Әдебиеттік оқудан ашық сабақ Ана құшағында

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ғ:Мүсірепов «Ана құшағында»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік

Оқушыларға Ғ.Мүсіреповтың Қазақ солдаты романынан үзінді «Ана құшағында» атты әңгімесінен түсініп оқуға және түсінгенін әңгімелеп айтуға үйрету.

2.Дамытушылық.

Өзекті,түйінді ойын ашуға жағдай жасау және байланыстырып сөйлеу барысын қалыптастырып,әр түрлі тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік мақсаты.

Мейірімділік және алдарына қойған мақсатқа жету.

Сабақтың көрнекілігі.Интерактивті тақта,Ғ.Мүсіреповтың кітабы,Қайырғали Смағұловтың суреті.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ жауап,дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

Психологиялық дайындық.

-Балалар бүгінгі сабағымыз жақсы көңіл күймен өту үшін,бір-бірімізге жақсы тілек айтудан бастайық.

«Жүректен жүрекке жету» бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік!

II Үй тапсырмасын тексеру.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Үлек

-Үлек дегеніміз не екен?

-Үлек нардың бурасы.

-Үлекке сипаттама берейік.

-Жалғыз өркешті,айбары сұмдық,кісіге шабады.

Сызба

-Түйе жейтін қандай шоптер айтылған?

/изен,жусан,сор шөбі/

Тағы қандай шөптер қосуға болады?

/селеубояу,ақсексеуіл,кермек/

-«Портрет» денеіміз не?

Олай болса Мүлкібай ата портретін кім айтады?

-Қоржиған,бойы кішкентай,ап-арық,көңілді балаларды жақсы көреді.

-Мазмұнын айту

Жоспары:

1.Ауыл адамдарының түйелері жазыққа айдауы

2.Жолаушының қорқуы,үлектің шайнап тастайтындай ұмтылуы

3.Бірде балаларды жинап хабарлауы

4.Түс

5.Үлек төбе басына шығып,шабынып тұр

6.Мүлкібай атаның тоқтатуы.Түйе жинау

7.Баланың әкесіне айтуы

III Жаңа сабақ.Кіріспе бөлімі.

Ғ.Мүсіреповтың суретін,кітаптарын көрсету

-Қазақтың көрнекті жазушысы Ғ:Мүсірепов 1902-1985 жылдар аралығында өмір сүрді.Оған арнап Алматы қаласында ескерткіш қойылды. «Қазақ солдаты» атты романынан үзінді «Ана құшағында»әңгімесін бізге ұсынып отыр. Қайырғали Смағұлов өмірде болған адам .Сол кісінің балалық шағы баяндалады.Қайырғалида бәрі Қайрош деп атайды.10 жастағы Қайрошқа ауылдың сиыр,бұзау,торпағын бақтырып қояды.Оның алдында 87 бас мал салып беріп, «егер бір малды жоғалтсаң,10 жыл қораға қамаймын»-дейді қара мұртты.Қайрош оқимын деп жүргенде бір қасқа торпақ жоғалып кетеді.Іздеп таппайды.Жер жұттыма?Ізі де жоқ.Қорқып кеткен Қайрош қалаға қаша жөнеледі.

-Балалар! Сендермен жасты,ойын баласы,әрі жетім Қайрош қандай қиыншылықтарға кездеседі және ауылдың бар малын бағып жүріп бала нені армандайды?

-Қабырғасы қатпаған 10 жасар жетім бала,аш-жалаңаш жүріп,нан тауып жеудің амалын кешті.

-Қайрош оқып,білім алуды арман етті.

Мұғалім:-Балалар үйі кімдерге арналған?

-Панасыз,әке-шешесі жоқ баларға арналған.

Сурет.Гурьев-қазіргі Атырау қаласы.

Апасының даусы.

-Құлыным Қайрошым...Қайда жоғалып кеттің?-деп әлсіз дауыс естіледі.

Мұғалім:-Кімнің даусы деп ойлайсыңдар?

-Әрине анасының даусы.

  1. Әңгімені жалғастыра оқу.

1.Мұғалімнің мәнелеп оқуы.

2.Оқушылармен бірлесе отырып мазмұнын айту.

Сергіту сәті: «Киіз үй»

  1. Дәптермен жұмыс. Қаңтардың жиырма алтысы

Сынып жұмысы

Ғ.Мүсірепов «Ана құшағында»

Қайроштың анасына сипаттама беру.

Басында ақ жаулығы,үстінде көк шұбар,кең көйлегі бар.

Мінезі мейірімді.

Сөйлеген сөзі: -Құлыным Қайрошым...Қайда жоғалып кеттің?

  1. Топтық жұмыс.

1-топ Ана туралы мақалдар айту

2-топ Ана,аяулы,мейірімді,әрқашан балалар тірегі сөздерін қолданып шағын әңгіме жаз

3-топ.Ана туралы тақпақ немесе ән айту



  1. Сабақты қорыту.

  1. Ғ.Мүсіреповтың қандай әңгімесімен таныстық?

  2. Қандай кейіпкерлермен таныстық?

  3. Әңгімедегі соңғы үш сөйлемді жаттап алайық.

4.Ана-өмірдің гүлі,сәні,тірегі.Аналарымызға қамқор болайық.

  1. Үйге тапсырма.

Әңгімені түсініп оқу.

«Менің анам» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

Бағалау



© 2010-2022