Поурочный план на тему Жети казынанын бири (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Поурочный план на тему Жети казынанын бири (2 класс)Поурочный план на тему Жети казынанын бири (2 класс)Поурочный план на тему Жети казынанын бири (2 класс)Поурочный план на тему Жети казынанын бири (2 класс)

№32 орта мектебі


Ашық сабақ


Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі»





Дайындаған: С.И.Абилова

бастауыш сынып мұғалімі


Новоишимка, 2015



Күні: 22.10.15

Пәні: Әдебиеттік оқу
Cабақтың тақырыбы: Жеті қазынаның бірі
Сабақтың мақсаты: мәтіннің мазмұнын толық түсіну, жеті қазынаны білу.
Күтілетін нәтижелер: мәтінді толық түсінеді; ойларын ашып айтады, жеті қазынаны біледі.
Сабақтың көрнекілігі: жеті қазынаның туралы видеоролик, проектор, оқулық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі. Шаттық шеңбері. Есік қағылады. Топқа қорап әкелінеді, оны сипаттап ашу. 1-ші затты алып шығу оған қағаз байланған. Оны оқу. -Мынау сиқырлы көзілдірік екен. Кім оны киеді, сол бала досының ішкі жақсы қасиеттерін яғни адамның ішкі жан дүниесін бізге көрсетіп береді.
-Кәне, мен оны киіп көрейінші.
Ах, сендер қандай ақылдысыңдар, қандай көңілдісіңдер. Мен бәріңнің бойларыңдағы бір қасиетті көріп тұрмын ғой?!
-Кәне, сен киіп көрші (қасында тұрған көршісі туралы жақсы қасиеттерін айтады, әрі қарай көзілдірікті келесі оқушыға береді)
-Көрдіңдерме, мынау сиқырлы көзілдірік бағалы зат болып шықты. Мұны сыныпта қалдырып жоғарыға қояйық.

Қораптағы екінші затты алмас бұрын балалар, мына лототрондағы текшелерді алып, нөмірлер бойынша топқа бөлініп отырайық. Тобымызды анықтап алдық. Енді барлығымыз тақтадағы бағалау парағына назар аударайық. Бүгінгі сабақта дұрыс жауап беріп, жақсы қатысқан бала жұлдыз алатын болады. Сабақтың соңында көп жұлдыз жинаған бала 5 алады.

Қораптан 2-ші зат шығады. Семантикалық карта арқылы үй тапсырмасын тексеру.

Семантикалық карта

Сұрақтар

Жамбыл

12

қаһарман

жазушы

7 жас

мүшел жасты

13

Бауыржан Момышұлы кім?

Қай облыста дүниеге келді?

Алғашқы мүшел жас?

Жарты мүшел неше жас?

Б.Момышұлының кезінде туған күнді қалай тойлады?

Мүшел жас неше жылда келеді?


Сабақтың мақсатын хабарлау.

Қораптан 3-ші затты алып шығады. Ішінен қазына деген сөз шығады?

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, қазына дегеніміз не болуы мүмкін? Қазір, мына дискіні тыңдап көрелік. Не бар екен ішінде?

  • Бізде неше қазына бар еді?

Жеті қазынаға нелер жатады екен?

«Жеті қазына» видеоролик көрсету.

Бүгінгі сабақта біз «Жеті қазынаның бірі» мәтінінің мазмұнын түсініп, жеті қазынаның не екенін білетін боламыз.
- Дәптерімізді ашып күннің реті мен тақырыпты жазып алайық.

Мәтінді «араласып кеткен оқиғалар» әдісі арқылы оқу.
Мәтінді алдын-ала бірнеше бөліктерге бөліп, топтарға таратып беру керек. Бөлінген бөліктерді дұрыс қою арқылы мәтінді толығымен түсініп оқу керек.

  • Қазір мен мәтінді бірнеше бөліктерге бөліп әр топқа таратып беремін. Әңгімені іштей оқып түсініп аламыз, содан соң мазмұндап, қайсысы мәтіннің басы, ортасы, соңы екенін анықтап аламыз.
-Балалар, біз мәтіннің толық мазмұнын құрастырып алдық. Енді байқасаңдар, әңгіме толық аяқталмаған. Келесі тапсырма мынадай, осы әңгімені өздерің жазушы болғанда қалай аяқтар едіңдер? Ойдан құрастырып, өз нұсқаларыңды айтуға дайындалыңдар.

Сергіту сәті: Күй әуеніне қимылдар келтіру

Топтық тапсырма. (5минут)
1-топ: Кестені толтыр. Топта орындау.

Басты кейіпкерлер

Мекендейді

Пайдасы

Қандай сабақ алдың?

Арыстан

Ит


2-топ: Венн диаграммасы. Арыстан мен итті суреттер арқылы салыстыру. 1-2 оқушы келген ұстаздардан сұхбат алады.
1.Арыстанның мінезі қандай?
2.Ит туралы не айтасыз?


