Сабақ тақырыбы: Буын үндестігі (4 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақ тақырыбы: Буын үндестігі (4 класс)Сабақ тақырыбы: Буын үндестігі (4 класс)Сабақ тақырыбы: Буын үндестігі (4 класс)Сабақ тақырыбы: Буын үндестігі (4 класс)Сабақ тақырыбы: Буын үндестігі (4 класс)

Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігі

Сабақтың мақсаты:1) Оқушыларға түбір сөздегі дауыстылардың жуан және жіңішке болып келуіне орай жалғанатын қосымшалардың да жуан және жеңішке болып жалғанатынын байқау.

2)Пәнаралык байланысты,ой шапшаңдығын дамыту, берілген сұраққа тиянақты жауап беруге үйрету, сөздік қорын молайту.

3)Ұжымда өзін-өзі тәрбиелеуге,бағалауға дағдвландыру.Оқушыларды әдемі, сауатты жазуға баулу. Көрнекілігі: ереже, екі қазақ үйдің макеті,сәйкестендіру, тесті, парақшалар. Пәнаралық байланыстар:дүниетану, ана тілі, математика. Түрі:Жаңа материалды игерту. Сабақтың барысы: I Алғашқы ұйымдастыру бөлімі

II Үй тапсырасын тексеру

А) Психалогиялық дайындық.

-Барлығымыз көзімізді жұмып, мен сабақта, мектептемін, менің зейінім тұрақты, мен жақсы ойлап отырмын.

-Мұғалім:Бүгінгі сабаққа келіп отырған қонақтар!

Мына тұста екі қазақ ауылы көрінеді.Бәріміз жақындап көрейікші. 1-ші қазақ ауылында қызықты әуендер естіледі.

А-а-а-а, Е-е-е-е, О-о-о-о.

-Бұл үйде қандай дыбыстар тұрады?

О- дауысты дыбыс.

1-Топ:Дауысты дыбыстар.

-Мұғалім: 2-ші үйге жақындайық . Ал мына үй неге көнілсіз.

Тук-тук. Тым-тырыс. Бұлар бір жаққа қыдырып кеткен бе?

-Оқушы: Жоқ біз дауыссыз дыбыстармыз. Біздің дауысымыз созуға келмейді. Сондықтан жай сөлейміз.

Дауысымызды созбаймыз.

-Мұғалім: Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім.

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,

Қастерлейді ұл-қызың мәңгә сені

Болашағым,бақытым, дара тілім

-Міне,балалар, кемеңгер ғұлама ақындарымыздың тілі-туған тіліміз қазақ тілі сабағы.

-Қане, балалар сабаққа көңіл аударайық.

Мұғалім:Үйге қанда тапсырма берілді.

Оқушы:Сөз таптары.Солем мүшелері.

Мұғалім:Кітабымызды, дәптерімізді дайындап қоямыз.

-Мұғалім:Балалар, үй тапсырмасы бойынша білімімізді мына сұрақтарға жауап беру арқылы қонақтарды қарсы алу лебімізді білдірейік.

-Қош келдіңіздер!

1.Бірі айтылады да, естіледі

Екіншісі жазылады да көрінеді.

2.Өзім сөзден тұрамын

Аяқталған ойды құрамын

3.Сөйлем ннеден құралады

4.Зат есімнің сұрақтары кандай?

5.Етістіктің сұрақтарын ата?

6. Б қандай дауыссыз.

7. Т қандай дауыссыз.

8. Қа қандай буын?

9.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

10.Сан есім дегеніміз не? Сұрақтары қандай?

Жаңа сабақ:

Мұғалім: Үш таңбалы сандарды өсу ретімен орналастыру арқылы жасырылған тақырыпты ашайық.

III Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық Түп-түзу отырып

Қолға қалам алайық Көркем етіп жазайық

-Бүгінгі күнің жадын, тақырыпты жазамыз.

IV Көркем жазу

Е,е,Ерасыл егеу егеді.

Кім жылдам ойыны 1 топ:Балалар алаң жүр (да, ла )

2 топ: АЙдар кітапхана....... барды.(ға,да)

-Сөзге нне жалғанды?

-Қосымшалар

-Қосымшалардың ерекшелігі неде?

-Сөзді өзгертеді,байланстырады.

-(Түбір сөзге тиісті қосымшаларды жалғап жазыңдар)

Құрылыс-(шы,ші)

Аң -(шы,ды)

Көбелек-(тар,тер)

Оқушы:Құрылыс-құрылысшы (кім? Не?)

Оқушы: Аң-аңшы (кім? Не?)

Оқушы:Көбелек-көбелектер (не? Нелер?)

Мұғалім: Не себепті сұрақтары әр түрлі

Оқушы: Себебі қосымша әр түрлі.

Ереже

Сөздегі дауысты дыбыстар біріңғай жуан, не біріңғай жіңішке болып келеді. Оның себебі қосымшалар түбір сөздің соңғы буынының жуан, жіңішкесіне қарай үндесіп отырады.

IV Оқулықпен жұмыс .

Дос-тық, е-тік-ші, мұз-дай, ше-бер-лер, құ-ры-лыс-шы, қаз-дар, а-уыл-да,кө-ше-де.

(а-уыл-да- дауыстының ортасында у әріпі келсе, у келсе буынның басында жазылады.)

V Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдік

Төменге қарап жер көрдік

Оңға,солға бұрылып

Егемендің ел көрдік.

77-жаттығу

-Жуан дауысты дыбыстар

Батырлық,жұмысшы, жолдастар, балалық, ағаш.

-Жіңішке дауысты дыбыстар

Әнші, көрермендер, күздік, өзендер, жүзім.

-Сәйкестендіру тесті. -78-жаттығу

VII Шығармашылық жұмыс.

Ас+атасы-не? (мәтін, қысқаша әңгіме беру)

-Нашар оқушымен жұмыс

Парақшамен жұмыс. (орны ауысқан сөздерден сөйлем құра)

-Терме диктанты.

Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді теріп жазыңдар

VIII Сабақты қорытуға арналған сұрақтар.

1.Қандай тақырыпппен таныстық?

2.буын үндестігі ережесін кім айтады?

3.достық сөзінің түбірі?(дос)

4. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не дейміз?(жұрнақ)

5. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны не дейміз?(жалғау)

6. Сөз неден құралады?(буыннан)

7.Буын неден құралады?(дыбыстан)

8.Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?

9. «Дәптер»(неше әріп, неше дыбыс, неше буын)бар.

10.Тілдер мерекесін қашан атап өттік.

IX Бағалау

X Үйге тапсырма: Ереже. 79-жаттығу.

Мұғалім: Өз тілінде сөйлеп шықты сан ұрпақ

Қазақ тілі өз жұлдызың көктегі

Қазақ тілі өмірдің де,өлең де

Қазақ тілі тамыр жайған тереңге

Қаза тілі болашаққа жетелеп

Ұрпақтарды танытады әлемге-деп бүгінгі қазақ тілі пәні бойынша өткен ашық сабағымызды аяқтаймыз.

-Келгендеріңізге көп-көп размет!

-Сау болыңыздар!



© 2010-2022