Ашық сабақ: Қонақ күту-салтымыз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Қайырбек Оразов атындағы

Аралағаш орта мектебі


Ашық сабақ


3-сынып


Тақырыбы: «Қонақ күту-

салтымыз»

Рүстемова А.Т.

Тақырыбы:«Қонақ күту-салтымыз»

Рүстемова А.Т.

бастауыш сынып мұғалімі

СҚО Аққайың ауданы

Қ. Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі

Сабақ мақсаты: Қонақ күту-қазақ халқының дәстүрлерінің бірі екенін, ол адамдар арасындағы қатынастың көрінісі екенің түсіндіру.Қонақ күтудің ерекшелігін , оған балалардың және отбасының әр мүшесінің қатынасын түсіндіріп, «қонақжайлық»,

«меймандылық»деген сөздердің мағынасын түсіндіру.

Қонақ:Қонақты күту рәсімі.Адамдар арасындағы сыйластық.Халықтың қонақ күтуге байланысты салт-дәстүрі.

Тірек білім:Отбасы.Ата-ана мен ержеткен бала арасындағы қарым-қатынас.Өмір тәжірибесі.

Көрнекілік:Мазмұнды сурет, плакат, тест, көрініс.

Әдісі:Сұрақ-жауап, әңгіме, өздік жұмыс.

Пәнаралық байланыс:Әдебиеттік оқу, еңбекке баулу

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Балаң жақсы болса...

А)Екі баладан мазмұның сұрау.

Ә) Үш балаға тест беру

Б) Өткен сабақты қорытындылау мақсатында мақал-мәтелден жарыс.

Жеңімпаз топ алдында еліміздің Туы желбірейді.

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Кіріспе:

-Мен «бізге қонақтар келе жатыр» деп бекерге айтқан жоқпын.Бүгінгі сабағымыз-

«Қонақжайлылық» деп аталады.

-Дәптерімізді ашамыз,тақырыпты жазамыз.

-Қонақ дегенді тағы қалай атауға болады?

-Мейман.

-Қонақ деген кімдер өзі?

-Үйге келген кісілер.

-Оларды шақырамыз ба?

-Иә.Шақырылмай да алыстан ағайын-туыстар келеді.

2.Суретпен жұмыс

Тақтада қонақтар жайлы сурет.Балалар суретке қарап әңгіме құрастырады.

3.-Жақсы,балалар,қонақ әртүрлі болады екен.Мынаны оқиық (Тақтадағы плакатта жазу.Екі бала дауыстап оқиды).

Қонақтың мынадай түрі бар:

1.Арнайы қонақ. Алыстан арнайы келген жақын туыс,сүйікті дос,жақсы жолдас.

Бұл - сыйлы қонақ.

2.Құдайы қонақ. Өзің танымайтын, білмейтін,шалғай елден жолаушылап жүріп ат

басын тірей қалған бөгде қонақ. Бұл-сауап қонақ.

3.Қыдырма қонақ. Ерігіп,желігіп,үйден-үйге қыдырып жүрген сандалма қонақ.

Бұл-далбаса қонақ.

4.Қылқима қонақ.Үй арасындағы түтіні түзу шыққан үйді аңдып,құлқыны үшін жүрген сандалма қонақ.Бұл -сұғанақ қонақ.

Балалар дәптерге қысқа түрін жазып алады.

4. Осы тақырыпқа байланысты әңгіме құрастырайық.

5.Оқулықпен жұмыс :

1 )Мұғалім оқиды

2 ) Оқушылар оқиды тұтас

3 ) Қиың сөздерді талдау: «қонақжай», «меймандос», «береке-құт», «құдайы қонақ».

6.Мәтіннен кейін берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

1 ) Қонақ деген кім?

-Ол- арнаулы шақырылған туыс-туған, жора -жолдас және арнайы іздеп келген кісілер.

2 ) - «Қонақжай» дегенді қалай түсінесің?

-Қонақты жылы жүзбен қарсы алып,барын ұсыну.

3 ) -Қонақтың қандай түрлері бар?

-Арнайы, құдайы, қыдырма, қылқима.

4 )-Қонақты ілтипатпен қарсы алу дегенді қалай түсінесің?

-Сәлемдесіп, жылы шыраймен жөн сұрау.

7. Мазмұның 2 баладан сұрау.

8. Көрініс. Қонақ келгенде. (Балалар өзі көрсетеді).

-Балалар , бізге қонақ келуі мүмкін.(Қонақ келеді):

-Ассалаумағалейкум!

-Уағалайкумассалам!Сәлем бердік!

-Төрге шығыңдар!

-Келіңіздер!

(Оқушылар қонақ күту рәсімдерін жасайды).

-Кәне балалар, ауылдың «алты-аузын» айтайық.(Бір бала терме айтады).

-Ой,өркенің өссін!

-Абыройлы бол!

-Енді «қонақкәде»сұрасақ қайтеді?

-Кәне,кәне қонақкәде сұраймыз. (Қонақкәде орындалады.Қонақ болып келген баланыңбіреуі өнер көрсетеді) .

-Сау болыңыз!

-Өнерің өрге жүзсін!

-Ал,қонақтар,аз әзір болғанша, алтыбақанға келіңіздер.

9. Суретпен жұмыс

-Ал енді, балалар, оқулықтағы суретке қарап, көрген көрінісімізді кірістіре отырып,

бірнеше сөйлем құрайық.

Балалар оқулықтағы сурет туралы әңгімелейді.

10.Қорытынды.Қала мен ауыл қонағының айырмашылығы.

11.Үйге тапсырма.

12.Бағалау.

13.Оқушылар орындарынан тұрып,сабаққа қатысып отырған кісілермен қоштасады: 1-оқушы: Қонақжайлы салтымыз, Оқып-біліп жатырмыз. Ата салтын сақтасақ, Арта берер даңқымыз. 2-оқушы: Сау болыңдар көргенше, Қайта айналып келгенше! Жиі келіп тұрыңдар, Қоштасайық ендеше! 3-оқушы: Біз еңбек сабағында бірнеше тағам түрлерін жасап үйрендік.Үйге келген қонаққа

Өзіміз ас әзірлеп бере аламыз.Қонақтарды өзіміз дайындаған ас мәзіріне шақырамыз. (Дайын үстелді ортаға қояды).


© 2010-2022