенді қатысып отырыңыздар.
1.Кіріспе.
Әке-жарық дүниедегі ең жақын адамның бірі. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қастерлеп, қадірлеу кез келген баланың перзенттік борышы. Әкесіз бала-жетім. Әке- асқар шың, бақыттың алтын бағы. Әке- баланың тірегі, лүпілдеген жүрегі, ойындағы санасы, өмірдегі панасы.Ол бала үшін барын аямайды, аялап тәрбиелейді, болашағына үнемі бағыт-бағдар беріп отырады. Халық ер адамды сыйлай білмесе тексіз деп атайды. Әке отбасының асыраушысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Бала мен әке ынтымағы болмаған жерде әке жылуы сезілмейді.Ер бала әкесімен сырлас, жолдас,дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. «Бір бала бар-атаға жете туады, бір бала бар-кері кете туады» деген тұжырымға сай баланың қандай болмағына негіз қалайтын әкенің өзі.
Ертеде бір қария қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
-Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,-депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:
-Балам, анау не?-деп сұрапты.
-Ол түйе,-деп жауап беріпті.Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Баласы әлгі жауабын тағы қайталапты.Әкесі үшінші рет сұрағанда баласы:
-Ол түйе, түйе! Өзім шаршап келе жатқанда қайта-қайта неге сұрай бересің?-деп ренжіпті. Сонда әкесі:
-Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір»,-деген екен.
Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу-айрықша парыз. «Әкеге бағыну-Аллаға бағыну.Әкенің адал күшін ақтау-өз болашағыңды сақтау.Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп,бағып-қағатын болады.
Бүгін міне ардақты әкелеріміз келіп отыр.Енді осы әкелермен балалар арасындағы сайыс сабағымызды бастайық.

І кезең: «Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер» таныстыру кезеңіне кезек берелік.Әр отбасы өздерін қысқаша таныстырып өтеді.

2 кезең: «Халық тәлімі-тәрбие бастауы»
1.Әкелерге сұрақ:
1. «Әке көрген оқ жонар» дейді ғой,ал сіз ұлыңызға қандай тәрбие, үлгі көрсетудесіз?
2. «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады,сол ақ қағаздың үстіне шимайды қалай салсаң, солай түседі. Бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, солай тәрбиеленеді» деген екен, Жан-Жак Руссо. Балаңыз қалай тәрбиеленуде?
3.Тіршілік болғаннан кейін шаруа көп. Алайда оның ішінде әсіресе, аналарымыз тыным таппай жатады. Осындай кезде, қызыңыздың оқуын кім қадағалап отырады?
4. «Баланың тілі- бал» дейді ғой, қызыңыздың кішкентай бүлдіршін кезіндегі қылығы есіңізде ме?
5.Сіз жұмысқа кеткен кезде қызыңыз негізінен көп уақытын анасымен өткізеді. Сол кездерде сіздің «әтттеген-ай» деген кездеріңіз болған жоқ па?
6.Ұлы ғалым, философ Әбу-Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Қазіргі кезде бала тәрбиесімен аналар айналысып жүр, әке мен бала арасындағы қарым қатынас күрделеніп,баяулап қалған сияқты. Себебі, отбасын асырап жүрген әке бала тәрбиесімен жиі айналыса қоймайды.Ал сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңыз қандай?
2.Балаларға сұрақ:
1.Сен әкеңді мақтан тұта аласың ба? Әлде ол жайлы ештеңе айта алмайсың ба?
2.Сабақтан келген соң қандай іспен шұғылданасың?
3.Сен өзіңнің бойыңдағы өнерді айта аласың ба?
4.Үлкендер әңгімелесіп отырғанда сенде әңгімеге кірісіп кетесің бе?
5.Ата-анаңды қалай сыйлайсың?
6.Ата-анаңның еңбегін қалай ақтайсың?

