Қош, сүйікті Әліппем! (ашық тәрбие сағаты)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Қош,сүйікті Әліппем!»

Мақсаты:Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау;өз өнерлерін ата-аналарға көрсету,эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу.

Білімділік:Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін. Тиянақтау.Өнерлерін тамашалау.Білімдерінің артып,сөз байлығының молайып,саналарының өскендерін көрсету.

Дамытушылық:Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін,қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.

Тәрбиелілік:Отанын,мектебін,ұстаздарын,ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу,өзін-өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп,қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Интерактивті тақта,шарлар, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының макеті.

1. Ассалаумағалейкум, халайық !

  1. Армысындар құрметті қонақтар: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз .Себебі алғаш сауатымызды ашқан ,жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз .

Көз салып қараңызшы бойымызға ,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Қош келіпсіз ,ұстаздар , ата-аналар ,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

Шаттанамыз, мен бүгін шаттанамын ,

Әріп сырын түсіндім,мақтанамын.

Әріп сырын үйреткен Әліппем де,

Түстей болып міне бүгін артта қалды.

Өтті оқу сан сабақ ,

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достассаң,

Әліппеміз ,қоштаспақ !

Ой білімі жаңғырып ,

Әліппеден мәңгілік

Әріптерді таныған

Өңкей білгіш , балдырған ,

Құтты болсын , тойларың

Тойға шашу

-Бүгін біздің қуанышынымызда шек жоқ ,өйткені, тұңғыш рет сауатымызды ашқан жақын досымыз «Әліппені » бітірдік.

-Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендік. Соның ішінде сурет салуға ,ән айтуға,есептеуге, денемізді шынықтыруға,еңбек етуге мұғаліміміздің көмегімен дағдыланудамыз.

Мұғалім : олай болса , той иесі Әліппемізді ортаға шақырайық.

Бәрі: Әліппе, Әліппе ,Әліппе

Әліппе:

Армысыздар , жас достар!

Армысыздар ата -аналар .

Болашаққа жол бастап ,

Әліппе келді ортаға.

Білім деген ғажайыптың

Әліпбиін меңгерген

Келешегі Қазақтың

Басталады сендерден.

Армысыңдар аналар

Бармысындар балалар

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз .

Келгенде алғаш мектепке ,

Білмеуші едік әріп де,

Оқимыз қазір ертек те ,

Үйретті оны Әліппе .

Әсем ою- өрнекпен

Көмкерілген әліппем !

Сен болмасан білімге

Бастайтын жолды біліп пе ем

Енді біз жаза аламыз

Әріпті қосып әріпке .

Риза болып саған жүрміз,

Рахмет саған Әліппе.

Ең алғаш алғанымда Әліппемді

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді .

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Қымбатты менің Әліппем ,

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің

Бар кітапқа бас болған ,

Әліппе ғылым атасы .

Әліппеден басталған

Даналардың данасы

Іші толған әріпке-

Мынау әйбат Әліппе

Барлық ілім -білімнің

Әжесі осы -Әліппе.

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе.

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің әліппе

Әліппем менің әліппем

«А» деген басты әріптен .

Сөз құрап жаза бастадым

Тақылдап таңба танып мен .

Ән: Әліппе

Би:

Аю:

  • Бұл қай жер? Ештеңе түсінсем бұйырмасын! Мыналар не ,әріптер ме? Бұл не деген жазу екен ? Қап оқи алмаған қандай жаман!

Түлкі:

Сәлеметсің бе, аю!

Аю:

Сәлеметсің бе ,түлкі!

Түлкі:

Сен бүл жерде не істеп жүрсің?

Аю:

  • Оқи алсам мына жазуларды оқығым келеді.

  • Түлкі:

  • Кел аю ,екеуміз бірге оқиық,менде оқығым келеді.

Қоян: Сәлеметсіндер ме достар !

Екеуі:Біз мына жазуды оқығымыз келіп тұр.

Қоян: А, олай болса бірге оқиық,менде оқығым келеді

Екеуі: кел онда,оқысақ оқиық.

Тиін: Сәлеметсіңдер ме достарым!

Үшеуі: Сәлеметсің бе тиін !

Тиін:Барлығың мында жыйналыпсыңдар,не істемек ойларың бар?

Үшеуі: Мына жазуды оқымақ ойымыз бар .

Тиін: Онда бірігіп оқиық.

Үшеуі:Оқысақ оқиық !

Тышқан :

- Сәлеметсіндер ме достар !

Төртеуі:

  • Сәлеметсің бе тышқан досымыз!

Тышқан :

-Бәрің маған айтпай не істеп жүрсіңдер бұл жерде?

Төртеуі:

- Мына жазуды оқысақ деген ойымыз бар .

Тышқан :

  • Жұмыла көтерген жүк жеңіл,дейді, бірге оқиық!

Төртеуі:

Оқысақ оқиық !

Аю:

-Менің ойымша бұл- Бал деген жазу

Түлкі:

-Ал менің ойымша бұл - Та-уық деген сөз

Қоян:

-Ал,менің ойымша бұл- Сә-біз деген жазу.

Тиін:

-Жоқ,жоқ бұл-жаң-ғақ деген жазу

Тышқан:

-Не деген көп жазу,бұл қандай сөз болды екен а?

Әліппе:

-Неге дауласып жатырсыңдар достарым?Оқи алмасаңдар балалардан сұрамайсыңдар ма?

-Балалар,сендер Әліппені оқып бітірдіңдер,олай болса аңдарға оқып көмектесейік.

Балалар:

Мек-теп

Аңдар:

Мектеп?Мектеп деген не?

