8 - наурыз халықаралық әйелдер күні

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ана - өмір шуағы»


І-жүргізуші:Армысың ауылымның асылдары!

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары!

ІІ-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз- Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі.

І-жүргізуші: Құттықтауға абзал жанды асығар

Ақ тілегін күн нұрындай шашуға.

Әр ұжымның ер басшысы табылар

Асыл жанға барлық сырын ашуға.-дей келе, құттықтау сөз мектеп басшысы Ж.Ж.Шаимовқа беріледі. Оқу ісінің меңгерушісі Сақжан Мәукенқызы Биляловаға беріледі

ІІ-жүргізуші: Халықта батыр да өткен, бағлан да өткен,

Ел едік ата текті мақтан еткен.

Жеті атасын білген ер азамат деп,

Бабалар өсиет қып айтып кеткен.

Бұл пәниден жақсы да, жаман да өткен,

Жиын той болмап па еді бізде көптен.

Қол соғып ел-жұртым демеп отыр,

Сөз қозғайық аналарға ізгі ниетпен.

І-жүргізуші:Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деген екен: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ».

ІІ-жүргізуші: Ана деген - жүректің батырлығы

Ана болу - өмірдің мақұлдығы.

Ана деген - бар өмірдің қызығы,

Азбайтұғын адамның асылдығы.- дей келе, сахнаға даярлық топ бүлдіршіндерін шақырамыз, қабыл алыңыздар.

І-жүргізуші: Тізсем де сөз сарасын, сөз шырынын,

Қай теңеу көзін табар өз сырының

Тербетіп тал бесікті таңды атырған,

Бұл құрмет бір минуттық көз шырымың.

Бір ізгілік өзің еккен бойдағы

Көкірегімнен жыр құсы боп сайрады.

Барлық әлем деп тұрғандай бүгін бір

«Құтты болсын Аналардың мейрамы!» - дей келе, сахнаға 1-3-сынып оқушыларын шақырамыз.

ІІ-жүргізуші: Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті 2-сынып оқушыларына береміз.

І-жүргізуші: Бақытты ғой шынында

Анасымен балалар

Құтты болсын мереке

Аман болсын аналар. -дей келе сахнаға 4 сынып оқушыларын «Құтты болсын тойларыңыз!» әнімен шақырамыз.

ІІ-жүргізуші:Ана-өмір, қолдаушысы әлемнің,

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.

Аялайық аналарды әрдайым,

Қуанышқа бөлейікші өздерін.

Әжелердің, аналардың, қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

І-жүргізуші: «Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап

«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап

«Ана» деген бәйтерегі өмірдің

«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ.-Сахнада бесінші сынып

оқушылары «Кукарелла» биі, қабыл алыңыздар

ІІ-жүргізуші: Ана деген-өмірдің кәусәр бұлағы,

Ана деген-тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген-теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

І-жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- «Қазақ қыздары» әні 8-інші сынып қыздарының орындауында

ІІ-жүргізуші: Ана деген-жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген-қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген-өмірдегі қамқорың,

Ана деген-сүйенерің, жан құрбың.

І-жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі

Бишілер өнерлерін көрсетуде. - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне «Хип-хоп» биін қабыл алыңыздар

ІІ-жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-кезекті «Қуанышым-қазынам» әніне береміз, сахнада Сарманова Сабина және Хамидолла Аяжан, қабыл алыңыздар

І-жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын апалардың баласы бар. -сахнаға Бисина Жанерке мен Темиртасова Айнараны шақырамыз . «Миниатюра»

ІІ-жүргізуші: Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғынам. - Айша-бибі мен Мақсаттың орындауында «Жан әжем» әнін қабыл алыңыздар,

І-жүргізуші: Ана деген-адамға құтты мекен,

Әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым

Бір күнгі ұйқыңнан садаға екен.- сахнада оныншы сынып жігітері тамаша «Интеллектуалды ойын»

ІІ-жүргізуші: Бар ізгілік өзің еккен бойдағы,

Көкірегіммен жыр құсы боп сайрады.

Барлық әлем деп тұрғандай бүгін бір

«Құтты болсын, құтты болсын Аналардың мейрамы!»- «Мы желаем счастья вам» 6 - сынып

І-жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.


© 2010-2022