Мысал:Бір адам ұлы ұстазға келіп былай депті: «Мен құдайды шын беріліп сүйгім келеді, маған осы жолды көрсетіңізші», Ұстаз одан: «Сен бір әйелді немесе баланы беріліп сүйіп көрдің бе ?» деп сұрайды. Бұл мені қызықтырмайды, маған құдайға барар жолды көрсетіңіз,-дейді әлгі адам. Сол жерде ұстаз еңкілдеп жылап: «Бұл жол сен үшін жабық. Сен әуелі әйелді сүюге тиіссің.Бұл алғашқы баспалдақ. Құдай сенің жолыңдағы соңғы саты. Сен болсаң алғашқы баспалдақты баспай тұрып, ең биік сатыға шықпақ боласың. Әйел, бала сүю кез келген істің алғашқы сатысы»-деген екен.
-Иә, олай болса, біздің ең басты міндетіміз-әйел затын аялай білу. Балаға деген мейіріміміңіздің ояна білуі.
3 кезең: «Әке көрген оқ жонар,Әкесіне тапсырма:
1.Баласына таспа өріп көрсетеді. (таспа)
2.Домбыраға тиек жасайды (ағаш, пышақ)
3.Баласына тақия жасап береді (қағаз,желім,қайшы,үкі,қарындаш, степлер)
4.Салат жасау (свекла,сәбіз,мойенез,шпрот,картоп)
5.Шашқа тағатын шолпы жасап көрсету (шолпы,лента,шеге,балға)
6.Шаш өріп беру (тарақ,бантик)

4 кезең:Білімсізден жаман жоқ
Туған соң адам боп
Ел дәстүрін білмесең
Жұрт айтады надан деп - «Ата салтым - асыл мұрам» кезеңін бастаймыз.Әр отбасының балалары келіп қоржыннан нөмерленген асықтарды алып әкелерімен бірлесіп сұраққа жауап береді.Сұрақтар салт-дәстүрге байланысты болады.
1.Отау көтеру дәстүрлері: қыз көші, беташар, шаңырақ көтеру
2.Тәрбие дәстүрлері: бесікке салу, алтыбақан
3.Отбасы, тұрмыс дәстүрлері: дастарқанға бата беру, бәйге,отпен аластау
4.Еңбек дәстүрі: аңшылық, сонар
5.Ислам тағылымы: құрбан шалу
6.Қаза ғұрыптары: дұға оқу, жоқтау

5 кезең:Ұлағатты ұлттық ұғымдар
(Бұл кезеңде халықтың кие тұтқан сандарының құпиясын ашамыз,әкелер мен балалар бірлесіп жауап бере алады)
1) 3 саны Үш жүз. Үш жұрт.Үш асыл.Үш даусыз
Ұш жүз-Ұлы,Орта,Кіші
Үш жұрт-Өз жұрты (ағайын), Нағашы жұрты,Қайын жұрты.
Үш асыл-Көз, тіл,көңіл
Үш даусыз-Мінез,кәрілік,ажал.

2) 4 саны Төрт тұлға. Төрт маусым. Төрт құбыла. Төрт жау.
Төрт тұлға-От,су,жел,жер
Төрт маусым-Көктем, жаз,қыс,күз
Төрт құбыла-Шығыс,Оңтүстік,Батыс,Солтүстік
Төрт жау-тебеген болса биең-жау,күнде келсе күйеу-жау,тіл алмаса ұлың- жау, арсыз болса қызың-жау.

3) 5 саны Бес парыз.Бес асыл.Бес қатер.Бес қару.
Бес парыз-намаз оқу,ораза тұту, қайыр садақа беру,қажыға бару, иманды болу.
Бес асыл- Талап, еңбек,ой,қанағат, сөз
Бес қатер-От,жау, борыш,ауру, сөз.
Бес қару-Садақ, мылтық,найза,қылыш,айбалта.

4) 6 саны Алты алаш.Алты игілік. Алты асқар.Алты амал.
Алты алаш-қазақ,қарақалпақ,өзбек,түрікмен,қырғыз,ноғай.
Алты игілік-Денсаулық,қазына,дос,әйел(жар),білім, бала(ұрпақ)
Алты асқар-ақыл,білім,жомарттық,әділдік,шыншылдық,кеңпейіл
Алты амал-күннің тоқырауы,қарашаның қайтуы,үркердің батуы, мұздың қатуы,киіктің матауы, тоқсанның кіруі.