Әліппе:

-Мектеп деген- балалар оқып, білім алатын үй.Қазір сендер мектепте тұрсыңдар.Бүгін 1 А сыныбында алғаш кітабы әліппемен қоштасу салтанатты өтуде.Мектептен неге үйренуге болатынын балалардың әнінен білесіңдер.

Ән:Үйретеді мектепте

Білімнің қайнар бұлағы

Өнердің жарық шырағы

Тұрағы өзің мектебім

Шәкірттің асыл қырағы

Өнерге ортақ тәрбиең

Бір сенен қуат аламын

Мектебім-мәңгі бапкерім

Таудай ғой менің талабым

Нәріңді беріп құрғатпай

Сусаған шөлді қандырған

Сәулеңді шашып жүрекке

Жанымның отын жандырған

Ән. Әліппе

Мұғалім:

-Иә,сендер 4- ай ішінде әріптердің сырына да қанық болдыңдар.Әріптер қандай сыр шертеді екен?Олай болса,әріптерге кезек берейік.

Ата-ананың тілегі

Адам болып өскенің

Адамдықтың тірегі

Адал болып өскенің

Шындықты сақтаймыз

Шыншылды жақтаймыз

Шаршы топ алдында

Шығарып мақтаймыз

Отан-менің ата-анам

Отан-досым,бауырым

Отан-өлкем,астанам

Отан туған ауылым

Әдептілік дегенің

Әрқашанда керегің

Әсемпаздық дегенің

Әуре салсаң әлегің

Ғалым болам ғылымда

Ғажайыптар аша біл

Ғарыштың да шыңына

Ғылым дәнін шаша біл

Спортпен айналыс

Сұлулықты сыйлағын

Сол саған да пайдалы іс

Сауық пенен кинодан

Қажымұқан мен едім

Оқумен өскен кемелім

Қына тасқа бітер

Білім басқа бітер дегендей

Аламын білім тереңін

Мен- Манасов Тұрар мен деген

Білім іздеп,оқу оқып терлеген

Үздік оқу,саналы өріс біліммен

Айтыңызшы,бәйгеден кім келмеген

Қиындықтан қорықпа

Қаймығып еш қорықпа

Қайратың мен жігерің

Қолқанатың жорықта

З әрпімен Зере қыздай көркемделген

Заң сөзімен заманымыз өркенделген

Заңгер борлу-Зеренің арманы ғой

Заңғар болу бар баланың арманы ғой

Ас біткеннің анасы

Қасиетті нан осы

Қайсы әріптен басталған

Соңғы әрпіне қарашы

А әрпінен есімім

Айтсам сөздің кесімін

Аяжан қыз мен болам

Айдай өсіп толармын

Әліппе:

Өте тамаша,балалар әріптерге де тақпақ айтып білімдеріңді

көрсеттіңдер.Енді қандай өнерлерің бар?

1-ж Ән..Жетісу орындайтын Жақсылықов Елдар

2-ж Би

1-ж. Ән..Ақ тілек орындайтын Қанап Нұрай

2-ж Би Қара жорға

1-ж Ән Қошақан орындайтын Мақұлбекова Амина

Әліппе:

-Жарайсыңдар балалар,Құрметтеріңе рахмет.Енді менен алған білімдеріңді Ана тілі пәнімен ұштайсыңдар.Міне менің досым,Ана тілінің өзі де келіп қалыпты,қарсы алыңдар.

Ана тілі:

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Балалар:

Сәлеметсіз бе Ана тілі!

Ана тілі:

Мен Ана тілі оқулығы боламын.Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын!Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар.Ақын-жазушылардың шығармаларын,ертегілерді ынта қойып оқыңдар.Сонда сендер көп нәрсе үйренесіңдер.

Бәрі:Оқимыз,оқимыз.

Ана тілі:

Ал балалар,осы Әліппеден сауаттарыңды ашып,оқу мен жазуға үйреткен кім?

Хормен Ұстаз.

Ән:Ардақты ұстазым Орындайтын Эльнара

Әліппе:

Бәрі жақсы,балалар?Енді мен сендермен қоштасайын..алдағы уақытта жақсы оқыңдар.Ата-аналарыңды тыңдаңдар.Менің досым Ана тілін ренжітпей оқыңдар,ұқыпты ұстаңдар,онымен дос болыңдар.

Кір шалмасын беттерін

Таза болсын оқулық пен дәптерің

Оқығандарың есте болсын

Күнделіктерің 5-ке толсын.

Бәрі бірге:Қош бол,Құтты Әліппем.

Ана тілі:Балалар мен сендердің әліппеден алған білімдеріңді жұмбақтар,тақпақтар арқылы білейін деп тұрмын.

Әріптерге жұмбақ

1.Кесе,шыны пияла

Оларсыз шай құяма?

Қасықсыз тамақ жемейміз

Бәрінің атын не дейміз?(ыдыс)

2.Ұқсайды өзі шалғыға

Елестет көз алдыға

Қане,ойланып табайық

Болды екен бұл қай әріп?(Ғ)

3.Түн шымылдық ашқаннан

Жымыңдайтын аспаннан

Көп шырақтың атына

Қайсы әріптен басталған?(Ж)

1-ж Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,

Кез келді сіздерден ақ бата алар.

Ұл-қыздарың көрсетті өнерлерін,

Бар қауым таңдана таңдай қағар.

2-ж Барына риза болсын көрермендер

Үйренгенді көрсеттік бүгін біздер

Осымен қоштасуды тәмамдайық,

Тағы да жүздесерміз аман болсақ.



© 2010-2022