Сын есімді пысықтау қазақ тілі 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САН ЕСІМДІ ПЫСЫҚТАУ

Қазақ тілі. 2-сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың сан есім және олардың жазылуы жайындағы алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, өз бетінше жұмыс істеу және сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жауапкершілікті сезінуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: қайталау сабағы

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, ана тілі

Әдісі: сұрақ-жауап, ойын, топтастыру

Сабақтың барысы:

Қош келдіңіздер, құрметті ұстаз-қонақтар!-дей отырып, балалар, орнымыздан тұрып, бас иіп жылы лебізімізді білдіреміз.

Ал, өзімізге: "Іске сәт!" дей отырып,сабағымызды бастаймыз.

Үй тапсырмасы: "Сиқырлы фигуралар" ойыны арқылы тексереміз.

Слайд.

Оқушы фигура таңдайды. (қандай фигура екенін айтады)

Сұрақ оқылады (мұғалім)

1.Қандай сөз таптарын білесің?

2.Жалқы есім дегеніміз не?

3.Сын есім дегеніміз не?

4.Күрделі етістік дегеніміз не?

5.Қосымшаның неше түрі бар?

6.Сан есім дегеніміз не? /мысал/

- Жауаптарың дұрыс, себебі сиқырлы фигуралар суретке айналды.

Өлең:

- Күн, сен неге күркірейсің?

- Көктем келді,көктем келді.

- Жаңбыр, неге сіркірейсің?

- Көктем келді,көктем келді.

- Бұлақ, неге сылдырайсың?

- Көктем келді,көктем келді.

- Құлын, неге құлдырайсың?

- Көктем келді,көктем келді.

- Гүлдер, неге жайнайсыңдар?

- Көктем келді,көктем келді.

- Құстар, неге сайрайсыңдар?

- Көктем келді,көктем келді.

- Балалар, осы қуанышқа біз де ортақтасып бүгінгі сабақтың тақырыбын ашайық:

Сан есімді пысықтау. Яғни, қорытынды сабақ.

Сан есім тақырыбынан алған білімімізді ортаға саламыз.

Слайд. /тақырып/ Сан есімді пысықтау.

Олай болса, дәптерімізді ашып, бүгінгі күн мен айды жазамыз.

Көркем жазу минуты: Кк әрпі. Көптен күткен көңілді көктем келді. /сөйлем/

Слайд.

Ал, балалар келесі жұмыс түрі: сөздік диктант /дәптерге жазу/

Тапсырма: Берілген сандарды сөзбен жазыңдар. 16,182,603,748,7

Тексеру: Өзара дәптер алмастыу.

Слайд. сандардың жазылуы. /бір балаға оқыту/

Сонымен балалар, сендер сандарды оқуды, сан есімдерді жазуды білесіңдер.

Ал, сендер, олардың шығу тарихы туралы білгілерің келе ме?

- Алғашқы сан қашан пайда болды?

- Бізді жан-жақтан сандар қоршайды, олар бізге барлық жерде қажет: Уақытты білу, тіпті қалтамыздағы телефонымызды пайдалану үшін де біз сандарға жүгінеміз. Тіпті өздерің оқып жатқан математиканы сандарсыз елестету мүмкін емес.

Ғалымдардың нақты ғылыми дерегіне сүйенсек сандар осыдан 5 мың жыл бұрын Египет және Месопотамияда пайда болыпты. Бұл екі ел бірінен-бірі өте алыста болса да, сандарды белгілеуде ұқсастық бар екен.

Египеттіктер сандарды папирус жапырағына жазды, Месопотамияда иленген саз балшықты тегістеп, соның бетіне жазыпты.

Сандарды белгілеу үшін біреулері таяқшаларды қолданыпты, ал біреулері әр түрлі формадағы белгілерді қолданыпты.

Слайд.

Ежелден өмір сүріп келе жатқан халықтардың көбі сандарды жазуда өздерінше ойлап тауып пайдаланған және математикалық амалдарды ертеден-ақ қолданған. Олардың қатарына: Рим,Қытай,Орталық Америка, Араб елдері жатады. Ал Папуа- Жаңа Гвинея аралдарындағы тайпалар саусақтарын, аяқ башпайларын және дене мүшелерін санаған.

Мысалы: адам-20, мұрын-14 т.с.с

Қорытып айтқанда:күнделікті өмірімізде сандардың маңызы өте зор.

Слайд.

Келесі тапсырма: Зерделі сұрақ, дәлелді жауап.

- Отбасыңда неше адам бар?

- Сен үйде нешінші баласың?

- Неше әпкең бар?

- Неше сіңілің /інің, қарындасың/ бар?

Қорыта айтқанда: біз сандар арқылы өзіміздің және қоршаған орта туралы толық мағлұмат береді екенбіз.

Слайд. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қой:

Ит /7/ қазынаның бірі. Ғарышқа /2/ қазақ ғарышкері ұшты. т.с.с 191 бет,

4-жаттығу

- Ал енді, баларлар, неге жеті қазына, неге 8 емес, 4емес / ер жігіт, ілім-білім, ат, ит, мылтық, бүркіт/

Қазақ халқы да сандарға аса мән берген. Ата- бабаларымыз 3,7,9,12,40 сандарын қасиетті, киелі сандар деп есептеген.

Мысалы: 3 (жұрт, қуат, арсыз,қадірсіз, жамандық, мұрат, тәтті)

7(қазына,ата, ұрпақ, күн, жұт, т.с.с)

9 (тоғыз санына байланысты халқымыздың әдет-ғұрпы, салтына қатысты мақал-мәтел, сөз тіркестері те көп. Мысалы: білетінім 1 тоғыз, білмейтінім 90 тоғыз, тоғыз құмалақ т.с.с)

12 (Қазақ күнтізбесі бойынша 12 айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аттары берілген)

40(Бұл санға байланысты ырымдар, тиым сөздер, әдет-ғұрыптар жеткілікті. Мысалы:баланы қырқынан шығару)

Сергіту сәті:

Слайд.

Сурет бойынша әңгіме құрастыру. /топпен жұмыс/

Сан есімдерге сұрақ қою.

Слайд.

Берілген сөздердің ішінен сан есімдерді теріп жаз.

Сонымен, балалар, бүгін біз сан есімді қайталадық, білімдерімізді ортаға салдық.

Ендеше:

Сан есім дегеніміз не?

Реттік сан есімге мысал келтір..

Ойын: Ойлан, тап! 86 санына 12-ні амал қолданбай қалай қосуға болады?

/бөлек плакатта/

Шеше алмаса,тапсырманы үйге алады.

Бағалау.


© 2010-2022