Қазақ тілі Сан есім 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Сан есім

Мақсаты:

  1. Оқушылардың сөз таптары, оның ішінде сан есім туралы түсініктерін тереңдету;

  2. Оқушылардың сөйлем ішінен сан есімдерді таба білуге, сұрақтарды дұрыс қоюға, ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге, шығармашылықтарын арттырып, топпен жұмыс жасауға дағдылау;

  3. Ұйымшылдыққа, сауатты, таза, көркем жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, слайд, домбыра

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СТО

Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, бейнелеу

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Психологиялық дайындық

  • Оқушыларды үш топқа бөлімін

  • Зат есім, сын есім, етістік

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру 497-ж.

-сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

ІҮ. Қызығушылықты ояту

Ойлан, тап!

1. 4 + 4 = 8 с
2. 30+30=60 а
3. 50 -50=0 н
4. 1000 - 800 = 200 е
5. 50+30=80 с
6. 12 - 10 =2 і
7. 300 + 700 =1000 м

Ү. Мағынаны тану (жаңа сабақ)

- Сан есім дегеніміз не?

- Қандай сұрақтарға жауап береді?

498-ж. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Қарамен жазылған сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?

жүрек, бас, қол не үшін керек? Оқушылар өз сөзімен жалғастырады.

Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдер қанша? неше? нешінші? Деген сұрақтарға жауап береді.

499-ж.

ІҮ. І топ: жұмбақты жатқа жазып, сан есімдердің астын сызу;

ІІ топ: домбыраның суретін салу;

ІІІ топ: Б Б Ү

Білемін

Білгім келеді

Үйренгенім

Ү. Сергіту сәті

500-ж. Ауызша жұмыс. Ребусты шешу.

І топ: 102-санына ассосоция жасау;

ІІ топ: жүз екі санына неше? деген сұраққа жауап беретін сөйлем құрау;

ІІІ топ: Нешінші? деген сұраққа жауап беретін сөйлем ойлау.

501-ж. Берілген сөздерлің сан есім екенін дәлелде. Бес, тоғыз, жетінші.

Бес- сөзіне мақалдар айту;

Тоғыз - сөзіне мақалдар айту;

Жетінші- сөзіне мақалдар айту;

Математикалық жұмбақтар

  1. Ағашта бар 18 жапырақ,

Жел тұрды да түсті оның 8-і,

Және түсті 5-еуі.

Қалды сонда нешеуі? (5)

  1. Бір-бірімен жарысқан,

Төрт аю, екі арыстан,

Екі қоян, бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді? (9)

  1. Аға, апам және мен,

Қарындасым мен інім бар.

Атам, әжем, анам, әкем

Болдық біздер қанша адам? ( 9)

ҮІ. Танымдық тапсырма

Қарлығаш -торғай тәрізділер отряды, әнші торғайлар тобының тұқымдасы. 20 туысқа бірігетін 79 түрі бар. Қазақстанда 5 түрі (жар қарлығашы, құз Қарлығашы, қосреңді Қарлығаш, секпілтөс Қарлығаш, кент Қарлығашы) кездеседі. Қарлығаштың тұмсығы қысқа, тұмсығының түбі кең, езулерінің арасы алшақ. Қанаттары жіңішке әрі ұзын. Дене бітімі ерекше сымбатты. Саусақтары қысқа, әрі әлсіз, жерде жүруі ебедейсіз. Қарлығаштың қауырсыны тығыз, жотасы қара түсті жылтыр. Сыртқы түрінен еркегі мен ұрғашысының айырмашылығы байқалмайды. Дене тұрқы 9-23 см, салм. 10-60 г. Қарлығаш өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес. Қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсыннан, т.б. заттардан жұмсақ төсеніш жасайды.

Қорытынды:

Білемін

Білмейтінім

Үйренгенім

Бағалау

Үйге тапсырма: 502-ж.



© 2010-2022