Әдебиеттік оқу. Көктем келді (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу. Көктем келді (2 класс)Әдебиеттік оқу. Көктем келді (2 класс)Әдебиеттік оқу. Көктем келді (2 класс)Сабақтың тақырыбы: М.Әлімбаев Көктем келді
Сабақтың мақсаты:

Білімділік:«Көктем келді»өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру,өлеңнің шумақтарын мәнерлеп,түсініп оқи білуге жаттықтыру, көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау,талдау,салыстыру,өз беттерімен ойлау дағдыларын дамыту,жүйелі мәнерлеп сөйлей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:Жауапкершілікке,бірін-бірі сыйлауға,табиғатты сүйіп,аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Cұрақ-жауап,түсіндіру,ой қозғау,тірек сызба
Сабақтың көрнекілігі: ақындардың портреті,тірек сызба,сөзжұмбақ
Пәнаралық байланыс: Дүниетану ,бейнелеу өнері,қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,

Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Әр топтан 1 оқушыға Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Атай» өлеңін мәнерлеп оқыту,сұрақ қою арқылы білімдерін бағалау.
-Өлеңнің мазмұны кім жайында?
-Өлеңдегі негізгі ой не?
-Өлеңде жылдың қай мезгілі жайлы айтылады?
- Сурет бойынша көктемгі еңбек түрлерін ата.
ІІІ. Жаңа сабақ:
І. Қызығушылықты ояту

Жұмбақ шешу

Қар кетіп,

Қыр көгерді,

Құс қиқуы көбейді.

Жерге диқан дән сеуіп,

Қорадан жас төл өрді. /көктем/

Жұмбақтың көктем туралы екенін қай сөздерден байқадыңдар? /балалар жауабы/

Проблемалық сұрақ

Көктем деген сөз қандай мағына береді? Ойланып көріңдерші.

Көктем - көк шығады, көктейді.

Көктемді басқаша қалай атайды?

Жазғытұрым

Бұлай аталуы неліктен? Көктемнен кейін жаз мезгілі келеді. Жазға салым, жаз жақындады деген сөз.

Суретпен жұмыс

Оқушыларға көктем көрінісін бейнелейтін бірнеше сурет ұсынылады:

Суретке назар салыңдар. Суреттерге қарап, Көктем келді деген тақырыпқа әр оқушы бір-бірден мағынасы өзара байланысқан сөйлем құрулары керек.

Сергіту сәті: Аспанға қарап ай көрдік,төменге қарап жер көрдік

Оңға, солға бұрылып, егеменді ел көрдік.

Бір, екі, үш, бойға жинап күш!

Айтқан тілді аламыз, біз бақытты баламыз!

Олай болса, бүгінгі сабағымызда көктем мезгілі туралы өлеңдермен танысамыз.-Бүгін Мүбарак Жаманбалинов пен Мұзафар Әлімбаевтың «Көктем келді» өлеңдерімен танысамыз.

а/Автормен таныстыру:

Мүбәрак Жаманбалинов - 1924 жылы 7 қарашада Павлодар облысының Железинка ауданындағы Тәттімбет деген ауылда туған. (2007 жылы) Балалар ақыны,жазушы.
Алғаш рет 1974 жылы «Балғын гүлдей балақан» бір томдық өлеңдер жинағы жарық көрді.«Жауқазын» атты таңдамалы жинағы бар

«Айна бұлақ» , «Сәлем» , «Ертіс лебі» , «Кішкене достарға» , «Менің іні, «Батыр ұстаз» атты шығармалары бар.

ә/Өлеңді мәнерлеп оқыту.
-Өлеңді жазған кім?
-Өлең жылдың қай мезгілі жайлы?
-Өлеңнің мазмұнына сай қандай ат қоюға болады?
б/Өлеңге сай қимыл қозғалыс жасау.
-Келесі танысатын өлеңіміз Мұзафар Әлімбаевтың «Көктем келді» өлеңі.

а/Автормен таныстыру:

Мұзафар Әлімбаев - 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында туған жазушы, ақын.300 өлеңіне ән жазылған. Өлеңдері 38 тілге аударылған. 8жасында анасынан айырылды.5жасында әріп танып оқып , 6 сыныпта бір қыста 150-ден астам кітап оқып тауысқан.
«666 мақал мен мәтел» «Өрнекті сөз - ортақ қазына», «Маржан сөз», «Нақылдар». «Батамен ел көгерер», «Халық - ғажап тәлімгер», «Нақылдың төркіннамасы» деген жинақтар мен зерттеу еңбектері бар.

«Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Орақ - олақ», «Шынақсаң шымыр боларсың» деген кітаптары бар
ә/ Өлеңді мәнерлеп оқу.
б/ Әр шумақты жеке-жеке оқытып, айтылып тұрған ойды таптыру.
в/Өлеңді әр топқа дауыстап оқыту.
г/Өлең соңындағы тапсырмаларды орындау:

Көктем белгілері:
Күн жылуынан көлдің мұзы, жердегі аппақ қар ериді.
Аспанда күн күркіреп, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады.
Ағаштар бүршік жарады, құстар келеді.Жердің беті кілем төсегендей құлпырады.
Шығармашылық тапсырма:
Өлең ұйқасын табу

...................... көктемде, /көктем, көктем, көктемде,/

..................... жеткенде. /құстар келіп жеткенде/

........................ ... еріп, /күн ұзарып, қар еріп/

....................... толады. /су сайларға толады./

Көктем тақырыбына сурет салу.
ІҮ.Сабақты қорыту:

Ой толғаныс

Екі өлеңді салыстыру.

М.Жаманбалинов М.Әлімбаев

Көктем келді Көктем келді

« Көктем келді» топтастыру.

Ү.Үйге тапсырма:

М.Жаманбалинов пен М.Әлімбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу,жатқа айту.
Бағалау.



© 2010-2022