Математика. Ашық сабақ: 7 санын қосу және азайту

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика. Ашық сабақ: 7 санын қосу және азайту.Математика. Ашық сабақ: 7 санын қосу және азайту.Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: 7 санын азайту және қосу тәсілдері оқушылардың білімдерін бекіту. 7-ні қосу және азайту тиянақтай түсу барысында түсу кестесін құрастыру және қосылғыштарының біреуі 7 болып келген жағдайдағы санның құрамы жайлы білімдерін бекіту.

Дамытушылығы: есеп, өрнек, қосынды мен айырмаға өрнек құрастыру және салыстыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой өрістерін кеңейту.

Тәрбиелігі: ептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Тақтаны және дәптерді ұқыпты пайдалануға баулу.

Көрнекілігі: қасықтар суреті, карточкалар, санамақ, тест, сигналды карточкалар, ойын элеметтері, үйшік макеті, ит мүсіні.

Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері, ұлттық дүниетаным.

Түрі: Жаңа білімді игерту.

Әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру, өрнек құру, ойнау. Ой шақыру.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалар, бүгін бізде математикадан ашық сабақ. Бұл сабағымызда әрқайсымыз

математикадан бүгінгі күнге дейін не үйреніп, не білгенімізді ортаға салуымыз керек.

Сабағымызды бастамас бұрын мен сендердің математика сабағын қаншалықты жақсы білетіндеріңді байқайын. Ол үшін барлығымыз бірігіп, «Кім көп сөз айта алады?» ойынын ойнайық. Ойынның шарты бойынша тақтаға жазылған математика сөзіндегі әріптерден бірнеше жаңа сөздер ойлап айтайық. «Ат, ем, мата, ата, ит, атам, мама)

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз.

Сабақты біз бастаймыз.


  1. Өткенді пысықтау.

  • Балалар, алдарыңда тұрған зат қалай аталады?

Осы затты мұқият қарап алып, қандай фигуралардан құрастырылғанын атаңдаршы. «Шатыры - үшбұрыштардан және төртбұрыштардын, арты - шарщыдан, екі жақ жаны төртбұрыштардан).

  • Бұл заттың аты не екен?

Үйшіктің аузында сиқырлы құлып тұр. Ал оның кілті жоғарыда ілулі тұр. Үйшіктің есігін ашу үшін бәріміз «Миға шабуыл» деп аталатын ойынға қатысайық. Ойын шарты бойынша сұрақтарға шапшаң әрі дұрыс жауап бере білуіміз керек.

  • Бір аптада неше күн бар? (Қазақша, орысша ретімен айтқызу)

Бүгін аптаның нешінші күні? (Үшінші, яғни сәрсенбі)

  • Жоғарыда, төменде, оң жақта, сол жақта сөздеріне сәйкес іс-әрекет көрсету.

  • Сандарды немен белгілейміз?

  • Кесіндіні немен өлшейміз, оның өлшем бірлігі қалай аталады?

  • Қосудың компонеттерін ата.

Табақта 5 алма, қолымда 2 алма.

Барлығын қосқанда болады неше алма?(7алма)

(Жауап берген оқушыларға жетон беріп отырамын)

Кілтті алып үйшік есігіндегі құлыпты ашқанда музыкалық кілт тұрады. Музыкалық кілт бойындағы тапсырманы орындау.


  1. Музыкалық үзіліс.

Келесі кезекте математикаға арналған өлеңімізді орындап берейік.

А) «Есеп сабағы» әні(хормен орындалады)

Біздің келер шамамыз,

Бестен үшті аламыз.

Төртті бөліп екіге,

Жауабын тез табамыз.

Біздің келер шамамыз,

Көбейтуге данамыз.

Төрт амалды тең білер,

Өте зерек баламыз.

Б) Өлең мазмұнын басшылыққа ала отырып тесттік сурақтарға жауап береміз. Тест жауабына алдарындағы жатқан әріптерді пайдалана отырып дұрыс нұсқасын көрсетулерің керек.

1-тест. Заттарды бір-біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз?

А) азайту

Ә) қосу

Б) бөлу

2-тест. Заттарды бөліп алуда қандай амал қолданамыз?

А) азайту

Ә)қосу

3-тест. Сандар және қосу таңбасы бар мысалды не дейміз?

А) айырма

Ә) қосынды

Б) қосылғыш

В) азайтқыш

4-тест. Тура теңдікті анықта.

А) 1+3=7

Ә) 5-3=1

Б) 7-1=4

В) 2+2=4

5-тест. Биылғы жыл қалай аталады?

А) барыс

Ә) тауық

Б) қой

В) ит

  1. «Кім жылдам» ойыны.

Бұл ойында кеспе цифрларды өсу ретімен орналастыру арқылы үйшіктің ішінде не барын табайық.

1

5

3

2

6

4

Ит

до

дам

а

сы

ның

Ит ойыншықтың тапсырмасын орындау.

Иттің адамға пайдасы туралы білетіндерін әңгімелету.

  1. Жаңа тақырыппен жұмыс.

А) оқулықпен жұмыс( 1-ші иттің тапсырмасын қарғыбауынан алып оқыту)

Тапсырма: оқулықтың 89-бетіндегі №1 жаттығу тапсырмасын орындау.

Жауабы:

7+1=

1+7=

7+2=

2+7=

7+3=

3+7=

7+0=(жазбаша)

0+7=(ауызша)

Ә) Жұмбақ шешуі арқылы үйшіктен 2-ші итті алып, тапсырмасын оқу.

1) үйіңді қорғайды.

Суықта тоңбайды.(Ит)

2) №2 жаттығудың тапсырмасын оқып орындау. Жауабы:

7-0=

7-4=

7-1=

7-5=

7-2=

7-6=

7-3=

7-7=(жазбаша)

3) Қосу кестесіндегі теңдіктің нешеуін пайдаландың?

7+0=

3+4=

6+1=

2+5=

5+2=

1+6=

4+3=

0+7=(ауызша)


  1. Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Солға қарай иіліп,

Оңға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,

Сәл тынығып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр.

Белімізді жазайық, Жоғары-төмен қарайық.

Бойымызға күш жинап,

Орнымызға қонайық.

  1. Ойлан, тап!

А) 3-ші иттің тапсырмасы бойынша №4 жаттығудың шартына қарап есеп құрастыру.

Шарты: Үлкен қасық - 10 ? артық

Кіші қасық - 7

шешуі: 10-7=3

Жауабы: ү.қ 3-еуі артық.


  1. Танымдық жаттығу орындау.

А) 4-ші иттің тапсырмасын оқыту №3 жаттығу оқып кесінділерді салыстыру арқылы

олардың ұзындықтарының қосындысы мен айырмасын есептеу.

Жауабы:

көк - 9см,

қызыл - 7 см,

жасыл - 3 см.

9 см - 7 см= 2 см

7 см + 3 см= 10 см

2 см < 10 см

Ә) 5-ші иттің тапсырмасын оқыту арқылы №5 жаттығуды орындату.

9-3 9-4 азайғыштарды салыстырып, ұқсас бірнеше мысал жазу.

8-5 8-6

7-4 7-5 т.с.с.

  1. «Сиқырлы суретші» ойыны. Ойын арқылы өрнектер жазылған үйректі бояу.

  2. Сабақты қорытындылау.

Әр қатарға тиянақтау тапсырмаларын орындату.

1 қатар

2 қатар

3 қатар

+7

-7

5+2 6 10-4

10-2 7 8+1

7+2 8 7+3

8-2 9 6+1

10 Бағалау


© 2010-2022