Ертеңгілік Әліппемен қоштасу 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы : «Қош бол, құтты әліппем !»

Мақсаты : 1. Оқушылардың төрт ай бойы әліппе оқулығы арқылы алған
білім-білік дағдыларын тексеріп, көрсету.
2. Оқушылардың тілін, дүниетанымын, оқуға деген қызығушылы-
ғын дамыту. Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын молайту.
3 .Білім нәрін беріп, саутын ашқан алғашқы оқулығы әліппеге
Құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі : Безендірілген кабинет, интерактивті тақта, музыка, нақыл
Сөздер, электронды оқулық, газеттер.

Әдіс- тәсілі : сөздік, көрнекілік, проблемалық, практикалық

Өтілу барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды ертеңгілікті өткізуге даярлап алу.
Музыкамен ортаға шақырып алу.
Мұғалімнің сөзі
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар !
Кеше ғана алаңсыз шапқылап жүрген бүлдіршіндеріңіз бүгінде бойларында жауапкершілік сезімі пайда болып, білім асуының алғашқы белесінен аман-есен асып, тағы бір жасқа есейіп отыр. «Әліппе» - бұл бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ.
Бүгін сіздердің алдарыңызда шәкірттер 4 ай бойы әліппеден және басқа пәндерден оқып, тоқығандарын көрсетпек.

ІІ. Негізгі бөлім
1- Жүргізуші
Армысыздар, аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер мен қонақтар!
2- Жүргізуші
Армысыздар, аналар,
Бармысыздар, балалар !
Сөзіме құлақ салыңыз,
Әліппеге арналмақ.
Бүгінгі ән-жырымыз.
1- Жүргізуші :
Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан әліппе оқулығын бітірдік.
2- Жүргізуші
Олай болса бүгінгі «Қош бол, сүйікті әліппем !» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1- Жүргізуші
Айтыңдаршы, балалар
Болашаққа жол ашар
Іші толған әріпке,
Білімдіге жарық не ?
Балар хормен :
Ол - сүйікті «Әліппе » !
Ол - сүйікті «Әліппе » !
2- Жүргізуші
Ендеше, бәрімізге қымбат «әліппені » ортаға шақырайық
Балалар хормен : Әліппе, әліппе, әліппе ( әліппе кіреді )
Балалармен хормен : Сәлеметсіз бе, әліппе ?
Әліппе :
Армысыздар, жас достар !
Армысыздар, ата-аналар !
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаңа.
Менің атым - Әліппе
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ержеткен
Бауыржан да, Мәлік те.
Балалар, мен сендермен төрт ай бойы бірге жүрдім. Бар білімімді, күш жігерімді сендерге арнап, сауаттарыңды аштым. Енді мен сендермен қоштаспақпын. Мен бүгін сендерге жалғыз келген жоқпын. Өздеріңмен мектепті бітіргенше қатар жүретін математика, дүниетану оқулықтарын ерте келдім. Балалар, енді ата-аналарға , ұстаздар мен қонақтарға төрт айы бойы менен не үйренгендеріңді көрсетіңдерші.
1- Оқушы :
Біз оқуды, жазуды үйрендік. 42 әріпті түгел жаттап алдық.
2- Оқушы :
Жаңа сөздер, сөйлемдер, мәтіндер, өлеңдер, жұмбақ, мақал, жаңылтпаштар оқып жаттадық. Мәтін оқиды.
3- Оқушы : Өлеңді жатқа айтады. Мерей.
4- Оқушы : Жұмбақ айтады. А.Айжан, Сандуғаш, Бексұлтан, Ақторғын, Айшуақ, Ерлан
5- Оқушы : Жаңылтпаш айтады. Б.Ұлпан. О.Айжан
6- Оқушы : Мақалдар айтады Мөлдір, Аружан
Оқығанды айтпа, тоқығаныңды айт.
Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп.
Жердің сәні- егін, ердің сәні- білім.
Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
Өнер ағып жатқан бұлақ, білім-жанып жатқан шырақ
Ілімнің басы- бейнет, соңы-зейнет.
7- Оқушы : Тақтаға сөздер жазады. Ана, әке, ұстаз, отан, біреуіне сөйлем құрайды.
2. Әліппе. Жарайсыңдар, тағы менің сұрақтарым бар.
А) Дыбыс деген не ? Әріп ше ?
Ә) Дыбыс нешеге бөлінеді ? Айырмашылықтарын айт
Б) Дауыстылар нешеге бөлінеді ? Ал, дауыссыздар ше ?
В) Қанша дыбыс пен әріп үйрендіңдер ?
Г) Қолдарыңдағы әріптерді мына қызыл мен көк үйлерге бөліп орналастырыңдар.
8- оқушы : Бұл білімнің бәрін бізге сіз үйреттіңіз. Біз сізге шексіз ризамыз.
9- оқушы :
Ата,апа атын сен,
Бізге үйретті «Әліппе»
Бізге нағыз жақын сен,
Сенен білдік әріпті.

