Сабақт тақырыбы: «Балықтан котлет дайындау»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Мұғалім - дефектолог Ахметова Рымкуль Токтарбековна

«Психикалық дамуы артта қалған балаларға арналған мектеп-интернат» КММ Қарағанды қаласы

Сабақтың тақырыбы: Балықтан котлет дайындау.

Сабақтың мақсаты: Балық тағамдарының дайындалу технологиясын білу.
Білімділік: Оқушыларға балықтан жасалатын тамақ өнімдерін дайындау жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Технология сабағынан білімдерін күнделікті алған дағдыларын, қабілеттерің, шеберліктерің, іскерліктерін шыңдап дамыту.
Тәрбиелік: Тағамдарды пайдаланып қана қоймай, ұқыптылыққа, әдемілікке, тындырымды істеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдіс - тәсілдері: Баяндау, сұрақ - жауап, сарамандық жұмыс.

Құрал-жабдықтар, аспаптар мен ыдыстар:плакаттағы суреттер, слайд, ет пен көкөністерге арналған тақтайшалар, тегеш, табалар, асханалық құралдар,тәрекелер және кепсер, мақтадан жасалған сүрткіш.

Пәнаралық байланыс: Биология

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Аспаздық құралдармен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.

4.Сарамандық жұмыс.
5. Бекіту.
6.Үйге тапсырма беру.
Өткен сабақты қайталау
1 Балықтың қандай пайдасы бар?
2. Сапасыз балықты қалай анықтауға болады?
Сабақты баяндау
Балықтар - негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда), не болмаса тұщы суларда (өзен - көлдер мен су қоймалары) тіршілік ете алады. Жыланбалық сияқты кейбір балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан әдетте ірілеу болып келеді. Балықтар (лат. Pіsces) - хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Балықтардың 22000 - нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз (миксинасияқты), шеміршекті (акулалар және тұтасқанаттар) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 - 98%- ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180 - дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балық - өте бағалы өнім. Балық етінде ақуыз, минералдық заттар, майлар мен дәрумендер бар Балық ақуызы бойға тез сіңеді. Майы аз жас балық пайдалы. Майлылығына қарай балықтарды 3 топқа бөледі.
- арықтауы; нәлі балық (треска) хек;
- орташа майлы: теңіз алабұғасы, камбала, скумбрия, ставрида;
- майлысы; майшабақтар.
Балықтардың минералдық құрамы әр алуан. Теңіз балықтары иодқа бай. Балық тез бұзылады, сондықтан оны тоңазытқышта ұстайды, тұздайды.
Мұздалған балықтар өзінің бастапқы сапасын жоймайды. Балықты сақтау мерзімін қадағалау.
Балық тағамдарын жылу арқылы өңдеуге байланысты үш топқа бөледі.
- қайнатылатын,
- қуырылатын,
- көміп пісірілетін. Қайнатқанда дәмді болатын балықтар:
- теңіз алабұғасы,
- ставрида,
- камбала. Қайнатқанда балық езіліп кетпеу үшін оның терісін екі жерден теседі. Балықтың піскенің білу үшін шанышқымен тексереді, егер ол балық етіне еркін кірсе - піскені. Балық тез суып қалмау үшін оны үстелге сорпасымен қоса әкеледі.
Балықты булап пісіру
Балықты ыдыстың 1/3 бөлігіне су құйып, қақпағын жауып қойып, қыздырады. Балықтың жоғарғы жағы бумен өңделеді. Балықтың терісін алып тастап, терісі болған жағын төменгі жақта қалдырып, ыдысқа салады.
Котлетті дайындауға керекті заттар: скумбрия немесе ставрида консервісі-1 , картошка -2, пияз -1, чеснок -2, жұмыртқа -1, манка -50 гр., тұз, бұрыш
Сарамандық жұмыс
Балықтан котлет дайындау:
1. Скумбрия немесе ставрида консервісін ашып тегешке салу
картошканы теркадан өткізіп салу

2. Манка салу

3. Пияз салу

4.Жұмыртқа салу

5.Чеснок салу

6. Барлығын қосып, араластыру

7. Котлет дайындау

8. Дайын котлетті қуыру


Сабақт тақырыбы:«Балықтан котлет дайындау»







Қорытынды
1 Балықты алғашқы өңдеу деген не?
2. Балықты неліктен басқа өнімдердің бәрінен кейін өңдейсің?
3. Балықты тоңазытқышқа қою үшін неге орайсың?
4. Балық тұздауда қандай құрамды дәмдеуіш қолданады?

5. Балықты не үшін аунатады?Аунатпаның түрлерін ата.

Үйге тапсырма
Тақырыпты оқу. Балық тағамдарын әзірлеп үйрену.











© 2010-2022