Дүниетану. Сабақтың тақырыбы: Судың маңызы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат zip
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: дүниетану

Сынып: 2


Сабақтың тақырыбы: Судың маңызы Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға су қоймаларын ластанудан сақтандыру шаралары туралы әңгімені жалғастыру. Суды үнемдеп пайдалану және оны босқа шығындауға болмайтындығын түсіндіру. 2.Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділіктерін арттыру, сөйлеу тілін дамыту. 3. Тәрбиелік. Алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білуге баулу, экологиялық тәрбие беру. Сабақтың түрі: пысықтау сабақ Қолданылатын құрал - жабдықтар: суреттер, слайд, плакат тар. Сабақтың жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі ІІ Үй тапсырмасын тексеру ІІІ Қайталау ІV Қорытынды
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру Сынып оқушыларының сабақ алды даярлықтарын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару; ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Су туралы мақал - мәтелдер айтып жарысу; Су туралы өлеңдер, әңгіме, ертегі айту; Сұрақ - жауап: Су табиғатта қандай күйде кездеседі? (оқушылардың жауаптары тыңдалады) Кесте толтыру: судың күйі түрлі күйде болуының себептері қатты / температура 0 градустан төмен болған кезде сұйық / температура 0 градустан жоғары болған кезде газ тәрізді / Температура, 100 градуста қайнайды. Буға айналады. ІІІ. Қайталау Пікірталас ұйымдастыру: «Су - тіршілік көзі» деген пікірді дәлелдеңдер. Су жер бетінен жойылып кетсе не болады? Сұрақ - жауап: - Мемлекет тарапынан суды қорғауға қандай шаралар жасалынады? - Әрбір оқушы, әрбір адам суды сақтауы және қорғауы үшін не істеу керек? Оқулықпен жұмыс: Мәтінмен жұмыс ІV Қорытынды: Сұрақ - жауап: - «Суға қауіп төніп тұр» дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушылар «Суға қауіп төніп тұр» тақырыбында сурет салып, қорғайды. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мәтіннің соңындағы сұрақтарға жауап беру.



© 2010-2022