Открытый урок

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
М.Дулатов «Қыс»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Сызба бойынша сөйлеу, сурет бойынша әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық: Оқудың түрлерін қолдана отырып, өз тілдерінде көркем, әсерлі сөздерді пайдалана алу дағдыларын дамыту. Қыс ерекшеліктері туралы білімдерін дамыту. Тәрбиелік мәні: Сөздік қорларын, тіл байлықтарын арттыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: «қыс» көрінісі бейнеленген суреттер, М. Дулатовтың суреті Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: оқу, мазмұнын әңгімелеу, топтастыру, қорытынды жасау, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, бақылау, сурет бойынша әңгіме құрау. Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, дүниетану. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа назарларын аудару.

ІІ.Сабақтың мақсатын хабарлау: Балалар сабағымыздың мақсаты М.Дулатовтың өмірімен таныса отырып, Қыс мәтінінің мазмұнын түсіну. Сөздік жұмыс жасай, тілдік қорымызды молайту.Әдемі , мәнерлеп оқуға, ұқыпты болуға төселу.
ІІI. Жаңа тақырып бойынша жүргізілетін жұмыстар. Сөзжұмбақ шешу. 1. Қыс айының екінші айы? Қаңтар. 2. Шай ішетін ыдыс? Шыны. 3. Төрт түлік малдың бірі? Сиыр. Жауабы: Қыс Ал, балалар қандай сөз шықты? Дұрыс айтасыңдар олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыздың аты «Қыс» екен. 1.Балалар, қыс қандай мезгіл? 2. Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар? 3.Қыс айларын атаңдар? IV. Жаңа сабақ: Балалар мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар? М. Дулатовты - Балалар кім сызба бойынша М.Дулатов туралы түсінік бере алады? М.Дулатов туралы тағы не білесіндер? (Білгендерін тындау.)

Мұғалім: Міржақып Дулатов 1885 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданында дүниеге келген. 1935 жылы айдауда жүрген кезінде қайтыс болады. «Оян, қазақ!», «Бақытсыз Жамал» деген кітаптары бар. Ол көрнекті қазақ жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.

Әкесі Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер-тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі Дәмеш - ойын-тойдың базары, әнші кісі болған.Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен 12 жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесінің армандаған тілегіне сай Міржақыптың оқып, білімді азамат болып ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, "ауыл мұғалімі" атанған.Міржақып өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін де жетік меңгерген. Мәтінді мәнерлеп оқып беру. Сөздік жұмысы. Оқулықтағы сөздіктерді оқып шығып дәптерлеріне жаздырту.

Сергіту сәті: V. Мәтінмен жұмыс.
І топ: 1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқы. 2. Жазушы қыстағы табиғатты суреттеген тұсты оқып, мазмұнын айтуға дайындал.
ІІ топ: 1. Мәтінді түсініп оқып, жылқышылардың еңбегі туралы жазылған тұсты тауып әңгімелеп беріңдер.
III - топ: Мәтіннен түсінгенін айтып беріңдер.

Шығармашылық тапсырма.
І топ - Қыс мезгіліне байланысты өлең құрастыру
ІІ топ - Шағын әңгіме жазу
ІІІ топ - Қыстың суретін салу


Мәтіннің бөліктерін және түрлерін анықтау арқылы қазақ тілі сабағынан алған білімдерін пысықтау болады. Мәтіннің қандай бөліктері бар? I- топ. Мәтін деген не?Осы мәтіннің басында не туралы айтылған? II-топ. Мәтіннің атауы не деп айтылады?Осы мәтінің ортасында не туралы айтылған ? III-топ.Тақырып дегеніміз не?Осы мәтіннің соңында не туралы айтылған?
VI. Бекіту: - Мәтіннен не туралы білдік? Мәтінде қысқы өсімдіктер туралы не айтылған? Қыста өсімдіктер қандай күйге енеді? Олар тоңбай ма? -Жылқышылар неге далада жүреді? -Өйткені жылқы малы тебіндеп жайылады. Оларды жыртқыш аңдардан қорғау үшін, ықтап кетпеу үшін жылқышылар оларды бағады.
VII.Қорыту: Мәтін бойынша салынған суретке қарай отырып, сұрақтарға жауап беру. - Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Оны неден байқадың? - Адамдар суықтан қалай қорғанады? - Сен қыста қалай киінесің? - Суреттегі ауа - райы туралы не айта аласың? VIІІ. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалу. Х. Бағалау. 1 ұпай - 3 баға 2 ұпай - 4 баға 3 ұпай - 5 баға Қай топта бес деген баға болса сол топ жеңеді.




© 2010-2022