Биыл күзде мектепке, біріншіге барамын

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Биыл күзде мектепке, біріншіге барамын.

Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту. Білгендерін ортаға салып қорытындылау. Берілген міндеттерді өз беттерімен орындап, жауапкершілікті сезінуді тәрбиелеу.
Жүрісі.

І.Ұйымдастыру

ІІ.Кіріспе
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп отырған шақта, көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді қылықтарымен үйренген әндерін, тақпақтарын, билерін әрі қарай шыңдай түсіп, бүгінгі, «Биыл күзде мектепке, біріншіге барамын» атты ертеңгілігімізді өткізгелі отырмыз. Олай болса, кішкентай бүлдіршіндерімізді қошеметтеп, ортаға шақырайық.
Алихан:
Жақсылыққа құштармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдағыз мың алғыс.
Айжан:
Құрметті қонақтар армысыздар,
Бәріңізге есен-аман бармысыздар?
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Кешімізді ән-жырмен бастайық.
Айбибі:
Өлшеулі ар-намысы халқымыздың
Қорғаны адамдық пен салтымыздың
Армысыздар аяулы ұстаздарым,
Сенері сендерсіңдер халқымыздың
-Балалар жыл бойы алған білімдерін, білгендерін ортаға салып, өз өнерлерін көрсетпек.

Сахналық көрініс, халқының ертегісі «Шалқан».
Мұғалім:
Алдыңдағы балалар,
Мектепке кетіп барады.
Тақпақ айтып бір-бірден
Қимай кетіп барады-ортаға балаларымызды өз тақпақ, өлеңдерін айтуға шақырамыз.
Аружан:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген даналардың мекені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген білімнің ең үлкені.

Айгерім:
Биыл алты жастамын,
Кітапты оқи бастадым.
Әріптерді танып мен
Енді жаза да аламын.
Ануар:
Биыл күзде мектепке
Біріншіге барамын
Мақтанбаймын мен текке
Дайын дәптер қаламым
Мынау есеп кітабым
Мынау әйбат әліппем
Бәрін жинап сақтадым
Білімге жол аттадым.
Мадина:
Мектеп-қамқор анамыз
Оқу-білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біріншіге барамыз
«Балапандар» биі
Рамазан:
Мектептегі күндерді
Есімізде сақтаймыз
Дина, Арман ұстаздарым сіңірген
Еңбегімізді ақтаймыз.
Диас:
Талай-талай баспалдақты аттармыз
Ата-ананың үмітін де ақтармыз
Гүлжайна ұстазым
Сізден алған ақылды
Есімізде өмір бақи сақтаймыз.

«Қошақаным» әні.
Ақерке:
Балалық істі кешірген
Майра ұстазым менің
Тәрбиелік сөздеріңді
Ұмытпаймыз өздеріңізді
Хабиба:
Ерекше бізде бір ағай
Біз қараймыз таңырқай
Ән үйрендік ағайдан
Ешқашан да жалықпай

Мұрсәліп мұғалімге мың алғыс


Мағжан:

Әр күніміз той думан
Рахатха батып ек
Асқа бізді тойдырған
Аспазшы апайларға рахмет!
Хор: Мұғалім ол біздің
Ойын: Күн шуағы
-Балалар мынау қандай пішін?
-Түсі қандай? Осы дөңгелекті шуақты күнге айналдыруымыз керек. Күннің нұрын менің қойған сұрақтарыма жауап беру арқылы жапсырып отырамыз. Сендердің өте зерек, алғыр, тапқыр екендеріңді ата-анамызға және ұстаздарымызға көрсетейік.
1.Тік төртбұрыштың қабырғалары нешеу? 4
2.Бір аптада неше күн бар?7
3.Машинаның дөңгелектері нешеу? 4
4.Екі қоянның аяқтары нешеу?8
5.Бағдаршамда неше көз бар?3
6.Бір жылда неше ай бар? 12 ай бар
-Балалар, ненің суреті шықты? Күннің суреті.
-Жарайсыңдар балалар!
-Сонымен қоймай, ағылшын мен орыс тілінен сөйлеумен қоса, санауды да үйрендік.
Ағылшын, орыс тілінде 1-10-ға дейін санайды.
Хор: Санамақ
Мирас:
Асыл анам, жан анам,
Мейірімін төккен тек маған.
Қиындықтың бәріне
Біздер үшін шыдаған.
Еркеназ:
Ертегі айтып түнімен
Еркелеткен күнімен
Аңсадым ғой шынымен
Асыл әжем өзіңді.
Аида:
Анамыздың тілегі
Біз деп соғар жүрегі
Балам аман болсын деп
Баласы үшін өмір сүреді.
Айбибі:
Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам
Анашым деп ән салам.
Диас пен Айбибінің орындауында ән: «Менің анам алтын».
Би: Қара жорға

Мұғалім:
Қызықтырып өнерге
Жетелеймін баланы
Ұлттық өнер емес пе,
Дамытатын сананы,
Әнші, биші баланы
Адам етіп бағалы
Өнерпаз қып баулысам
Өнер отын жағады.
Сахнаға жас өнерпаздарымызды шағырамыз.
Құттықтау сөзді мектебіміздің тәрбие жұмысының орынбасары Байсариева Гүлжан Екібайқызына беріледі.
Мадақтама қағазымен марапаттау.
Мұғалім:
Бір ата, бір ананың тірегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
Бірлік барда, тірлік бар деген бабам
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз!-дей отырып құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.
Осымен біздің «Бил күзде мектепке, біріншіге барамын» атты ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Келгендеріңізге рахмет! Сау сәлеметте болыңыздар!



© 2010-2022