Ж. Жабаев Алатау ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев. «Алатау»
Сабақтың мақсаты: Оқушының өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау. Әдебиеттік оқу сабағынан «Табиғат тіршілік бесігі» атты жаңа бөлімді бастай отырып, табиғаттың ерекше бір сыйы - Алатау туралы жырлаған Ж. Жабаев өлеңімен таныстыру. Топтық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу, сұрақ - жауап, пікірталас, тілді дамыту, шығармашылық жұмыс.
Күтілетін нәтиже: Өтілген жаңа тақырыпты нақты түсінеді. Нені қалай оқу керектігін түсінеді, сыни тұрғыдан ойлай білуге үйренеді. Топта пікірлесіп, ортақ шешімге келуге дағдыланады, өзін - өзі бағалай алады. АКТ - ны қолданып, ақпаратты таңдай алады.
Тапсырмалар
Қызығушылықты ояту.
І. Ұйымдастыру.
(3 мин)
І. Білу
"Ой қозғау"
ІІ. Түсіну.

Армандайық:

- Қанеки,барлығымыз дөңгеленіп отырайықшы, көзімізді жұмып, мұғалімнің мәтінін тыңдай отырып армандайықшы... Өзімізді табиғат қойнауында жүргендей елестетейікші...Музыка. Мұғалім: Міне арайлап таң атты. Жарқырап күн нұрын шашып тұр. Күннің алтын шапағы бетімнен сүйіп алғандай болды. Жүгіріп барып терезені аштым. Үйде таудан соққан самал желдің иісі аңқиды. Көз ұшында мұнартқан, қар мен мұздың қоймасы іспеттес бұлттармен таласқан алып таудың, аспан таудың бейнесі көрінеді. Мен таза ауаны кеудемді толтыра жұтып, таудың етегінде аққан тау суына көз салдым. Тамылжыта сайраған құстар, тауды жаңғырықтырған жануарлар үні де ерекше естіліп тұр. Табиғат ана бар сыйын осы тауға сыйлағандай. Табиғат- тіршіліктің бесігі болса, Мына Аспантау сол тіршіліктің қоймасы тәрізді. Мен болсам сол табиғаттың ақылды перзентімін. Аспан тау болса, менің ардағым, осы тау етегіндегі мекен- менің мақтанышым дегім келеді. 3.Сабақтың кілтін табайық.

-Балалар, осы мәтінді тыңдап отырып, өздеріңді қайда жүрмін деп елестеттіңдер?
-Мына балаға ат қойыңдар.
-Самат терезені неге ашты?
-Күннің шапағы қандай болды?
Ол нені көрді ?
-Тауды неге теңейді?
-Неге Аспантау деп атайды?
-Таудың етегінен нені көрді?
-Нелердің үнін естіді?
-Адам табиғаттың кімі?
-Табиғат ненің бесігі?
Аспантау деп қай тауды айтып отыр?
-Алатаудың басында нелер жатыр?
-Алатаудың етегінде қандай қала орналасқан?
-Алатау Саматтың несі?
-Алматы ше?
-Алматы қай жылдан қай жылға дейін астанамыз болды?
«Топтастыру стратегиясы»
Оқушылар смайликтерге сабақты түсінгеніне қарай өз - өздерін бағалайды.

1. Бүгінгі сабақтан алған әсерің?
2. Сен үшін пайдалы жағы?
3. Ұнамаған бөлімі болды ма?
4. «Алатау» өлеңі не жайлы?
5. Табиғат адамға не береді?
6. Табиғатты қалай қорғаймыз?


© 2010-2022