5) 7 саны Жеті ата. Жеті жұт.Жеті күн. Жеті қазына.
Жеті ата-ата,әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене
Жеті жұт-құрғақшылық,жұт(малқырылу), өрт,оба(ауру),соғыс, топан су,зіл-зала (жер сілкіну)
Жеті күн-бүгін, ертең, бүрсүгіні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн,апта
Жеті қазына-Ер жігіт,сұлу әйел,ақыл-білім,жүйрік ат,қыран бүркіт,берен мылтық,жүйрік тазы.

6) 3,4,5,7 саны Үш би.Төрт түлік.Бес кесепат.Жеті ғалам.
Үш би-Төле би,Қаз дауысты Қазбек,Әйтеке би
Төрт түлік-Түйе пірі ойсылқара,жылқы пірі қамбар ата, сиыр пірі зеңгі баба,қой пірі-шопан ата,ешкі пірі-шекшек ата.
Бес кесапат*-салақ,олақ,содыр,ұрлық,қорқақ
Жеті ғалам-шығыс,батыс, оңтүстік, солтүстік,аспан(жоғарғы ғалам), жер (орта ғалам), жер асты(төменгі ғалам)

5кезең: «Сіз балаңызды жақсы білесіз бе»
1.Балаңыздың туған күні?
2.Балаңыздың аяқ киім өлшемі?
3.Балаңыздың парталас көршісі?
4.Кеше сабақтан қандай баға алды?
5.Баланың сүйікті асы қандай?
6.Балаңыздың сүйікті түсі?
7.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
8.Балаңызға қандай еркелететін сөз айтасыз?
9.Балаңыздың ең жақын досы?
10.Балаңыздың сүйікті пәні?
6кезең: «Аяқталмаған сөйлемдер» әкелеріне қойылады.
Егер;
-Баланы үнемі сынай берсе, ол........(жек көруді) үйренеді.
-Бала ызақорлықта өмір сүрсе, ол............(агрессивті болуға) үйренеді
-Баланы кемсіте берсе, ол.............(кінәлі сезіммен өмір сүруге) үйренеді
-Баланы қолдап отырса, ол.............(өзін бағалауға) үйренеді
-Баланы келемеждей берсе,ол..........(тұйық болуға) үйренеді
-Баланы мақтай берсе,ол...........(өзімшілдікке,өркөкіректікке)үй-ді
7кезең: «Мақалды жалғастыр» балаларымен ойналады..
1. «Ата-ананың ақылы қазулы қара жолмен тең.
2. Әке жолы-ұлына мақтаныш,Ананың аялы алақаны-қызына сағыныш.
3. Сүтпен біткен,сүйекпен кетеді.
4. Баланың жақсысы- қызық,жаманы -күйік.
5. Әке- асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ.
6. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,атадан тағлым алмаған ұл жаман.
8кезең. «Өнерлі өрге жүзер»Балалары өнерлерін көрсетеді.
9кезең: «Жақсы сөз жарым ырыс» бір-біріне жақсы,мейірімді сөз немесе тілек айту.әкелеріне тақпақ айтып өз қолөнерлерімен жасалған сыйлықтарын береді.

Қорытынды:

Шешесін ұқпайтын
Әкеден ықпайтын
Ұл болмайды.
Шешеге тартпайтын,
Әкеге жүк артпайтын
Қыз болмайды-деп тегін айтпаған.Оларды жақсы тәрбиелеп,өнегелі еңбекке баулып,еліне пайдалы азамат етіп өсіру-сіздердің абзал борыштарыңыз.Ертеме,кешпе сіздің тәрбие беру жолындағы еңбегіңіз белгілі бір табыстарға жеткізері сөзсіз.
Өсіріп баптап баласын
Әкелер әркез «Жарайсың»
Бар өнерін үйреткен
Оздырған да жүйріктен
Әке- деген ардақты ат.
Меніңәкелерге тілегім:
Қыстай суық денсаулық.
Жаздай ыстық махаббат
Күздей шат көңіл,
Көктемдей күліп жүре беріңіздер.Бүгінгі тәрбие сағатымызға уақыттарыңызды бөліп, бала деп келгендеріңізге көптен-көп алғыс айтамын.
Бүгінгі сайысқа қатысқан отбасыларына Үлгілі отбасы,Өнерлі отбасы,Алғыр отбасы,Ынтымақты отбасы,Иманды отбасы ,Шебер отбасы деген атақтар мен мақтау қағаздары беріледі.

