Разработка урока в 1 классе Әліппеге мың алғыс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Әліппеге мың алғыс!» атты ертеңгілік.


Білімділік мақсаты: оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата-аналарға көрсету, белсенділігін арттыру. Дамытушылық мақсаты: тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту. Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін-бірі сыйлауға ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: қазақ әліпбиі, суреттер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулығының мұқабасы, шарлар. Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі біздің мерекеміз әліппенің мерейтойына арналып отыр. «Әліппеге мың алғыс!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, бірі әзірге жалғызы, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр. Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сонымен «Әліппеге мың алғыс!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз!

Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі жүні бөртеде

Қырғауыл қызыл екен,

Құйрық жүні ұзын екен. Баяғы заманда үш үй болыпты: біреуі көк, біреуі қызыл,үшіншісі ақ үй. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар, ал ақ үйде айыру және жіңішкелік белгісі тұрыпты. Олардың атасы «Әліппе» деген дана болыпты. Осы үш үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, көк үйде дабырлаған түсініксіз дыбыстар, ал ақ үйдегі әріптер мүлдем үнсіз өмір сүріпті. Бұны көрген Әліппе «Осы үш үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөйлем пайда болыпты. Енді кезекті осы әріптерге берейік!

1-оқушы Мансұр

Ата-ананың тілегі

Адам болып өскенін

Адамдықтың тірегі

Адам болып өскенін.

2-оқушы Диляра

«Ә» әрпі қасиетіне көңіл бөлсең,

Әдепті біздің Әділет және Әрсен.

Әрқашан әкелерді құрметтейік,

Ә әрпінің әсерін білгеннен соң.

3-оқушы Абылайхан

«Б» - дегенім білім
Бізге төгер нұрын
Байыпта да бәрін
Білімді бол бәрің

4-оқушы Жанайым
«Е» - дегенім ертегі
Бізге сырын шертеді
Еңбек, есті ерлікті
Үлгі қылып ертеді


5-оқушы Ерсайн
«З» - дегенім зейін
Зерделі оған бейім
Білім алып, оқы
Қалып жүрме кейін


6-оқушы Ырысты
«С» дегенде салмақты
Сабырлы бол, жан-жақты
Сүйкімді бол саялы
Өзгелерге ардақты


7-оқушы Ағынтай
«Т» деген төл есімім
Туған жер, тал бесігім
Тәуелсіз ел - Қазақстан
Қыран бол, қалықтаған!

«З» 8-оқушы Шыңғыс

Заузадан көре аласың

Заңғардан таба аласың

Байқамасаң анықтап,

Үш екен деп қаласың.

«Д» 9-оқушы Дина

Думан қызық дәурені балалықтың,

Дастан менен Досымжанға қарап ұқтым.

Достарым, бұл сөзімнің бәрі дұрыс,

«Д» дыбысы белгісі даналықтың.

«Ұ» 10-оқушы Алихан

Ұрыншақ бала жанында

Ұрыс пен керіс, айқай-шу

Ұстамды бала жанынан

Ұнамды қылық байқайсың.

«Ш» 11-оқушы Малика

Шындықты сақтаймыз,

Шыншылды жақтаймыз.

Шаршы топ алдында

Шығарып мақтаймыз.

«І» 12-оқушы Дамир

Інілерді ағалар

Ісімен бағалар

Ілер жүлде жарыспа

Іркілмеген балалар

«Ң» 13-оқушы Даяна

Шаңда бар,

Шамда жоқ,

Аңда бар

Малда жоқ.

«Ъ» 14-оқушы Айдан

Дыбыс жоқ өзінше

Тыныс жоқ өзінше

Қатаңдатып жіберер

Өзге әріпті көзіңше

.

«Ч» 15-оқушы Санжар

Чиполино тапқыр бар,

Чекистердей батыл да,

Чукина, Чуваш басқалар-

«Ч» әрпінен басталар.

Мұғалім
Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым данасы.

Әліппеден басталған, Даналықтың данасы, - деп Мұқағали Мақатаев атамыз жырлағандай, болашаққа жол бастар ол сүйікті

Хормен: әліппе, әліппе, әліппе!
- Ендеше әріптердің атасы Әліппеге шексіз алғысымызды білдіре отырып, ортаға шақырайық!

  • Әліппе, әліппе!

(әліппе шығады)

Әліппе

Армысыздар,жас достар!

Армысыздар ата-ана.

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.


Қыз: Сәлеметсіз бе, Әліппе!Сізді көруге өте қуаныштымыз! Әліппе, біз сенен тек жазуды, оқуды ғана үйреніп қана қоймай, түрлі ертегілерді өттік. Ол ертегілерді барлық оқушылар қызыға оқып, жатқа біледі. Әліппе: О, қандай керемет, ендеше балалардың тапқырлығы мен ертегі кейіпкерлерінің рөлінде қаншалықты жақсы ойнайтынын сынап көрейікші. Қыз: Ендеше балаларды ортаға шақырайық! «Үш жалқау» ертегісін сомдайды. Әліппе: - Жарайсыңдар балалар, ертегілерді көп біледі екенсіңдер. Қыз: Әліппе біз сізге арнап өлең айтып бергіміз келеді.

