Балықшы мен бақалшы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу

Сабактың такырыбы: Балыкшы мен бақалшы (ертегі)

Сабактың максаты:

1.Ертегі мазмүны мен идеясын халкымыздың аталы сөздерімен байланыстыру арқылы талдауға негіз жасау.

2.Окушының шығармашылық дағдыларын дамыту.

3.Туған жер табиғатын аялау, табиғат пен адам қарым-қатынасындағы заңдылықтарды түсінуге талпындыру.

Сабақтың көрнекілігі:

тақта, плакат, маркер, «Венн диаграммасы».

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

- Балалар, сендер бесік жырын білесіңдер ме? Оны кім айтады? Тақтада немесе плакатқа жазылған жырды іштей оқу:

1 2

  • Әлди, әлди, әуайым, Әлди, әлди, жаманым,

Атқа тоқым жабайын. Оңай менің тамағым.

Айдын кезген анаңды Іске асса амалым,

Шақырайын, табайын. Лезде байып аламын!..

Ойнақташы кұлындай

Еркелеші үлымдай.

Менің балам бола ғой,

Жылағанды коя ғой...

- Сендерге осы екі жырдың кайсысы ұнады? Жырды кім айтып отыр деп ойлайсындар? Оқушылардың пікірлерін тыңдау.

II. Мағынаны тану.

Тақырыпты жазу (Оқушылар топтарға бөлініп отырады).

Ертегінің бір жартысы (Мысалы, «Бакан ата тұңғиықка батып кетеді» деген жерге дейін үш бөлімге бөлініп, жеке парақтармен окушылардың алдына үлестіріліп беріледі.)

Тапсырма: 1. Мәтін бөліктерін оки отырып, мазмұнына карай ретімен орналастыру. Орна-ластыру себептерін дәлелдейді.

Ертегі мазмұнын айтуға дайын болу.

1-топ. 1-бөліктің мазмүнын әңгімелейді.

2-топ. 2-бөлігін әңгімелейді.

3-топ. 3-бөлігін әңгімелейді.

4-топ. Сабак басында окушылар айткан бесік жыры туралы болжамды талдай келіп, Балық-шыны сипаттайды. (Балықшының сипаты «Венн диаграммасына» толтырылады. Кейін тағы да жалғастырылады.)

Балықшы мен бақалшы

- Балық өзінің балаларын неліктен бакалшыға тапсырмай, балықшыға тапсырды?

Оқыған үш бөлікке ат қою, яғни жоспар жазу. Бұл тапсырмамен жұмыс барысында оқушы мәтінді тағы бір рет зерттей окуға мүмкіндік алады.

Мысалы:

1. Балықшы Бақан.

2. Бақалшы саудагер.

3. Қамқорлық.

- Ертегідегі кейіпкерлер қандай жақсы қылығымен көрінді?

Балық пен балықшының бір-біріне жасаған жақсылығын қандай мақалмен түсіндірер едіңдер?

Оқушылардың көңіл күйіне мәтін мазмүны әсер ететінін байқамау мүмкін болмайды, сондықтан:

- Балалар, Балықшыны сендер өкіне қимай отырғандықтарыңды байқаймын. Ертегіні ары карай өздерің ойша жалғастырып, атайды құткарып алу жолын ойластырып көрсек қайтеді.

Оқушылардың ұсыныстары тыңдалады.

- Балалар, сендердің ойларың кандай тамаша. Дегенмен, ертегінің калай аякталғаны да кызыктыратын болар. Ол қалай аяқталса да, білуіміз керек.

Ары қарай ертегіні іштей оқу

(Әдебиет сабағында, мәтінді талдау кезеңінде, окушылар үзінділерді мәнерлеп, дауыстап, жартылай дауыстап оқу арқылы оқу мәнерін көрсете алады).

Ертегі мазмұнын қалай ұқкандарын білу мақсатында сұрактар койылады:

- Бакалшы өзінің Бақан атынан калай айырылып қалды?

- Бакалшы кандай адам? (Балықшымен салыстыра отырып, бақалшының сипатын «Венн диаграммасы» арқылы ары қарай толықтыру.)

- Бакалшының жағымсыз адам болуына не себеп болды деп ойлайсындар?

Жаман қылықтардың зияны адамның өзіне қайтып келетіні ертегінің басты идеясы екенін сезіну үшін, «Біреуге ор қазба, өзің түсерсің» деген мәтел мағынасымен түсіндіру.

III. Ойтолғау.

Жоспарды ары қарай жалғастырып жазу.

- Ертегі саған ұнады ма?

- Ертегінің аянышты сәттерінен үзінді оқы.

- Өзің үшін ертегінің өкінішті сәтін тауып кор.

- Ертегіге жазған жоспарыңды оқулықтың тапсырмалар бөлігінде жазылган жоспармен салыстыр.

Ергегінің жанрлық ерекшелігін ашу арқылы ауыз әдебиетінің түрлері туралы 3-сыныпта оқығандарын естеріне түсіру. Мысалдармен салыстыру, т.б.

Үйге тапсырма:Ертегіні түсініп оқып, жсопар бойынша әңгімелеу. Мәтелді толықтырып жазу.


© 2010-2022