Сараптама

Бұл сайысқа Сыздықов Қуаныш , Мукаев Қуандық, Шпанов Дархан, Тойкенов Амангелді, Хамзин Еркін, Жауынбай Нұрлан отбасылары қатысып, өз балаларымен ұлттық тәрбие туралы мағлұматты кеңінен түсіне білді.Сайыста өз өнерлерін көрсетіп, белсене ат салысты. Келген ата-аналарға алғыс айтылып, марапатталды.Оқушыларға тәттілер берілді.




Сабақтың тақырыбы: Кітап - досың, ақылшың.

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Кітаптың адам өміріндегі орны туралы

түсінік беру.

Дамытушылық. Кітапқа деген оқушылардың

қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәнерін

дамыту.

Тәрбиелік. Оқушыларды кітапты сүюге баулу,

кітапты күтіп ұстау ережелерін білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ертеңгілік

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу,

Сабақтың көрнекілігі: балалар әдебиетінен кітап көрмесі, ертегілер әлеміне саяхат

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

ІІ. Жаңа сабақ. Оқушыларды сабақ түрімен және мақсатымен таныстыру.

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздерде ертегілер әлеміне саяхат жасау сабағы өтеді. Бүгін біздер үшін айрықша күн. Бүгін сендер, яғни, мектеп кітапханасына жазылмаған балалар, оқырман болып қабылданасыңдар. Мектеп кітапханасына қонаққа қош келдіңіздер!

Кітапхана сөзінің мағынасы нені білдіреді?Ол араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген мағынаны білдіреді.

Білесің бе кітап білім ұясын,

Келесің мұнда, өмірге азық жиясың.

Оқып біліп, зерттеп көріп санаңа

Терең білім, ой маржанын құясың.

Дейді ойшылдар «Кітап - білім бұлағы»,

Кітапхана- сол кітаптар тұрағы.

Көп үйреніп, көп оқыған баланың

Анық тағы білімпаз боп шығары.

Кітаптар кітапханада тек қана сақталмайды, олар мұнда өмір сүреді және өздерінің оқырмандарына қонаққа барады.

Сондықтан олардың іші пыспасын десеңдер оқуға алған кітапты мерзімді уақытында қайтару керек. Өйткені оларды басқа балалар да тосады.

Кітап - ол ең жақын дос, егер сен оны шынымен жақсы көрсең.

Аяулым:

Қуан кітап, қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста мұңды жүрек түңдігін.

Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың,

Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

О, кітап, бас иемін мәртебеңе,

Игілік қазынасың бар адамға.

Сен берер игіліктің есебі жоқ,

Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?

Ерхан:

Адамның досы кітап - өмір кілті,

Тең емес оған жиған мүлкің,

Ақылшы жанға серік,

Ақыл - ой қазынасы, өмір көркі.

Ал сендер кітаппен дос болғыларың келе ме?

Оны қазір байқап көреміз. Бүгін біз сендермен әр түрлі ойындар түрлері арқылы Кітап кейіпкерлерінтабамыз, кітапты күтіп ұстау ережесімен танысамыз.(төмендегі суреттермен таныстыру)

Сендер келгенше бізде қонақтар болды. Қане, олар кімдер екен?

Кебіс кімдікі? (ханшайымдікі)

Себеттегі самса (қызыл телпек)

Жыртық шапан (Алдар көсе)

Кілт (буратино)

Хат (Хат тасушы Печкин)

Жарайсыңдар, бірақ, балалар, біз көп қонақ шақырғанбыз, олар неге келмей жатыр екен? (есік қағылады) Ол кім екен?

Хат тасушы атай: Бұл мен, хат тасушы атаймын, сізге жедел хат әкелдім.

Мұғалім: Олай болса, оқиық, кімнен екен?

