Дүниетану. Тақырыбы: Ауаның қасиеті

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2-сынып Пәні: дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Ауаның қасиеті

Мақсаттары:

  1. Ауаның қасиеті туралы түсінік беру;

  2. Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

  3. Табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:әңгімелеу, оқулықпен жұмыс, жұппен жұмыс

Сабақтың типі:аралас сабақ

Пәнаралық байланыс:

Проблемалық сұрақ: Ауа адамға не үшін керек?

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

Оқушылардың оқу құралдарын тексеру, назарын сабаққа аудары.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.

Сұлба деген не?

Сұлбаның суреттен айырмашылығы неде?

Сұлбаны қалай оқуға болады?

ІV. Жаңа сабаққа кіріспе.

Ауа барлық жерде бар. Ол әртүрлі заттарды қозғалысқа келтіреді.

Ауаның өзіндік қасиеті бар.

Ауаның қасиеттерін білу үшін зертханалық жұмыс жүргіземіз.

V. Жаңа сабақ.

1. Суретті алақаныңмен жап. Не көресің? Әрине ештеңе көре алмайсың, өйткені алақаның мөлдір емес.

Сурет пен сенің аралығыңда ауа бар. Бірақ суретті анық көре аласың. Демек, ауа - мөздір.

2. Ақ парақты жай. Оның түсі қандай? Параққа түрлі-түсті әйнектерді қой, түсі қандай болды? Ауа - түссіз.

3. Ыдысқа мол етіп су құй. Шыны сауытты суы бар табақшаға түбін жоғары қаратып төңкер.Судың түбіне қарай сауытты бас. Шыны сауытқа неге су кірмейді.

4. Бөлменің ауасын тазартамыз. Ауаны иіскеп көріңдер. Енді апельсинді немесе иіссуды себеміз. Ауаның иісі өзгерді. Ауа - иіссіз.

Қорытынды: ауа - түссіз, мөлдір, иіссіз, пішіні жоқ.

VІ. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.

Ауа дегеніміз не?

Ауаны қайдан табуға болады?

Ауаның қандай қасиеттері бар?

VІІ. Білімді бекіту кезеңі.

Ботаның тапсырмасынорындау.

Проблемалық сұрақ:Ауа адамға не үшін керек?

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңалықпен таныстыңдар?

  • Сабақта не ұнады?

VІІ. Үйге тапсырма.

Қорытынды: бағалау

© 2010-2022