Урок по литературе на тему Сиыр (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Урок по литературе на тему Сиыр (2 класс)Урок по литературе на тему Сиыр (2 класс)Урок по литературе на тему Сиыр (2 класс)Урок по литературе на тему Сиыр (2 класс)Урок по литературе на тему Сиыр (2 класс)Бекітемін Мектеп директоры

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні

Әдебиеттік оқу

класы

2 «а»

күні

16.10.14.

Сабақ тақырыбы

Сиыр.

Сабақ мақсаты

Сиыр өлеңдерін мәнерлеп оқуға жаттықтыру.Төрт түліктің пайдасын білдіру.Төрт түлік мал туралы түсініктерін одан ары кеңейту.Сөздік қорларын дамыту.Төрт түлікті күте білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Жырды түсініп оқуға,ойын еркін жеткізе білуге үйренеді.Сиырдың пайдасы туралы зерттеуге қызығушылықтары артады.

Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеуге үйренеді

Шығармашылық қабілеттері артады.

Түйінді идеялар

Сиырлының үйі - айран.
Сиырды теппейді,
Сүтті төкпейді.

Сабақ кезеңдері

Сабақтың барысындағы іс-әрекет


ресурстар

Әдіс-тәсілдер

оқушылардың іс-әрекеті, талқылау

Қызығушылықты ояту

(10 мин)

Психология

лық

сергіту

«Мен сыйлаймын саған»бір-біріне ымдап сыйлықтың белгісін көрсетіп беру .

Үй тапсырмасын тексеру. «Торы құлын»жырын түсініп оқу.Құлын тақырыбына жазып келген эсселерін оқыту.

Үй тапсырмасын бекіту «Бәйге»ойыны арқылы.

*Жақсы ат жанға серік

Жақсы ит-----серік.

*Жылқы-----патшасы,

Түйе----малдың қасқасы.

*Теңге тиыннан өсер,

Жылқы ------өсер.

*Аттың бәрі-----болмас,

Құстың бәрі сұңқар болмас.

*Жылқының----жесең тісіңе кіреді,

Жемесең түсіңе кіреді.

Әдебиеттік оқу 2 класс оқулығы

Интерактивтік тақта


Суреттер


АКТ


СТО


ОЖЕСО

ОүБ

Маркер

Постер

Үлестірмелі парақшалар

Мағынаны тану

(20мин)

Ассоциация

Топқа бөлу








Топтық жұмыс






















Топтық жұмыс

Ыстық орындық

Сабақтың тақырыбын табу.Ребус шешу.Бесік,ит,жылан суреті.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екен? Сиыр.Олай болса сиыр туралы не білеміз, ой қозғап көрейік.Сиырдың төлі қалай аталады?бұзау.

Сиыр

Топқа бөліну әртүрлі жолақшалар арқылы

1-топ: «Ала бұзау»

2-топ :«Қара бұзау»

3-топ: «Қоңыр бұзау»

4-топ: «Қызыл бұзау»

Жаңа сабақ.Оқулықпен жұмыс

1.Мақал-мәтелді түсініп оқы.

*Сиырлының үйі-айран,

Сиырсыздың үйі-сырдаң.

*Сиырдың сүті-тілінде.

2.Жырды түсініп оқы. «Сиыр»

Өлеңді 1-топ: тізбектей, 2-топ: іштей, 3-топ:мәнерлеп ,4-топ жартылай дауыспен оқиды.
Мүйізі айдай иілген,

Мұрнынкөкке шүйірген.

Керілген желін,сала емшек,

Сауғанда жанын сүйінген.

Ірімшік пенен құрт,майы

Жегенде тілді үйірген.

Өлеңде қандай түлік туралы жырланған?Оның әр мүшесін қалай сипаттаған

Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс.Сөздік жазу.

Сырдаң-жұтаң,тапшы,кедей

Айдай иілген-мүйізі айға ұқсас

Көкке шүйірген-жоғары көтерген

Керілген желін,сала емшек-емшегі сүтке толған.

Жаның сүйінген-қуану

Тілді үйірген-дәмділігі ауыздан кетпес,өте дәмді.

Кластер құру.Топтық тапсырма.

1-топ: «Ақ бұзау»Сиырдың сүтінен әзірленетін тағамдар.

2-топ: «Қара бұзау»Сиырдың терісінен жасалатын заттар.

3-топ: «Қоңыр бұзау» сиырдың етінен әзірленетін тағамдар.

4-топ: «Қызыл бұзау»эссе жазу.Әр оқушы бір сөйлемнен жазады.


Ой толғаныс

(10 мин)

Рефлексия

Бүгін қандай үй жануары туралы оқыдық?

Сиырдың қандай пайдасы бар?

Бүгінгі сабақ саған ұнадыма?Несімен ұнады?

Кері байланыс.Стикерлер арқылы

Үйге тапсырма

(5 мин)

«Сиыр» жырын түсініп оқу.

Бағалау. Бағалау парағы.Топ басшысына сөз кезегін берейік.

Қосымша тапсырмалар

Төрт түлік туралы мақал-мәтел,жұмбақ,тыйым сөздер,тақпақ жаттап келу.

Не сәтті өтті?

Не сәтсіз өтті?


© 2010-2022