Қане, балалар, сендер маған көмектесіп жіберіңдер?

1. Мерекеге келе алмаймын, менің таныс атайым жоғалып кетті, мен оны табуым керек. (Андерсен ертегісіндегі Герда)

2. Мерекеге сондай барғым келді, бірақ Африкадағы жануарлар ауырып қалды, соларға барамын. (Айболит)

3. Келгім ақ келеді, бірақ пеш тартпай қалды. (Жалқау Емеля)

Олардың келе алмағаны өкінішті. Ал, енді ертегілерді шешуге қалайсыңдар?

1. Орман жанында

Үшеуі бір үйдетұрады.

Үш төсек, үш жастық,

Қане, олар кімдер? (үш аю)

2. Ұшып келіп батпаққа түсті

Батпақта оны ұстап алды.

Кім жасыл қабыршақты шешіп,

Бір сәтте сұлу ханшайымға айналды? (патшайым бақа)

3. Қаймаққа иленген,

Терезеде суытылған,

Сап-сары домаланған. (бауырсақ)

4. Жерден аспанға ұшу үшін

Оған үлкен сыпыртқы керек. (мыстан кемпір)

Жарайсыңдар! Ертегі кейіпкерлерін сендер жақсы білесіңдер. Мына өлең жолдары қай ертегіден екен?

Жол алыс,

Ал себет ауыр,

Отырамын түбірге самсаны жеп. (Маша мен аю)

Шал кемпірге оралды:

Кемпірде жаңа астау. (балықшы мен алтын балық)

Тартамын, тартамын,

Тіпті де жұла алмаймын. (қызылша)

Гүлназ:

Енді өздерің кітап оқу үшін келдіңдер. Кітапты не үшін оқиды?

Кітапхана - кітаптардың ордасы,

Білсең кітап - нағыз жолбасшы.

Ал, білімің - кітап нағыз,

Қанып ішсең сусыныңды қандырады.

Кітап - ұстаз,

Кітап - үйретуші.

Кітап - нағыз дос, жолдас,

Ақылы бұлақ көзіндей еш азаймас.

Балалар, сендердің қолдарында кітапхананың қандай кітаптары бар? Еске түсірейікші. (оқулықтар)

Нариман:

Ал, олар қандай күйде?

Жыл бойы кітап иесі

Оқиды, өзіңе бірдеңе белгілейді.

Көктемде кітап өткізерде

Ол бәрін айтып қояды,

Оның не жазып қойғанын.

1-кітап, Аяулым: Қалың қалай, кітабым?

2-кітап, Бақытжан:

Ой, мен сыныптың алдында ұяттымын, Менің қожайыным сыртқы қабымды жұлып алды! Онымен қоймай беттерімді де жұлып алды. Одан қайық, ұшақ жасады. Ал, сен бүтінсің бе?

1-кітап, Аяулым:

Сенің халің маған таныс. Менің оқушым қол жумай сабаққа отырған емес, беттерімде де бір сызық жоқғ тап-таза. Мен оны қалай болса солай емес, тек беске оқуға үйретемін.

2-кітап, Бақытжан:Ал менің оқушым үшке әрең ілігеді, тіпті екілік те алады. Ой, мен сынып алдында ұяттымын.

Екі кітап қосылып:

Кітап та алма ағашы

Жемісін бізге беретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін.

- Балалар, қай оқулықты қолдарыңа алып оқығыларың келеді?

Сендерден кейін осы оқулықтарды басқалары пайдалана алуы үшін сендер кітап нені жақсы көретінін білулерің керек.

Ойын «Иә-жоқ». Егер келіссеңдер иә, келіспесеңдер жоқ дейсіңдер.

Кітап нені сүйеді?

Кітап бауы «иә», Қар не жаңбыр «жоқ», Кір қолды «жоқ», Ұқыптап ұстауды «иә», Еркелеткенді «иә», Қуырған жұмыртқаны «жоқ», Еденде жатқанды «жоқ», Таза қолды «иә», Төбелескенді «жоқ», Кітап сөресінде тұруды «иә», Білгіш оқушыларды «иә».

