Баяндама тақырыбы: Білім негізі бастауышта

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Білім негізі бастауышта»

«Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып,

қандай мүсін жасаймын десе де, мұғалімнің қолында»

К.Д.Ушинский. Мен, Жұмағазиева Мөлдір Ерсайынқызы, Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласындағы №30 орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімімін. Бұл мектеп еліміздің тәуелсіздігіне 10 жылдығына орай ашылған мектеп, осы ұжымда мектеп ашылғаннан бері еңбек етіп келемін, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерге білім беру үстіндемін.Білім беру ісі әрқашанда бастауыш сатысынан басталатыны бәрімізге белгілі. Оның үстіне осы кезең - баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеуге, оның тұлға ретінде өзін - өзі ашуға жалпы дамуның қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты және де сонымен қатар осы сатыдағы оқушылардың білуге, оқуға деген ынтасы жоғары болады. Міне, осы ынтасын жоғалтып алмай, білімге деген құштарлығы мен қызығушылығын арттырып, одан әрі дамыта түсуде бастауыш сынып мұғалімінің ролі өте зор. «Білім негізі - бастауышта» демекші кез - келген нәрсенің негіз дұрыс қаланбаған болса, онда оның болашағы бұлыңғыр. Сондықтанда балаларымыздың болашағы жарқын болу үшін біздер мұғалімдер шығармашыл, құзіретті, жаңашыл ұстаз болу әрқайсымымыздың міндетіміз.Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз айтқандай «Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан»,-демекші мен де осы мамандықты жүрегім қалап, таңдап алғаннан кейін, осы ұстаз деген атқа лайықты болуға тырысып, оқушылардың бойына адами құндылықтармен қатар білімге білімге деген құштарлықтарын оятуда «өмір бойы білім алу» кредосын ұстана отырып, жаңа форматта жұмыс жүргізуді алдыма мақсат қойып, осы Кембридж бағдарламасы бойынша біліктілігімді артыруға келген болатынмын. Мектебімде іс-әрекетті зерттеу жұмысын әдебиеттік оқу пәні бойынша 4 а сынып оқушыларымен жүргіздім. Бұл сынып осы оқу жылында бастауыш мектепті аяқтап, орта буынға аяқ басқалы отыр. Орта буында оқушылар көптеген ақын - жазушылардың шығармаларымен танысып, бастауыш сыныптағыдай жазба жұмыстарының жай түрлерін емес, күрделі түрлерін жаза бастайды. Сонымен қатар оқушылар мәтінді тек кітап көлемінде мазмұнын игеріп қана емес, оған өз көзқарасы мен пікірін білдіріп, қиялы мен ой ұшқырлығының қаншалықты деңгейде екенін көрініс табатын кезі. Міне, осындай кедергілерден менің шәкірттерім қиындықсыз өту үшін, оқушыларды топтық жұмыс арқылы оқушылардың ойлау дағдыларын дамыта аламын ба? деген зерттеу сұрағы аясында ойлана келе, өзімнің іс - әрекет зерттеу тақырыбымды «Әдебиеттік оқу сабағында топтық жұмыс арқылы оқушылардың ойлау дағдыларын дамыту» деп алдым. Бұдан шығатын мақсат: Топтық жұмыс арқылы өз ойларын тұжырымдай алуға және оны еркін жеткізуде өмірмен байланыстыра білуге дағдыландыру. Міндеттерім:1. Оқушыларды топтық жұмысқа тарту арқылы сыни тұрғыдан ойландыру; 2. Топқа бөлу арқылы оқушылардың іс - әрекетін бақылай отырып, оқушылардың даму ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар беру; 3. Оқушылардың алған білімдерін өмірмен ұштастыра отырып, өз ойларын нақты дәлелмен жеткізе білуге үйрету; Күтілетін нәтиже: 1.Оқушылар өз пікірлерін білдіру арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады; 2.Топтық жұмыс арқылы ынтымақтаса, бірлесе жұмыс жасауды үйренеді; 3.Сабақ барысында алған білімдерін өмірмен ұштастыра алады және мәселелерді шешу жолдарын таба алады; Менің іс - тәжірибемде қандай өзгерістер болды? «Жақсы жоспар - жеңістің жартысы» демекші, мен әуелі өз іс - тәжірибемде жасау керек деген жұмыстарымды жоспарлап алдым. «Қарым - қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға бейімдеу». Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес деп Я.А.Каменский айтқандай біздің мамандығымызға тең келер еш нәрс жоқ деп білемін.

© 2010-2022