Дөңгелектеу арқылы тиімді есептеу 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дөңгелектеу арқылы тиімді есептеу 2 сыныпДөңгелектеу арқылы тиімді есептеу 2 сыныпДөңгелектеу арқылы тиімді есептеу 2 сыныпКүні:

Сабақтың тақырыбы: Дөңгелектеу арқылы тиімді есептеу

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Дөңгелектеу арқылы тиімді есептеуді меңгерту. Екі таңбалы сандарды жазбаша ондықтан аттап қосу және азайтуды меңгерту.

2. Дамытушылығы: Екі амалмен және бір амалмен шығарылатын есептердіпысықтай түсу. Оларды салыстыру. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

3. Тәрбиелілігі: берілген тапсырмаларды орындата отырып, оқушыларды белсенділікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Білімге деген құштарлықтарын ояту.

Түрі: ертегі сабақ (топпен жұмыс)

Типі: жаңа білімді меңгерту

Әдісі: Сұрақ-жауап түсіндіру және топпен жұмыс.

Көрнекілігі: Суреттер, оқулық, сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа даярлау.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз

ІІІ. Өткенді пысықтау.

33+7 84+6 56-6 64+6

55+5 76-6 78-8

98-9 73+7 92-2

ІҮ. Жаңа сабақ

  • «Дөңгелек» деп қандай сандарды атайды?

  • Толық ондық сандарды атаңдар.

10, 20, 30 … ,90

№1(Ауызша орындалады).

Сандарды жуық ондыққа дейін толықтыр.

89 67 58 29 78 99 59 57

№2

А)

46+29=75 46+30-1=76-1=75

62-29=33 62-30+1=32+1=33

Ә)

13+19=(13+20)-1=33-1=32

20 -1=19

25+29=(25+30)-1=55-1=54

30 -1=29

73-29=(73-30)+1=43+1=44

30 -1=29

№3

Салыстыр (Өзіндік жұмыс)

90-19>37+19 85-9<57+39

85-19<69+24 49+25>72-9

Сергіту сәтін ұйымдастыру.

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп - теріп алайық

Қалтамызға салайық

№4

а) Сызба бойынша есеп құрастыр және оны шығар

Ер бала -47

Қыздар - ? 13 артық

Шешуі: 47+13=60

47+60=107

Жауабы: 107 оқушы.

ә) Кері есеп құрастыр және шығар.

Барлығы: 107

Ер бала -47

Қыздар: ?, ?-артық.

Шешуі: 107-47=60

60-47=13

Жауабы: 13-і артық

№5

Есепті шығар.

Математика үйірмесіне 34 оқушы қатысады. Олардың 18-і ер бала ал қалғандары қыз балдар. Үйірмеге қатысатын қыздардың ер балдардан қаншасы кем?

Барлығы: 34

Ер бала - 18

Қыздар ? ? кем

Шешуі: 34-18=16

18-16=2

Жауабы: 2-і кем.

Сабақты бекіту.

- Балалар біз бүгін дөңгелектеу арқылы жақын ондыққа дейін тиімді есептеу жолын меңгердік. Сабаққа белсене араласқан оқушылар бағаланады.

Үйге тасырма:

№6 (126 бет).

Тиімді тәсілмен есепте.



© 2010-2022