Кітапхананың тұрақты оқырмандары бізді кітапты пайдалану ережесімен таныстырып өтсе;

1. Кітапты тек таза қолмен алуға болады.

2. Беттерін қатты басуға болмайды, одан кітап парғы түсіп қалады.

3. Кітаптың арасына дәптер, қалам салуға болмайды, одан мұқаба бүлінеді.

4. Кітапты бүктеме, кітап баулығын пайдалан.

5. Тамақ ішкенде кітап оқымау керек.

6. Кітап бетіне қалам не қарындашпен сызуға болмайды.

Ал, оқушылар сендер кітаптапрмен дос болғыларың келе ме?

Ұлпан:

Ойшылдар мен білімпаздар мекені

Бәріне аяң кітапхана екені.

Кітаппенен дос болуға баулитын

Кітапханашы мұнда қызмет етеді.

Айдын:

Өмір мәні өнер менен білімде,

Құштар болсаң көп құмартып білуге.

Қарсы алып сәні дәйім күлімдеп,

Жөнін айтып, жол нұсқайды білімге.

Осы кезде кітапханашы Дамира:

1. Кім мәңгілікке кітапхананың нағыз досы?

2. Кім көп кітап оқыған, бірақ ештеңе де тоқымаған?

3. Кім екен жыл бойы оқулығын ұқыпты ұстаған?

4. Достар, кім айтады кітапты жыртып, былғамау керектігін?

5. Кітапқа қарап есінеп, тек суретін ғана көретін оқушыны кім дейміз?

6. Дұшпанын жерге қаратып, кітаптан білім алатын кім?

7. Айтар екен кім тақпақ пен ертек сүйетін?

Жарайсыңдар, сендер кітапхананың оқырманы болуға лайықтысыңдар, кітап біздің досымыз, өмірлік ұстазымыз.

Елдос:

Білім сүйсең, кел күн сайын осында,

Кітап сенің айналады досыңа.

Талаптансаң үйренуге құмартып,

Келгін, жас дос, ізденейік қосыла.

Қорытынды:

Сараптама:

Оқушылар кітап туралы көптеген мағлұмат ала отырып, оларды көп оқуға күтіп ұстауға әдеттенуге үйренді.Сыныптағы Ерхан, Ұлпан, Айдын, Алтынбек сияқты оқушылар кітапты көп оқитындықтарын көрсете білді. Осы балалардан үлгі ала отырып, алдағы уақытта әдебиеттік әртүрлі жанрдағы кітаптарды алып оқуға уәде берді. Кітапханашы апайға оқушылар өз тілектерін білдірді.





Тақырыбы: Бала құқығы - асыл қазына.

Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту,әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, кітап көрмесі, ҚР Конституциясы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Мақсатымыз, білім алу

Міндетіміз, еңбектену

Әр оқушы өз құқығын білу,

Оны өмірде пайдалану.

Мұғалім сөзі: Балалар, заң дегеніміз - қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз мына біздер.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция - бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Ән-ұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу - біздің парызымыз» - деген.

Конституция - елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.

2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.

Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.

1 - маусым

Балаларды қорғаудың халықаралық күні

20 - қараша

Балалардың дүниежүзілік күні

10 - желтоқсан

Адам құқығы күні

Көрініс: Елдос пен Ерханнның партаға таласуы.

Сұрақ: Елдос пен Ерханнның арасындағы дауды сендер қалай шешкен болар едіңдер?

(Оқушылар ойын тыңдау)

Сұрақ: Сендерге бала құқығының қандай түрлері таныс?

-Мен мектепке баруға,оқуға,хайуанаттар бағына баруға еркіндігім бар.

-Мен қыста сырғанауға,ойнауға, сурет салуға,бестік баға алуға құқықтымын.

-Мен демалуға құқықтымын.

-Мен ауырып қалсам,дәрігер шақыруға,емханада жатып емделуге құқығым бар.

-Мен өз елімнің еркін азаматы болуға,мектепке баруға,өз ойымды ашық өз тілімде айтуға құқығым бар.

-Өзіме ұнайтын спорт түрімен шұғылдануға,серуендеуге құқығым бар.

-Мен дүкенге баруға,ұнайтын киімдер сатып алуға құқықтымын.