10- оқушы :
Үйретті бізді әліппе
42 дербес әріпке
Сөз, сөйлем құрап әріптен,
Лайық болдық дәріпке.
11- оқушы :
«Әліппем» менің «әліппем»,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
12- оқушы :
Әліппем менің әліппем
Өмірді келем танып мен
Қайталап айтам мың рет

Хормен: Өзіңе көп рахмет
Хор : Әліппе
1- Жүргізуші
«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты…. демекші әліппемен келген пәндерге сөз кезегін берейік.
2- жүргізуші :
Еңбек білім мәнінде,
Есептейін бәрін де.
Сөз береміз ардақтап,
«Математика» пәніне.
Математика :
Сәлемет пе достарым,
Сабағы боп жоспардың.
Төрт амалды қолданған
Математика достарың мен боламын.
Балалар, мені әліппе сияқты төрт ай бойы оқыдыңдар. Мені қалай меңгергендеріңді тексеріп көрейін.
А) Кім маған санамақ айтып береді ?
Ә) 1-10 дейін оң және кері кім санап береді ?
Б) 3+6, 10-6 өрнектері қалай оқылады ? Мәнін тап.
В) 5 санының, 7 және 9 сандарының құрамдарын ата
Г) Бақшаға, жақсы аға
Көп ойыншық келді алып.
Бір балық, екі ешкі,
Үш үйрек, төрт түлкі
Барлығы қанша ойыншық ?
Оң қолымда екі шар
Сол қолымда үш шар
Барлығы қанша шар?
Хор : Есеп сабағы
1- жүргізуші :
Табиғатты сүю- парыз,
Сүю үшін күю парыз.
Қасиетін ұғу- парыз,
Қамқорлыққа алу парыз.
2- Жүргізуші :
Айналамыздағы дүниені, құбылыстарды танытатын дүниетану пәніне кезек берейік.
Дүниетану
Сәлем достар!
Айнала қандай тамаша
Көз салып оған қараса,
Әйнегі- күн, шатыры- аспан.
Кең дала… Төсі шалқыған егін
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Асыраушы- жер анам, менің
Балалар табиғатты, айналадағы дүниенің қыр -сырын, құбылыстарын мен арқылы оқып танысып жатырсыңдар. Кәне ,оқып білдік ?
А) Табиғат деген не?
Ә) Табиғат нешеге бөлінеді?
Б)Неше жыл мезгілі бар?
В)Жыл мезгілі жайлы тақпақтар айту
Г)Табиғат құбылыстарын ата?
Ғ)Өсімдіктер нешеге бөлінеді?
Д)Отанымыз қалай аталады?
Хор: Отан
Әліппе:Балалар,мен сендерге ризамын
Жер бетінде адам өмір өткізер
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімнен аспанға жол салар.
Білім теңізіне салған кемелерің өрге жүзсін дей отырып, мен сендермен қоштаспақпын:Маған әліппе оқулықтарыңды қайтарып берсеңдер. Мен келесі жылы мектеп табалдырығын атайтын балаларға жол жүрмекпін.(Әліппені әр оқушы сүйіп, пәндерге тапсырады.) Қош болыңдар балалар, мені ұмытпаңдар. (Қол бұлғап сыныптан шығады)
Музыка ойнайды.
1-жүргізуші
Кеше сәби балаңыз,
Жарады, міне қараңыз
Ғылым білім жолына
Енді қайық саламыз.
2-жүргізуші
Уа, халайық,халайық!
Мұнда назар салайық.
Әліппеге арналған
Мерекені бастайық.
1- Жүргізуші
Қымбатты қонақтар біздің біліміміздің қаншалықты екенін байқап көрдіңіздер. Ендігі кезекте өнерімізді тамашалаңыздар.
2- Жүргізуші :
Әліппе оқуға
Үйреткен әр күні
Үйретіп санауды
Көп еңбек сіңірген
Кім атын атай ғой ?
Хормен : Ол біздің мұғалім апай ғой
Ән : Мұғалім - ол біздің. Ұлдар тобы
Би : Қара жорға
2-жүргізуші
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін балаңның
Аман сау жүр ақ мамам
Ән: Аналардың тілегі. Орындайтын Айжан
Би : Кукарела
1-жүргізуші
Мектеп - үйім, ұстаздарым - ата-анам.
Сеннен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек
Тамырланып, сан тарапқа тараған
Ән. Мектебім. Қыздар тобы
2-жүргізуші :
Көрініс : Мақтаншақ
1-жүргізуші
Би : Теңізшілер
2-жүргізуші
Шығыс биі
Осымен «Қош бол, сүйікті әліппем » атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

1-жүргізуші
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Ендігі сөз кезегі апайымыз Жазира апайда.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Ертеңгілікті аяқтап, мектеп басшылары мен ата-аналарға сөз беру, оқушыларды құттықтау сыйлықтар тапсыру.



© 2010-2022