Сабақ жоспары: Сәулелі жұлдыз іздеген адам. 4-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Н.Бозжанов атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Нияз Г.А.

Ана тілі
(4 - сынып)

Сабақтың тақырыбы: Сәулелі жұлдыз іздеген адам.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Кейіпкердің өмірі, ағартушылығы, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқандығы туралы түсінік; мәтіндегі негізгі ойды табу; мәтін мазмұнын ашу.
Дамытушылығы: Көркем шығарманы талдау, іздену, ой - пікірін жеткізу қабілеттерін арттыру. Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту. Тәрбиелілігі: Балаларға Ыбырай ата өмірін үлгі ету. Білімді, ақылды, ізденімпаз етіп тәрбиелеу.
Сабақ әдістері: талдау - жинақтау, салыстыру, іздендіру.
Сабақ типі: білім мен біліктілікті қалыптастыру
Сабақ формасы: топтық

Сабақ барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
«Шаттық шеңбері»:
Қуан, шаттан, алақай! Қуанатын келді күн. Қайырлы та, қайырлы күн. Күліп шықты бүгін күн. Бәріміз досболайқ, Бәріміз тату болайық!

ІІ. Операциялық этап:
Мұғалімнің сөзі:
- Рахмет, енді орындарымызға отырып, үнтаспа тыңдауға шақырамын. /үнтаспада «Кел, балалар, оқылық» өлеңінен үзінді оқылады/
- Бұл үзінділер қандай өлең жолдарынан алынған?
- Авторы кім?
- Ендеше, бүгін, ана тілі сабағында осы басталған ойды жалғастырамыз. Сабақтың тақырыбы: «Сәулелі жұлдыз іздеген адам».
Авторы Әбу Сәрсенбаев.
Оқушылардың өздерінің мақсат қоюы.
------------------------------------------------
Жұмыс алгоритмімен танысу.
«Алтын ережелерді» еске түсіру.
Сабақ топтық формада өтеді. Әр топтың басшысы бар. (басшылар тұрады, өздерін таныстырады)
Әбу Сәрсенбаев (1905 - 1997) Атырау облысы, Теңіз ауданында туған. Қазақтың белгілі қаламгері. Оның «Туған өлке», «Отан таңы» т. б. өлеңдер жинағы, «Толқында туғандар», «Теңіз әуендері» романдары бар. Әбу Сарсенбаев - жазушы, Ыбырай еңбектерін жарыққа шығарушы.
ІІІ. Мәтінді мұғалімнің оқуы.
Оқушылар «Түртіп алу» әдісін қолданады.
+ - жаңа ақпарат
v - ойлағанымды растайды
- - менің ойлағаныма кері
? - мен үшін жұмбақ

Сөздік жұмысы
Әр топ өзіне берілген сөздің мағынасын түсіндіреді.
1 топ: инспектор -
2 топ: Уез -
3 топ: шәкірт - оқушы

IV. Мәтіннің мазмұнын ашу.
1 - топ: Бұл әңгіме кім туралы жазылған, ол туралы не білесің?
2 - топ: Әңгіме неліктен «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» деп аталған? (Ы. Алтынсариннің арманы - мектеп ашу, балаларды оқыту. Бұл жердегі сәулелі жұлдыз тіркесі оқу, білім мағынасында. Ақыры ол мақсатына жетті. Мектеп ашып қазақ балаларын білім нәрімен сусындатты.)

3 - топ: Бұл әңгімеге тағы қандай ат қоюға болады?
(«Алғашқы кездесу», «Оқу басталды», «Жаңа мектеп», «Шашу»)
Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына түсінік беру. Ы. Алтынсарин 1841 жылы 2 ақпанда Торғай облысы, Аманқарағай болысында дүниеге келген. Әкесі - Алтынсары, анасы - Айман. 1844 жылы әкесі қайтыс болды. Балқожа атасының тәрбиесінде болған. 1850-1857 ж. Орынборда қазақ балаларының мектебіне оқуға түсті.Қысқа әңгімелер, өлең жырлар, мақалдары жарық көрген. 1864 ж. Торғай қаласында алғашқы бастауыш мектеп ашты. Оқулықпен жұмыс. Топпен жұмыс жүргізу. (3 мин)

Сергіту сәті «Аутотренинг» (музыка жүріп тұрады)
/қазір қыс мезгілі, қар жауып, айналамыз аппақ қар... /

V. Тапсырмаларды орындау:
1 - топ: Монологты тауып оқу.
2 - топ: Диалогты тауып оқу.
3 - топ: Мәтінді талда.

VI. Қорытындылау:

Поэзия минуты. Эссе жазу (шағын өз ой - пікірлерін жаз осы әңгіме бойынша)

«Кел, балалар, оқылық» өлеңін әр топта 1 оқушыдан шығып айтады.

- Ы. Алтынсарин балаларға таза қазақ тілін меңгеруге көңіл бөлді. Қазақ тілін татар, парсы сөздерімен араластырып, оны былғап жүрген діни адамдармен күресті.Ол орыс тіліндегі балаларға арналған көптеген әдеби шығармашыларды қазақ тіліне аударған. Ы. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы. 48 жасында қайтыс болды.

Біздің кемеңгер ұлы бабамыз Ыбырай Алтынсарин туған халқына жан аямай еңбек етті. Қысқа өмір сүрсе де ұрпақтарына үлгі - өнеге боларлық, тәлім аларлық бай мұра қалтырды.ол ашқан мектептер шамшырақ болып бүкіл қазақ еліне нұрын, сәулесін шашты.

Сондықтан да халық оны ұлы ағартушы деп лайықты бағалады.

Венн диаграмма

IIX ғасыр мектебі XXI ғасыр мектебі

VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: мазмұндау.

Рефлексия. - Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Несімен ұнады?

© 2010-2022