-Ойнауға,туыстарыма қыдыруға құқығым бар.

Көріп отырсыздар, 2 сынып оқушылары өз азаматтығы жайында көп біледі екен.Олар мұны кітаптан емес,өмір тіршілігіне нені істеуге болатынына,неге рұқсат етілгеніне қарап біледі.

Балалар күнделікті өздері қолданып жүрген құқықтары жайында айтып отыр.

«Менің құқығым бар» деген сөзден не ұғасыңдар?

-Менің өз кітабымды алып,оны оқуға құқығым бар.Маған ешкім тыйым сала алмайды. Мен басқаларды ренжітпей.тек жақсылық істеуге құқықтымын.

-Ең бірінші мен өмір сүруге,оқуға,дем алуға,қыдыруға құқықтымын.

-«Менің құқығым бар» сөзінен міндетті түрде емес,бірақ өз қалауым бойынша не істесем де еркім өзімде дегенді түсінемін.

-Тек жақсы істерді істеуге құқықтымын,жаман істерді істеуге құқығым жоқ деп түсінемін.

«Не істеуге болмайды?»

-Үлкендердің алдынан кесіп ………..

-Кішкене баланы …………

- Қыз баланы …………..

-Сабақтан ………………………

- Сыныпта …………………….

- Дөрекі, былапыт сөздерді ………………….

«Не істеу керек?»

-Үлкен кісіні …………………………..( сыйлау керек)

- Үлкеннің ……………………………..( тілін алу крек)

- Үлкендерге ………………………….( сәлем беру керек)

- Кішілерге ………………………………….( қамқорлық жасау керек)

- Аналарды, апаларды ………………….( сыйлау керек)

- Оқу құралдарын ………………………( күтіп ұстау керек)

«Жағдаят шешу».

1) Ерасыл сабақта болғанда анасы оның бөлмесін жинап жүріп, қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады.

Ерасылдың қандай құқығы бұзылды?

2) Асқардың үйдегі інісін қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы сабаққа жібермеді.

Асқардың қандай құқығы бұзылды, - деп ойлайсыңдар?

3) Әсел мен Айжан дос еді. Әсел жақсы оқитын. Ал, Айжан нашарлау оқитын. Бір күні екеуі ренжісіп қалды. Әсел Айжанды екіліксің деп, - келеке етті. Айжанның қандай құқығы бұзылды?

Балалар, жағдаят барысында қандай мәселені қозғадық?

Қорытынды:

Сараптама:

Оқушылар өздерінің құқықтары туралы пікірлерін айтты. Әр оқушы неге құқықты екенін, оны қалай орындайтындарын айтып, жаман әдеттен аулақ болуға, жақсы әдетке жақын болуға уәде берді. Жағдаятты шешуде ұтымды да ұғымды пікір айтты.





Фурманов жалпы ота білім беретін мектебі









Тәрбие сағаты

Ұлттық ойындар- тәрбие бастауыТақырыбы:









Өткізген: Ахметова Б.Н











2013-2014 оқу жылы

Фурманов жалпы ота білім беретін мектебі









Тәрбие сағаты

Менің жұлдызды сәтімТақырыбы:



Өткізген: Ахметова Б.Н











2013-2014 оқу жылы

Фурманов жалпы ота білім беретін мектебі









Тәрбие сағаты

Спорт сүйер ұланбызТақырыбы:





Өткізген: Ахметова Б.Н









2013-2014 оқу жылы

Фурманов жалпы ота білім беретін мектебі









Тәрбие сағаты

«Әк е - отбасы тірегі»Тақырыбы:









Өткізген: Ахметова Б.Н











2013-2014 оқу жылы

Фурманов жалпы ота білім беретін мектебі





Кітап - досың, ақылшың.Тәрбие сағаты

Тақырыбы:



Өткізген: Ахметова Б.Н











2013-2014 оқу жылы

Фурманов жалпы ота білім беретін мектебі









Тәрбие сағаты

Бала құқығы - асыл қазына.Тақырыбы:



Өткізген: Ахметова Б.Н











2013-2014 оқу жылы





© 2010-2022