Қалдықпен бөлу 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қалдықпен бөлу

Сабақтың мақсаты:

  • Қалдықпен бөлудің жолдарын анықтауға және оны шығаруды үйренуді бірге орындау

Сабақтың міндеттері:

  • Қалдықпен бөлудің жолдарын өздіктерін іс-әрекет арқылы шешуге көмектесу

  • Бөліндінің мәні мен бөлгішті көбейтіп, оған қалдықты қосқанда амалдың дұрыс орындалатынын біріге орындау

  • Өрнектерді бір-бірімен салыстыру, саралау,талдау жұмыстарын жүргізуге нұсқаулар беру

  • Жеке жазып,, жұпта ойларын бөлісіп, топта талқылау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру

Күтілетін нәтижелер:

  • Сабақ соңында балалар қалдықпен бөле алады

  • Тексеру жолдарын үйренеді

  • Өрнектерді салыстырып, талдау жұмыстарын жүргізе алады

  • Жеке,жұпта, топта бір-біріне сенімділік білдіреді,ұйымшыл болады,бірін бірі үйретеді

Нәтижені бағалау, тексеру:

  • Еркін жазу арқылы қалдық туралы өз ойларын жазады

Қажетті материалдар: Маркер, флипчарт, оқулық, қосымша есептер

Қызығушылықты ояту сатысы:

Қалдықпен бөлуді түсіндіру үшін «Атом,малекула » ойынын ойнату

Атом сөзін айтқанда балалар бір-бірімен араласып, жүреді. Малекула 3 дегенде балалар үш-үштен бірігіп топтпсып қалады.

Мысалы сыныпта 26 оқушы

26 : 3 = 8 ( қ. 2 )

26 : 4 = 6 ( қ. 2 ) т.с.с.

Тақтаға жазып отыру

Мағынаны ажырату сатысы:

«Ұқсастық пен даралық» стратегиясы

Әр оқушы өз бұрышына аттарын жазады.

Өз бұрыштарына берілген тапсырмаларды жазады.

/Тапсырмалар әр түрлі/

Тапсырмаларын орындап болған соң берілген есептерінің ұқсастықтарын тауып, сөзбен жазады.





20 : 3

506+204

9*2-7

3 және 5 сандары қандай сандарға бөлінеді?

23: 7

832-456

(18-9):3

7 және 11 сандары қандай сандарға бөлінеді?

21: 5

1000 -222

(28-2):2

13 және 17 сандары қандай сандарға бөлінеді?

31: 7

675-92

(3-0): 3

19 саны қандай санға бөлінеді?

34 :5

950-392

Х : 6 = 3

Осы сынып ішіндегі заттардан қалдықпен бөлуге байланысты мысал келтір

25: 4

901-249

15: Х =3

Осы сынып ішіндегі заттардан қалдықпен бөлуге байланысты мысал келтір

45:8

458+394

35: Х =5

Осы сынып ішіндегі заттардан қалдықпен бөлуге байланысты мысал келтір

36: 5

950-392

Х: 6 =3

Осы сынып ішіндегі заттардан қалдықпен бөлуге байланысты мысал келтір

72:2 62:2

72 : 3 62:3

42:2 82:2

42:3 82:3

52:2 32:2

52:3 32:3

Ой толғаныс сатысы:

«Мен қалдықпын» тақырыбында еркін жазу

Бағалау: Бірін -бірі бағалау

Үйге тапсырма: Бөлмеңдегі немесе үйіңдегі бүкіл заттарға қалдықпен бөлуге мысалдар құрып шығару



Математика сабағынан кейінгі ой толғаныс


Сабақты жоспарлау барысында берілген тапсырмалар балалар үшін аса қиындық туғызбайды деп ойлағанмын. Өйткені балалар бағдарламадан тыс, күрделі есептер шығарып жүрген. Бірақ, тапсырмалардың көптігінен бе, тапсырмалардың күрделілігінен бе балалар тапсырманы орындауда қиындыққа тап болды. Мүмкін тағы 20 минут уақыт берілсе,қиналмас па еді.

Бұл әдісті бірінші рет қолданып отырғандықтан, нұсқауды дұрыс түсінгенге дейін бірнеше уақыттан ұтылып қалдық.

Оқушыларымның қандай нұсқау берсем де, бірден ұғып алатынына өзім іштей қуанамын. Олардың бір -бірімен еркін пікірлесіп, ой бөлісуі, бір шешімге келу дағдылары 3 жылдан бері қалыптасқандығы мен үшін сәттілік деп ойлаймын.

Сабақтың соңында жазған эсселеріне таң қалдым. Бұрын сабақтарда берілетін тақырыптарға алдын-ала өзім эссе жазып көретінмін. Осы сабақта жазған жоқ едім,бірақ балалар мен күтпеген ойларды жазып, мені таң қалдырды.

Қалдықпен бөлу тақырыбын басқа қандай әдіс арқылы өткізуге болар екен?- деген сұрақ туындады.

Еркін жазу

Мен қалдықпын

Камилла

Мен қалдық болғым келмейді. Мен бөліндінің мәні болған толық сан болғым келеді. Мен ылғи да, егер сандар бөлінеді ал олардың қалдығы мен боламын. Мені қоршауға алады және менің қасыма «қ» деген әріпті қояды.Ал «қ» ол қалдық деген сөз.

Динара Н.

Бір затты санаса, ол дұрыс емес шықса мен қаламын. Егер балалар екеу-екеуден тұрса бір бала қалады. Ол кезде бір бала мен боламын.

Мен қалдықпын. Мен еш нәрседен қалғым келмейді. Мен бірінші болғым келеді.Сандардан қалғым келмейді.Бірақ мен бірінші бола алмаймын.Өйткені мен қалдықпын.

Мен қалдық болу үшін көп таңбалы сандарға бөлінемін.Сынып ішіндегі кейбір заттарды бөлгенде қалдық болып қаламын.

Мен қалдықпын. Бір санды бір санға бөлгенде мен қалдық болып шығамын. Оны көбейтіп тексергенде мені қосып жібереді.

Мен 19,11,7 тағы басқа сандарда қалдық болып қаламын. Мен бөлгіштен үлкен емеспін. Екіге бөлінбейтін сандарда қалдық болып қаламын. Екіге бөлінетін сандарда кездеспеймін.

Мен қалған санмын. Өрнекті тексеру үшін бөлгішті бөліндінің мәніне көбейтеміз. Сосын мені қосады.Одан әрі мәні шығады.

Мен қалдықпын. Мен өз-өзіме сенімдімін. Мен ешкімнен қалғым келмейді. Сол үшін мені қалдық деп атайды. Мен ең бірінші мықты болғым келеді.Мен сонда да мықты қалдықпын.

Мен мысалдың соңында жазыламын. Жақшаның ішіне жазыламын. Әр түрлі сан бола аламын. Қалған сан болып саналамын.

Мені қалдық болып шығу үшін бөлуді шығару керек. Мені көп есептеп шығарады. Бүгін мені шығардық. Мен қиынмын.

Бөлуді орындаған соң мен қаламын. Оны тексеру үшін көбейтумен тексереді. содан соң мен қосыламын

© 2010-2022