Математикадан сабақ жоспары Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептер

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математикадан сабақ жоспары Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептерМатематикадан сабақ жоспары Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептерМатематикадан сабақ жоспары Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептерМатематикадан сабақ жоспары Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептерМатематикадан сабақ жоспары Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептерМатематикадан сабақ жоспары Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептерМатематикадан сабақ жоспары Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептерМатематикадан сабақ жоспары Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептерМатематикадан сабақ жоспары Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептер№ 6. Тақырыбы: Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептер

Мақсаты: Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептің жаңа түрімен және оның шығарылуымен таныстыру; қосуды көбейтумен, көбейтуді қосумен алмастыра білуге үйрету; салыстыру, талдау біліктігін дамыту.

Көрнекілігі: сызба геометриялық фигуралар. Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық . Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. - Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 4 (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)

ІІІ. Өткенді қорыту: 1. Көбейтудің компоненттерін атау. Көбейтуді немен тексереміз? Көбейткіштердің орны ауысқаннан ... ? 2. Ауызша жаттығулар.

а) Мен көбейту белгісімін,

Қосуды оңайлату үшін

Ең алдымен бар балаға

Санап шығуды ұсынамын.

Екілікпен санаңдар, әуелі 0-ден 20-ға дейін және керісінше.

Үштіктермен санаңдар, 0-ден 30-ға дейін және кері.

ә) - Жұбын тап, меңзермен біріктір.

4 ∙ 4

7 ∙ 4

2 +2

2 ∙ 2

7 +7 +7 +7

3 ∙ 3

4 ∙ 2

3 + 3 + 3

б) Мысалдар тізбегін шешу.

24 ∙ 2

48 +48

6 + 6 + 6

4 ∙ 2

2 + 2∙

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: (кіріспе) Сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. №1 есепті шығару.

- Балалар, мына есептің шығарудың нұсқасын өздерің ойланып табыңдар, шешімін түсін

діріңдер.

?Шешуі: а ) 12 + 12 + 12 + 12 + 12 + 12 + 12 = 84

12 ∙ 7 = 84

Жауабы: 7 үйде 84 пәтер бар.

12

7

ә ) Есеп шешуінің жазылуын қалай дұрыс оқу керек:

12-ден 7 рет алу керек;

12-ні 7 ретке көбейту керек;

12 -ні 7-ге көбейту керек?

ҮІ. Сергіту сәті.

Мен домалақ апельсин. Орманда күннен нәр алған.( қолдарын көтеріп керіледі)

Алманың да, алмұрттыңда досымыз. ( біріне- бірі бұрылып, қолдарын көтереді)

Біз піскен шиелерміз, шыққан күннің көзінен. ( отырып, тұрады)

Мұғалім: ал жемістер, сап түзейік бәріміз,

Қатар тұрсақ жеміс-жидек бағымыз.

(қолдарын көтеріп, екі жаққа теңселеді.)

ҮІІ .Түсінгендерін тексеру:

№ 2 есептішығару.

?Шешуі: 6 + 6 + 6 + 6 + 6 + 6 + 6 + 6 =

6 ∙ 8 = 48

6

8Жауабы: барлығы 48 жапырақ жинады.

№ 2 (2)

7 ойыншық - 2 емен жаңғағынан шешуі: 7 ∙ 2 = 14 немесе 2+2+2+2+2+2+2= 14

Барлығы - ? жаңғақ жауабы: барлығы 14 емен жаңғағын пайдаланды.

Оқулықпен жұмыс. № 3, № 4, №7.

Жұптасып жұмыс істеу. № 6. Кестені толтыру.

а

30

150

360

280

690

900

а + 10

40

160

370

290

700

910

а - 10

20

140

350

270

680

890

Қосымша тапсырмалар.

а) № 7 тексеріп, қатесін тап:

8 ∙ 7 > 8 ∙ 6 2 ∙ 44 > 2 ∙ 45 4 ∙ 10 > 3 ∙ 10

9 ∙ 4 < 9 ∙ 5 8 ∙ 3 < 8 ∙ 7 3 ∙ 5 < 3 ∙ 4

ә) Бесбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары а сантиметрге тең. Оның периметрін өрнек түрінде жаз. а = 5, оның мәнін тап.

Р = 5 + 5 + 5 + 5 + 5 = 25(см) немесе Р = 5 ∙ 5 = 25 (см)

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:

Бүгінгі сабақтан қандай қызықты нәрсені білдіңдер?

Нені үйрендіңдер?

Шығармашылық жұмыс. № 9 Жауабы: 1) болады; 2) болмайды; 3) болмайды.

Үйге тапрсыма: № 5, 10; 12 бет. Бағалау



© 2010-2022