«Қош бол, сүйікті Әліппем !» 1 Ғ сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті Әліппем !»

Мақсаты:

Оқушылардың сауатын ашу барысында олардың білім және іскерлік пен дағды дәрежелерін жетілдіріп, олардың оқу мен жазуға қызығушылығын арттыру арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту.

Құрметті қауым, қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін үлкен мереке Ғылым бастауы - сауатымызды ашқан әліппені бітіріп қоштасу кешіне келіп отырсыздар. Біздің оқушылар жаңа әліппені бастап, жарты жылда аяқтап отыр.Бұл кітап баршамыздың ,болашағымыздың сауатты азаматтарының білім шыңына жетелейтін аса бір қымбатты құрал.

1 «Д» сыныптарының сіздерге дайындаған шағын диофильмдерін ұсынамыз.(компьютердің көмегімен слайд көру)

Ән орындалады. «Ертегілер, ертегілер»

Ғажайып түс көрдім,

Таң ата мен бүгін

Ертегі әлемінің

Қызығында жүрдім,

Нұрына шомылдым бүгін.

Жұлдыз айы көркем

Әдемі еді неткен

Құстары сөйлейді

Бұлттары тербейді

Мен оянып кеттім, әттең

Қ-сы

Ертегілер, ертегілер

Неге мені ертпедіңдер!

Әлемдеріңнің

Ғажап күйін шертпедіңдер, сендер.

-Мені неге тойға шақырмайсыңдар? Ендеше, тойда жоқ, ойында жоқ сендерге сүф-сүф!

( тау тұра қалады)

Таусоғар:

-Таусоғар, таусоғар көмектесші.

-Жарайды, көмектесейін. Сендер маған мына мәтіндерді оқып беріңдер.

1- мәтін Ине.

Әжемнің көзі жақсы көрмейді. Ол инеге жіпті сабақтай алмайды. Инеге жіпті мен сабақтап беремін. Әжем мені «Сен менің жарығымсың, көзімсің» деп жақсы көреді.

2-мәтін

Үкі .

Үкі- пайдалы құс. Оның көзі үлкен, қауырсыны әдемі. Үкі Қазақстанның таулы жерлерінде жиі кездеседі. Бұрынғы уақытта үкі қауырсынын сәндік үшін қыздардың бас киіміне таққан.

3-мәтін

Іні.

Менің інім бар.Ол әлі кішкентай. Мен оны жақсы көремін. Ініме киімдерін киюді үйретемін. Ол әріптерді танымайды. Мен ініме әріптерді ірі етіп жазып көрсетемін.

4-мәтін

Шаш өру.

Алуа шаш өруді әжесінен үйренді. Оның өрулі шашы өзіне жарасады. Енді Алуа бұрымын өзі өре алады. Оған бантикті де өзі байлап, мектепке сәнденіп келеді.

5-мәтін

Күріш ору.

Күріш ору науқаны басталды. Елдің бәрі күріш оруға кетті. Менің ағам күрішші. Ол да күріш оруға барады.

Күріш- ел байлығы.

Таусоғар:

Рахмет, балалар! Мен сендерге ризамын. Ауп!

Рахмет, Таусоғар!

Мыстан кемпір:

-Ай, мына балалар ма? Сендерге не істесем екен ? Болмайды! Болдырмаймын! Тойлатпаймын! Сүф-сүф

(Алдарына көл тұра қалады.)

-Көлтаусар, Көлтаусар! Көмектесші бізге!

Көлтаусар:

-Жарайды, көмектесейін. Бірақ, сендер маған мына мысалдарды шығарып беріңдер.

7+3= 8-5= 7-4=

9+1= 10-9= 4+3=

7-5= 8-3= 9-3=

4+3= 6+4= 9-2=

-Жарайды, жаман емес. Енді, сендер маған мына есептерді шығарып беріңдер.

1-есеп.

Аулада он бала ойнап жүр еді. Оның үшеуі үйіне қайтты. Неше бала қалды?

( жеті)

2-есеп.

Сыныпта бес бала отыр еді. Тағы екі бала келді. Барлығы неше бала болды?

(жеті)

3-есеп.

Менде алты кітап бар еді. Оның екеуін досыма бердім. Менде неше кітап қалды?

( төрт)

4- есеп.