Өлең Қош бол, құтты Әліппем!

Әліппе: -Рахмет балалар!

Бізге бүгін 2 «А»сынып оқушылары құттықтауға келді. Қарсы алайық. Оқушылар құттықтап би билейді. Қыз: - Әліппе саған тағы бір сыйлығымыз бар. Бізде балалар тек білімді ғана емес,сондай-ақ бишілеріміз де бар. Ендеше биші қыздарымызды ортаға шақырайық!

Диляра, Малика, Жанайымның орындауында би.

Әліппе:

- Қандай жақсы!

- Мұғалім:

-Енді біздің оқушылар қаншалықты әліппені менгергеніне куә болыңыз.

«Қалпақ» ойыны жүргізіледі.

Ойынның шарты: музыка ойналады, қалпақты оқушылар дөңгелене тұра бір-бірінің басына кигізеді. Музыка тоқтатылғанда, қалпақ кімнің басында қалса соған сұрақ қойылады. Сұрақтар:

  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  2. Дыбыстардың түрлерін ата?
  3. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
  4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
  5. Қатаң дыбыстарды ата?
  6. Ұйқасын тап. -ра,-ра, -ра келіп қонды ара (оқушы жалғастырады ).
  7. 3 санына ұқсас әріпті ата?
  8. А дыбыс сөздің қандай буындарында кездеседі?
  9. Дауысты дыбыстардың саны қанша?
  10. Дауыссыз дыбыстардың саны қанша?
  11. Қазақ әліпбиінде қанша әріп?
Әліппе: Қандай керемет!

Мұғалім:

Енді Әліппемен қоштасатын да кез келді.Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен.
Біз Әліппенің арқасында жазу жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз, сөйлем құрауға дағдыландық. Ендеше Әліппеге не деуіміз керек ?
Хормен:
Әліппе рахмет !
Әліппе:
-Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын менің досым Ана тілі пәнімен танысасыңдар.

Қыз:Қане, Ана тілін ортаға шақырайық.
Хормен:
Ана тілі, Ана тілі!
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
- Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.

Әліппе: Ал балалар, мен өзімнің «білім кілтін» досым Ана тіліне беремін.

Мұғалім :
Қош бол, құтты Әліппе,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.

Оқушылар әліппеге рахметін айтып шығарып салады.

Сөз кезегі ана тілге беріледі.
Ана тілі:

-Балалар, мен сендерге бір сыйлық әкелдім. Қане, ол не екенін тауып көріңдерші! Қане, қане, кім тапқыр екен? Көрейік.

(балалардың жауабы)

Ана тілі: Балалар сендердің осы күнге дейін білімдеріңе баға қойылмады. Енді жаңа жылдан кейін сендерге баға қойылады. Қай баға жақсы екенін білу үшін,бағаларды өзіммен бірге ала келдім. Бағаларды сөйлетіп көрейік.
«2»

2 дегенің нашар баға,
Інішегім нашарлама.

«3»

3 дегенің орта баға,
Сапасы оның орта ғана.
«4»
4 дегенің жақсы баға ,
Алады оны жақсы бала.
«5»
5 дегенің үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.
Ана тілі:
-Балалар, ең жаман бағалар қайсы екен ?
-Ендеше бұл бағаларды ортамыздан аластатайық. (балалардың жауабы)
-Ендеше , ең жақсы бағалар қайсы екен ?
-Әрине ол, 5 пен 4.

Мұғалім:

Оқушылар фу,фу,фу деп желдете отыра 2 мен 3 бағаны ортадан алыстатады.

Оқушылар Ана тіліге Әліппе пәнін қаншалықты меңгергендерін ойын арқылы жеткізеді.

Ойын: «әріп»

Ойынның шарты: оқушы құлағына ілмек киіп телефонынан музыка тыңдайды. Оған қарсы тұрған оқушы кез-келген әріпті дауыстайды. Музыка тыңдай отыра баланың айтқан дыбысын атау керек. Солай ойын жалғаса береді.

Ана тілі:

-Жарайсыңдар! (мадақтап қошеметтейді).

Мұғалім:

- Әліппені оқу барысында ата-аналардың қосқан үлесі өте мол. Бақытты балалық шағы үшін, ата-аналар сіздерге көп рахмет !

Ата-ананың тілегі,

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің - деп ата-аналарға сөз беріледі.

Тілектерін айтып оқушыларға шашу шашады.

Разработка урока в 1 классе Әліппеге мың алғыс

«Әліппеге мың алғыс!» атты ертеңгілік










«Үш жалқау» ертегісінен көрініс.


Разработка урока в 1 классе Әліппеге мың алғыс






«Қалпақ» ойыны.




Разработка урока в 1 классе Әліппеге мың алғыс








Разработка урока в 1 классе Әліппеге мың алғыс

«Дыбыс» ойыны

Разработка урока в 1 классе Әліппеге мың алғыс


© 2010-2022