Баяндама на тему «Тілді меңгеруде флип-чарт сабақтарының тиімділігі»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:





Баяндама





Тілді меңгеруде флип-чарт сабақтарының тиімділігі



Шал ақын ауданы

Новопокровка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі: Осипова М.У.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз саясатында білім беру ісіне айрықша мән беріп отырады. Мемлекет басшысы бүкіл қоғамды біріктіретін ең маңызды фактор- қазақ тілін оқыту сапасын көтеру екенін нақтылап атап айтты. Заман талабына сай біліктілігімізді арттыру мақсатында аудан орталығында «Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының қауымдастығы» корпоративтік қорының әдіскерлері орыс мектептерінде жұмыс істейтін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдерімен « Мемлекеттік тілді меңгерудің инновациалық технологиялар жүйесін құру » жобасы аясында аймақтық семинар өткізді. Бұл семинарға төрт ауданның қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қатысты.Бұл семинарда мұғалімдерге 9 сыныбына арналған оқулық, әдістемелік құрал, диктанттар жинағы және де флипчарт- сабақтары ұсынылып, материалмен жұмыс жүргізудің тиімділігі туралы сөз қозғалды.

Ұсынылып отырған оқулықта оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 9- сыныбына арналған күнделікті коммуникативтік қарым-қатынаста қолданылатын әлеуметтік-тұрмыстық,әлеуметтік-мәдени, оқу-еңбек аясының мазмұнындағы лексикалық мәтіндер,тапсырмалар мен жаттығулар берілген.Оқулықта берілген материал жаңа бағдарламаға сәйкес жасалған,мазмұнды әрі жүйелі құрылған.Грамматикалық тарауында көмекші есім,қосарлама қос сөз,етіс,етістік тақырыптары ,лексика тарауында кәсіби сөздер,терминдер,жалпы халықтық қолданыстағы сөздер қамтылған.

Флипчарт-сабақтары екі дискіден ,әр диск 16 сабақтан тұрады. Әр сабақ қызықты,әсем безендірілген суреттерден,мақал-мәтелдер жинағынан ,сөздікпен жұмыс түрінен ,сөздерді сәйкестендіру,мәнерлеп оқу, ән тыңдау секілді жаттығулардан тұрады.Қызықты жағы мәтінді,өлеңді мәнерлеп оқу,ән тыңдау диктордың баяндауымен оқылған. Бұл оқушыларды жаңа дауыспен оқылған өлеңді,әнді тыңдауға қызығушылығын арттырады.Дайын флипчарт -сабақтарымен жұмыс барысында әр түрлі қосымша жаттығу жұмыстарын жүргізуге өте тиімді,әрі мұғалімнің уақытын үнемдейді. Мысалы; сөздерді сөз құрамына талдау,сөз тіркесін құру,сөздікпен жұмыс,сөйлем құру,шағын шығарма жазу. Сонымен қатар осы беріліп отырған материалда ұлтымыздың мәдениеті,әдет-ғұрпы,салт-дәстүрі туралы көп мәліметтер оқушылардың білімін тереңдетуге үлкен себін тигізеді.

Қазақ тілі оқулығына қосымша ретінде аудиодиск ұсынылған. Бұл аудиодиск мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқу және орыс тілінде баламасын табыңдар,жаңылтпаштарды тез айтып,жаттығу,жұмбақ шешейік,өлеңнің авторларын табыңдар деген бөлімдерден тұрады. Бұл жаттығулар мұғалімнің уақытын ғана үнемдеп қана қоймай,оқушылардың есте сақтау және басқа адамның даусын қабылдау қабілетін дамытады.

«Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының қауымдастығы» Корпоративтік қорының қолдауымен шығарылған оқулықты тек 9 сыныпта ғана емес,басқа да сыныптарда қолдануға болады.

Оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды кеңінен енгізу-шәкірттерге сапалы білім берудің басты шарты болып отыр.Солардың бірі жоғарыда айтылған флипчарт-сабақтары,жүйелі құрылған оқулықтар болып табылады. Корпоративтік қорының жұмысы жемісті болсын,бастамалары жалғасын тапсын ,осындай мазмұнды,сапалы оқулықтардың саны арта түссін деп тілек білдіргім келеді.



© 2010-2022