Алуада бес доп , Асылда екі доп, Назымда үш доп бар. Барлығы неше доп бар?

( он)

5- есеп.

Менде он алма бар еді. Оның екеуін Айдарға, біреуін Дарханға, үшеуін Мақсатқа бердім. Менде неше алма қалды?

( төрт)

-Рахмет, балалар! Мен сендерге көмектесейін. Ү-ү-ү-үп!

-Рахмет, Көлтаусар!

Мыстан кемпір:

-А-а-аай! Кешіріңдерші, балалар! Мен енді жамандық істемеймін. Мені де тойға шақырыңдаршы!

Мұғалім:

Балалар кешіреміз бе?

Иә, кешірейік.

Ендеше, тойымызды бастайық.

«Әліппе» әні шырқалады.

Әліппе,әліппе

Алғашқы әріптен

«Ана» деп қазір біз

Жазуға әзірміз

Әліппе,әліппе

Екінші әріптен

«Бала» деп қазір біз

Жазуға әзірміз

Әліппе,әліппе

Талай бір әріптен

«Отан» деп қазір біз

Жазуға әзірміз

-Іші толған әріпке

Білімнен жарық не?

Болашаққа жол салған -ол сүйікті Әліппе

Олай болса, балалар, Әліппені ортаға шақырайық.

Әліппе:

-Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Қане келе қойыңдар,

Мұнда ғажап ойын бар.

«Әріптермен танысу»

Деген қызық тойың бар.

Қане , қайда әріптер?

Бәрін бері алып кел

Айтып шықсын түр-түсін,

Сен оларды танып көр.

Жүргізуші:

Ал жыбырды тастайық.

Аузымызды ашпайық.

Тұрған мына қасқайып,

Басқы әріптен бастайық

А Атаны бар атамның

Арбасы бар атаның

Алма тиеп арбаға

Мен арбакеш атандым.

Т Тұлпарлардың тұяғы

Таудың тасын қияды

Түзде туған тарпаңдар

Түзге ғана сияды.

П Піл отырса партада

Паравоз оны тарта ма?

Ал екеуі бас қосса ,

Олардан жүк арта ма?

Ғ Ғарыш-ғалым тұрағы,

Ғажап оның ғұмыры

Ғимараттың үстінде

Ғарышкерлер тұады.

Р Рауан таңын даланың,

Райхан гүлін қаланың,

Радиодан күн сайын

Әнге қосқан баламын

Л Лақ жатыр көгенде

Ләйлек отыр шегенде.

Енді білдік лашынды,

Оқтай ұшқыр дегенді

У Усойқыда уыт бар,

Киіз үйде уық бар.

Уыз болса қай үйде

Сонда жақын-жуықтар.

Ш Шалғы қолға алдым да,

Шөп шаптым мен шалғында.

Шабақ, шортан көлде көп,

Шағалада бар мұнда.

Й Йогурт-тағам тамаша,

Йод жақ -жараң қанаса.

О От басында көп дау бар

Ойлы сөзге тоқтау бар.

Отау толған ойыншық,

Орақ, ожау, оқтаулар.

Қ Қойға шаппқан қасқырды

Ағам әбден састырды.

Қақпасыз -ақ қамшымен,

Қасқайтып кеп басқа ұрды.

Д Доңыз нуда өреді,

Дүлділ-бізге керегі.

Дуадақты түздегі,

Дүрбіменен көреді.

М Мияулаған қамыста

Мәулен саған таныс па?

Мысық туыс мәлінге,

Мәлін туыс барысқа.

Б Боз бетеге , боз бүрген

Боз далада боз інген .

Бауырында ботасы

Балдай сүтін емізген.

«Әліппе» әні

Хат жазам апама

Хат жазам атама

Ертегі оқимын

Кестені тоқимын

Қ-сы

Әліппем менің

Әліппем менің

Үйретің ғой көп нәрсе

Білімге аттандық

Оқыдық хат танып

Әліппем өзіңе

Қарызбын өмірде

С Суырлы тау етегі,

Сұңқар самғап өтеді.

Сұлу көлде сұқсыр көп,

Сазаны да жетеді.

Ы Ыдыс-аяқ жуылды,

Маса-шыбын қуылды.

Ырғай сапты қамшы алып,

Атам белін буынды.

Ж Жылан жылжып барады,

Жағалтай көкке қарады.

