Сабақ жоспары Дүниетану сабағы Заттар. Денелер

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ № 12

Сынып: 3

Пән: Дүниетану

Тақырыбы:

Денелер.Заттар

Мақсаты:

Оқушылардың денелер мен заттар туралы білімдерін кеңейту.Денелердің табиғи және жасанды болатынын, үш күйде кездесетіні туралы түсінік қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

-Барлық заттар мен жанды организмдер дене деп аталатынын, дене заттардан тұратынын біледі.

-Дененің үш түрлі күйін және заттардың өзіне тән қасиеттерін анықтай алады.

-Топта жұмыс жасай алады.

Жұмыс түрі

Жеке, топтық

Қолданатын әдіс-тәсілдер

«Джигсо», «Шағын тест», «Білім пирамидасы», «Түн мен күн»

Керекті жабдықтар

интерактивті тақта, оқулық, қосымша материал, стикер.

Сабақ кезеңдері

уақыт

Барысы

Ұйымдастыру

2 мин

Психологиялық дайындық

Топқа бөліну. Таратпа қағаздар арқылы «Жыл мезгілдері», «Табиғи апаттар», «Табиғат құбылыстары» болып үш топқа бөлінеді.


    Өткенді қайталау.

    3 мин

    Әр топ сұраққа жауап береді.

    -Табиғат құбылыстарын атаңдар.

    -Әр жыл мезгіліне тән табиғат құбылыстарын атаңдар.

    -Табиғи апаттарға не жатады?


      Қызығушылықты ояту

      3 мин

      Ребус шешу. (Шешуі: денелер, заттар)

      Оқушылармен бірлесе сабақтың тақырыбын ашу, мақсаты мен міндетін айқындау.

        Мағынаны тану



        Ойын «Түн мен күн»

        17 мин



        5 мин

        «Джигсо» әдісі бойынша оқулықтағы мәтін толығымен талқыланады

        Мәтін алдын ала 4 бөлікке бөлінеді.

        1. Дене. Табиғи және жасанды денелер.

        2. Дененің үш күйі.

        3. Заттар. Дене заттардан тұрады.

        4. Заттардың қасиеттері.

        Төрт оқушыдан үш негізгі топ құралады. Негізгі топ мүшелері 1,2,3,4-ке санау арқылы төрт сарапшы топқа бөлінеді. Әр сарапшы

        топ өз бөлігін талқылайды. Негізгі топқа оралып топ мүшелерін сарапшы парағы бойынша талқылау қорытындыларымен таныстырады. Топта талқыланып болған соң, екі-үш топтың қорытындылары төмендегі сұрақтар бойынша айтылады.

        Ойын «Түн мен күн» (Оқушылар «түн» дегенде көздерін жұмып қойылған сұраққа ойланады да «күн» дегенде жауаптарын айтады, түсіндіреді.)

        - Дене деп нені айтады?

        - Қандай денелер табиғи, қандай денелер жасанды деп аталады ?

        - Дене қандай үш күйде болады?

        - Заттар дегеніміз не?

        -Заттардың қандай қасиеттері болады?


          Дәптермен жұмыс

          5 мин

          Кестені толтыру.

          -Сенің партаңның үстінде әртүрлі денелер жатыр.Олар қандай заттардан тұрады? Ол заттар қандай қасиеттерге ие.

          Дене

          Қандай заттан тұрады?

          Қасиеттері






            Бекіту



            Бағалау

            5 мин

            Жеке жұмыс. Бес сұрақтық шағын тест.

            1.Қоршаған ортадағы барлық нәрселер қалай аталады?

            А) заттар Ә) денелер Б) құбылыстар

            2.Барлық денелер қандай екі топқа бөлінеді?

            А) тірі және өлі Ә) үлкен және кіші Б) табиғи және жасанды

            3.Табиғи денелерді тап?

            А) машина, балмұздақ Ә) бұлт, саршұнақ Б) кітап, үтік

            4. Бірнеше заттан тұратын денені тап?

            А) ауа Ә) дәптер Б) кесе

            5. Сәйкестендір

            сүт газ

            темір сұйық

            ауа қатты

            Өзін өзі тексеріп, бағалау критерийлері бойынша бағалайды.

            «5» - бес дұрыс жауап

            «4»- төрт дұрыс жауап

            «3» - үш дұрыс жауап

            «2» - екі дұрыс жауап



              Рефлексия

              4

              мин

              Сабақтың мақсатына оралу

              -Бүгін сабақта алдымызға қойған мақсатымызға жеттік пе?

              -Сабақта не ұнады?

              -Не қиын болды?

              «Білім пирамидасы» әдісі

              Әрбір оқушы өзінің білім пирамидасын құрады. Өтілген «Денелер. Заттар» тақырыбы бойынша алған білімдерін жазады. Тақтаға іледі.



                Үйге тапсырма

                1 мин

                Мәтінді оқу, дәптердегі 1-кестені толтыру.

                -Қандай қатты, сұйық және газ тәрізді денелерді білесің?






                Көрнекіліктер

                Кестені толтыр

                Дене

                Қандай заттан тұрады?

                Қасиеттері



                1-сарапшы топ.

                -Дене дегеніміз не?

                -Барлық денелерді қандай екі топқа бөлеміз?

                -Суретті қарап табиғи және жасанды денелерді ата.

                2-сарапшы топ.

                • - Денелер қандай үш күйде болуы мүмкін?

                • -Суреттегі заттар қайсысына жататынын анықта..

                • - Мысалдар келтір.

                3-сарапшы топ.

                -Зат дегеніміз не?

                -Дене неден тұрады?

                -Мысалдар келтір.

                4-сарапшы топ.

                -Заттардың қандай қасиеттері болады?

                -Мысалдар келтір.

                «Жанұя» тобы

                1. Дене дегеніміз не? Денелерді қандай екі топқа бөлеміз?

                2. Денелер қандай үш күйде кездеседі?

                3. Дене неден тұрады? Зат дегеніміз не?

                4. Заттардың қандай қасиеттері болады?

                «Жанұя» тобы

                1. Дене дегеніміз не? Денелерді қандай екі топқа бөлеміз?

                2. Денелер қандай үш күйде кездеседі?

                3. Дене неден тұрады? Зат дегеніміз не?

                4. Заттардың қандай қасиеттері болады?

                «Жанұя» тобы

                1. Дене дегеніміз не? Денелерді қандай екі топқа бөлеміз?

                2. Денелер қандай үш күйде кездеседі?

                3. Дене неден тұрады? Зат дегеніміз не?

                4. Заттардың қандай қасиеттері болады?


                © 2010-2022