Ата-әжеме хат 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата- әжеме хат 2- сыныпАта- әжеме хат 2- сыныпАта- әжеме хат 2- сыныпАта- әжеме хат 2- сыныпАта- әжеме хат 2- сыныпАта- әжеме хат 2- сыныпАта- әжеме хат 2- сыныпАта- әжеме хат 2- сыныпСабақтың тақырыбы: Ата- әжеме хат. Ы.Алтынсарин

Сабақтың мақсаты:

1.Мәтінді дұрыс түсініп оқуға үйрету. Хат туралы кеңінен мағұлмат беру.

2. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілетін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.

3. Достықта адал болуға, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, постермен жұмыс

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек- сызба

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру болімі

Психологиялық дайындық

Топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ж.Смақов «Апамның тілін алса егер...» өлеңін оқу. Өлеңді топқа бөліп оқу, талдау.

Ой тұжырым (постермен жұмыс)

Тілалғыш

Тілазар

ІІІ. Жаңа сабақ

Ой қозғау

Құт берекең- атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейірімді апаң қымбат,

Асқар тауың- атаң қымбат (Қазыбек би)

-Балалар, айналамыздағы туысқандарымыздың бәрі де ең қымбат адамдар. Сондықтан олардың айтқан ақылдарын тыңдап, оны орындау біздің міндетіміз. Ж.Смақовтың өлеңінен апамыздың айтқанын тыңдасақ қандай болады екенімізді білдік. Біздің айналамызда апамыздан басқа ақыл, өсиет айтатын тағы кімдер бар? Ата, әже, аға, апа, т.б туысқандарымыз бар. Кейбір отбасы ата- әжесімен бірге тұрса, кейбірі бөлек тұрады.

Ой толғау (Жұмбақ шешу)

Аяғы жоқ жүреді, тілі жоқ сөйлейді. (хат)

-Біздер Ы.Алтынсариннің «Ата- әжеме хат» мәтінімен танысамыз. Ата- әжемізге хат жазуды үйренеміз.

Түрткі сұрақ

Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім? - Ы.Алтынсарин

(постермен жұмыс)

1 топ Ы.Алтынсариннің өмірі

2 топ Ы.Алтынсарин кім?

3 топ Ы.Алтынсаринның қандай аудармалары бар?

4 топ « Кел, балалар, оқылық!» өлеңіндегі негізгі ой қандай?

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді төрт топқа бөліп оқытамын. Топ мүшелері мәтінегі негізгі ойды айтады.

Дәптермен жұмыс

Хаттың басы

Негізгі бөлім

Хаттың аяғы

Сергіту сәті

Шығармашылық тапсырма

1 топ Досыма хат

2 топ Әскердегі ағама хат

3 топ Ауылдағы әжеме хат

4 топ Оқудағы апама хат

Мағынаны тану

Қазіргі кезде ақпараттық технологияның дамуына байланысты хатты хабарлама түрінде жазады.

Хабарламаны «агент», «вк», «ватсаб» т.б түрінде жазамыз. Бірақ балаларға арналған журналдарға мақаланы хат түрінде жібереді. Балапан телеарнасынада балалардан келген хаттар туралы «Айжұлдыз» бағдарламасы бар. Хат ұзақ сақталады. «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның аты өлмейді деген» осыдан қалған

IV. Сабақты қорытындылау

Рефлексия

Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

Сабақ барысында қандай жұмыс түрлері ұнады?

V. Үйге тапсырма

Мәтінді түсініп оқу, Қалаған тақырыпта хат жазу

VI. Бағалау

Балаларды пішіндер арқылы бағалау


© 2010-2022