Жапырақ жайған жас жейде

Желегін желмен тарады.

Ұ Ұлы тауға бардың ба?

Таудың сырын алдың ба

Ұлар ұшып, құр қонған

Не бір ғажап бар мұнда!

Ң Жаңбыр- жаңбыр жау тағы

Жайқалсын раң таудағы.

Жыңғыл, шеңгел ойдағы,

Жайқалсын жеміс баудағы.

Е Елеңдеген елікті ,

Атам алып келіпті.

Ешкі менен есекке,

Тапты сөйтіп серікті.

К Көбелек- гүл көкке өрлеп,

Қуанады көктем кеп.

Көгершін жүр аспанда

Көк шәйідей көкпенбек.

І Інім менің інгеннің,

Ізін оңай айырар.

Алысқа ұзап кеткенін,

Іңір түспей қайырар.

И Иен көлде инелік,

Инелікке тимелік.

Ит жүйрігі- құмай да

Икемді құс ителгі.

З Зер салдың ба өмірде,

Зеңгір деген негрлер.

Зеңбіректің оғындай

Зымырайды зебрлер.

Ү Үлпілдеген үкісі,

Үкі деген -түн құсы.

Үйрек ,тауық- бәрі де,

Үй құсының құндысы.

Г Гүлді алаңда тынықтым,

Гантельменен шынықтым.

Болмасам да ,Геркулес

Болам мықты!

Соны ұқтым.

Ю Әжем салған оюға,

Түсе қапты аю да.

Х Хан талапай жаңаша,

Хоккей деген тамаша!

Хат жазамын ағама,

Отырып ап оңаша.

Н Науат жейсің несіне?

Нан ғой ұлы несібе.

Нар сыйладық сол үшін

Наубайхана иесіне.

Хор «Әліппем»

Әліппем сен маған

Ана болып

Сауат аш өс дедің

Адам болып

Қ-сы:

Үміт қиялымсың

Биік шынарымсың

Тұңғыш шырағымсың

Білгіш мұғалімсің

Саналы бола ма

Оқымаған

Жазудың бәрін мен

Оқи алам

Көп екен Әліппем

Ғаламатың

Енді мен жаза алам

Бабам атын

Барлығын танытып

әріптердің

Білімге даңғыл жол

Салып бердің

Әліппе:

-Балалар, мен сендердің білімдеріңе ризамын, қырық екі әріпті жақсы меңгеріп, тақпақты жақсы айттыңдар, әнді нақышына келтіре орындадыңдар. Енді, сендерді Ана тілі кітабымен таныстырайын. Мен келесі мектептің оқушылары тосып отыр. Сау болыңдар!

Ана тілі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Енді, мен сендерге ақын- жазушылардың шығармалары мен таныстыратын боламын.

Ақыл, ойда білімде

Туған ана тілінде

Ана тілсіз ұғылмас

Ауа да, жер, күніде.

Ойын « Кім жылдам?»

Сурет аяқтау.

Ойын « Сөз жалғастыр»

Арман, Нар, Радио, Орақ, Қасық...

Мерекелік той-думан :

Мың бұралып билейді,

Сыныбымыздың сәні

Қарсы алыңыздар халайық

Алдарыңызда шығыс биі

Успанова Данара «Шығыс» биі

Әсем сазды әнімен

Күлімдеген сәнімен

Қарсы алыңыздар

Мукашева Еркежан « Айналайын» әнімен

Ұл -қыздары ерекше

Жақынбыз біз өнерге

Алдарыңызда «Қазақ» биі

Әуелесін әніміз,

Жарқырасын көңіліміз

«Жазда апамның аулында» Медешова Гүлнұр

Келбетімен көрікті

Ортамызға келіпті

Келесі би кезегі

Аманжолова Айнура «Өзбек» биі

Жүргізуші:

-Балалар, «Батамен ел көгереді,

Жаңбырмен жер көгереді» дейді дана халқымыз. Ендеше, сендерге ақ жол тілеп, білім жолындағы сапарларыңа сәттілік тілеп Ақ әжемізден бата сұрайық!

«Иә, құдайым қолдасын

Жорытқанда жол болсын

Сапарларың оң болсын

Білімдерің мол болсын

Ұлым болсын ұлықты

Қызым болсын қылықты

Аумин!»



© 2010-2022