3-топ: «Биопоэма» әдісі.
Аты-Ит
Сипаттайтын 2-3 сөз- адамға адал, ұйқыға сергек,суыққа төзімді.
Жақсы көретіні-сүйек, сипағанды, еркелеткенді.
Қорқатыны-қасқырдан, өзінен үлкендерден.
Басынан өткізген сезімдері- рақаттанып ұйықтауы, аң қуғандағы қуанышы.
Болашақтан күтетіні- қарны тоқ болып, иесінің амандығы.
Мекен-жайы-үйшігі.
Тегі-жабайы иттер.
Осындай қасиеттеріне қарап, адамдар оны жеті қазынаның біріне жатқызғаны туралы қорытындылайды.
4-топ: Алдарына берген суреттерді қатыстырып, ертегі құрастыру.
Оқушылар топтық тапсырманы тақтаға шығып талдап, қорытындылайды.
Қорытынды. Рефлексия.
Ұпайларына байланысты бағалау.
Оқушылар бүгінгі сабаққа кім жақсы қатысқанын білу үшін жұлдыздарды санап көрейік.
Бағалау. Ал, енді оқушылар алдымыздағы бағдаршамды бояйық.

Үйге тапсырма: ертегі құрастыру.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!











































Фотогалерея

Поурочный план на тему Жети казынанын бири (2 класс)

Поурочный план на тему Жети казынанын бири (2 класс)



Поурочный план на тему Жети казынанын бири (2 класс)



Пәні: Әдебиеттік оқу
Cабақтың тақырыбы: Бесік жыры
Сабақтың мақсаты: өлеңнің мазмұнын толық түсіну, бесік жырын білу.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: өлеңді толық түсінеді; ойларын ашып айтады, бесік жырын біледі.
Сабақтың көрнекілігі: бесіктің суреті, белсенді тақта, оқулық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі. Шаттық шеңбері.

Бір-бірлеріне жақсы тілектер айту.
Алмаларды таңдайды, соның түсі бойынша топқа бөлініп, орнымызға отырайық.

Тобымызды анықтап алдық. Енді барлығымыз тақтадағы бағалау парағына назар аударайық. Бүгінгі сабақта дұрыс жауап беріп, жақсы қатысқан бала жұлдыз алатын болады. Сабақтың соңында көп жұлдыз жинаған бала 5 алады.

Бағалау картасы

Семантикалық карта арқылы үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтар

Ерте тұр

жас ұрпақ

жазушы

Қожанасыр

Нағыз байлық

Өтебай Тұрманжанов кім?

Ұлан деген кім?

«Сүйіспеншілік» қай әңгімеде кездесті?

Ө.Тұрманжанов атамыз қандай ақыл береді сендерге?

Күлдіргі әңгімелердің кейіпкері


Сабақтың мақсатын хабарлау.

Қызығушылығын ояту. Жұмбақ шешу.
Иесі анық - сәби,
Әрі төсек, әрі үй.
(Бесік)
2. Ой қозғау
- Бесік деген не? Бесік неден жасалған?
- Бесікке жатқан бала бар ма?
- Бесікке байланысты қандай салт - дәстүрлерді білесіңдер?
- Тұсау кесу рәсімін көрдің бе?Бесік жыры, тұсау кесу туралы білгілерің келе ме?

Бүгінгі сабақта біз «Бесік жыры» және «Тұсау кесер жыры» өлеңдерінің мазмұнын түсініп, не екенін білетін боламыз.
- Дәптерімізді ашып күннің реті мен тақырыпты жазып алайық.

  • Қазір өлеңді іштей оқып түсініп аламыз, содан соң осы тақырып бойынша сұрақтар қоямыз .

  • -Балалар, келесі тапсырма мынадай, өздерің жазушы болғанда бесік жырын қалай аяқтар едіңдер? Ойдан құрастырып, өз нұсқаларыңды айтуға дайындалыңдар.
    Сергіту сәті:
    «Әлди-әлди ақ бөпем»
    Топтық тапсырма. (5минут)
    1-топ: Кестені толтыр. Топта орындау.

Басты кейіпкерлер

Қашан айтылады?

Пайдасы

Қандай сабақ алдың?

Бесік жыры

Тұсаукесер


2-топ: Венн диаграммасы. Бесік жыры мен тұсау кесу жырын салыстыру. 1-2 оқушы келген ұстаздардан сұхбат алады.
1.Қандай бесік жырын білесіз?



3-топ: «Биопоэма» әдісі.
Аты-Бесік жыры
Қандай- ұзақ, қызық
Кімге ұнайды?-
Қашан айтылады?-
Кім айтады-.
Неліктен айтады?-

4-топ: Бесік жырына қатысты әңгіме құрастыру.

Оқушылар топтық тапсырманы тақтаға шығып талдап, қорытындылайды.
Қорытынды. Рефлексия.
Ұпайларына байланысты бағалау.
Оқушылар бүгінгі сабаққа кім жақсы қатысқанын білу үшін жұлдыздарды санап көрейік.
Бағалау. Ал, енді оқушылар алдымыздағы бағдаршамды бояйық. Үйге тапсырма. Бесік жырын жаттау.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!



© 2010-2022