Қош бол, сүйікті Әліппе! атты тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Қош бол, сүйікті Әліппе!" Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу,байқату,олардың ой өрісін,тіл байлықтарын,тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Әріптер,гүлдер,шарлар,әліппе,ана тілі макеті.Ы.Алтынсариннің «Кел,балалар оқылық!» өлеңі.Ы.Алтынсарин портреті.

Барысы: Мұғалім:Қымбатты аталар мен ақ жаулықты аналар,ұстаздар және оқу шылар! Бүгін 1-сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімін қоштасқалы отыр. Міне бүгін біз барлық ғылымның атасы,біздің болашағымыздың негізі Әліппені бітіріп отырмыз.Олай болса сүйікті Әліппемізді ренжітпей рахметімізді айтып,өзімізден кейінгі кішкентай іні-сіңлілерімізге табыс ету міндетіміз.Сондықтан қазір осы уақытқы дейін алған білімдерімізді көрсетіп ән-күймен өрнектеп өнерімізді ортаға салайық.

Шашу шашу шашыңдар, Ақ сандықты ашыңдар.

Бұл мереке бұл тойдың, Бастаңғысын жасаңдар.

(Шашу шашылады)

Бала деген,шіркін-ай,балдай екен, Тәттілігі жая мен жалдай екен. Арып ашып даладан келгеніме, Бал иісін таттырып алдайды екен-деп Кенен әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық!

Бекзат: Ассалаумаалейкум, халайық!

Аружан. Армысыздар, құрметті қонақтар.Бүгін біз шексіз қуаныштымыз. Себебі алғаш сауатымызды ашқан досымыз Әліппемен қоштасамыз.

Камила.Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға Қош келіпсіз ұстаздар ата-аналар

Әліппемен, қоштасу тойымызға.

Абдуррауф. Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар! Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп ән де,бүгін шырқалар.

Айгерім. Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім менен нұр тамар. Алдарың да,жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар. Өмірбек.

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын, Әріп сырын түсіндім мақтанамын.

Әріп сыры үйреткен әліппеде,

Түстей болып міне бүгін артта қалды.

Ән:»Әліппе»

Мұғалім:Оқушылар біз алты ай да барысында не үйрендік?

Нұршат:Біздер көп нәрсе үйендік.

Манас:Есеп шығарулы санауды.

Гүлім:Ән айтуды ойнауды.

Аян:Сурет салуды бояуды

Ақылбек:Денемізді шынықтыруды.

Мұғалім:Мектеп ке қайсы айда келдіңдер.

Хор:Қыркүйек Мұғалім:Алғаш мектепке келген күн сабақ қайсы пәннен басталады? Хор:Әліппе

Мұғалім:Алғаш қазақ балалары үшін әліппе оқулығын кім жазды? Хор:Ы.Алтынсарин

Мұғалім:Білім туралы Ыбырай аталарың қандай өсиет қалдырды?

Хор: Кел,балалар оқылық

Оқығанды көңілге.

Ықыласпен тоқылық

Мұғалім:Балалар мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр?

Бар білімнің бастауы

Бар ғылымның бастау

Жас балағанұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан?

Хор: Ол сүйікті Әліппе! Мұғалім:Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым данасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

Олай болса өздерің алғаш рет қолыңызғы ұстаған аяулы әліппені ортаға шақырайық. Хор: Әліппе,Әліппе,Әліппе !

Әліппе:Сәлеметсіздер ме, менің сүйікті достарым,ата-аналар,ұстаздар , қонақтар!. Армысыңдар жан достар,

Армысыздар ата-ана

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

Балалар мені оқып не үйрендіңдер?

Ибрагим:

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпті Оқимыз қазір ертекте Үйреттің оны Әліппе

Айдос:

Енді біз жаза аламыз

Әріпті қосып әріпке

Ырза боп саған жүреміз. Қош бол сүйікті Әліппе

Ақбота:

Әліппе менің Әліппем

Өшпейтін нұрлы әріппен Есігін аштым білімнің Өзіңнен кілтті алып мен.

Сайда:

Әліппе алып қолыма

Білімнің аштым есігін Ақ ниет тілеп жолыма Жазылды тұңғыш есімім

Мұғалім:

Жамандықтан сақтандырған

Жақсы істі мақтан қылған

Білім берген ұстаздарды

Билерімен шаттандырған

Үнді биі: Қожаберді Аружан

Мұғалім: Балалар өнер білім барлығыда мектептен басталады. Біз Әліппенің арқасында көп нәрсені оқып үйрендік. Жүрекке жылы тиетін »Отан,Ана,Мектеп» сөздерімен таныстық. Олай болса Отан сөзін құрап тақпақ айтайық.

О

Ораз барды орманға Оншақты оған бала ерді

Омарташы оларға Ожау,ожау бал берді Т Таңданысты есіткен

Түлкі тәсіл тауыпты Төбедегі тесіктен Тағы әкетті тауықты

А Асқар аға астанаға

Асанды алғаш ала барды Алып тауды алатауды Алматыны аралады

Н

Нағыз малсақ Нұркенже

Нарға барып нан берді

Нары нанды жегенше Ноқталапта үлгерді

Мұғалім: Балалар сендер үшін түн ұйқысын төрт бөлім,қуансаң қуанып,ренжісең жұбататын асыл адам Ана.Ана біз үшін ең ардақты адам. Олай болса Ана сөзіне байланысты өлең шумақтарын айтайық.

А

Аспанда ару айда бар,

Айдай сұлу қайда бар Айлы түнде жап жарық Асыр салып ойнайық.

Н Найза боп тиеді

Намысы зорға тиеді Нансақ сол киелі

Нанда сен қорлама

А

Атам жақсы көреді

Алса алғыс өзені Алқа топта мақтар кеп Атасына тартқан деп.

Ән:Аналар жыры.Ықылас Меруерт

Мұғалім:Біздің білім алатын ордамыз мектеп.

Мектеп екінші үйіміз.Оқумен қоса ән,би үйренеміз.Мектеп сөзіне арналған тақпақтар айтайық.

М Мүсінші болар Мүсілім

Маралдың жасап мүсінін

Мұражайға мектептің Мұны тарту етпекші. Е Есенкелді есті екен

Ерке Ерланға ермеді Ерте тұрып есік пен

Е ден сырлап ерледі.

К

Келер көктем көңілді

Көкпен бояп өңірді

Көкжиектен кешкісін

Кемпірқосақ көрінді.

Т

Түлкі,түлкі,түлкі де

Түк айласыз бұл күні

Түгелісіп құлығы

Түгел жұртқа күлкілі

Е

Есейіп құттай балғындар

Елге қызмет жасады

Ертең сенің алдыңнан

Есігін мектеп ашады

П

Перде менен пернені

Панар білмей шатасты

Перде терезе жапқышқой

Перне неге қатысты

Мұғалім:Бала тілі- бал.

Мұғалім:

Бүгін біраз ойнайық

Сөздер сырын айтайық

Ал сонымен әріптер

Шежіресін бастайық

Қыдырбақыт:

А әрпінен басталады

Абай ата есімі

Тербетілген сырлы әуенмен

Өлең жырдың бесігі

Ербол:

О констурктор

Ойнайтын бөлшектер

Ойнайтын бөбектер.

Дінмұхаммед:

Е-ні ұмытпас ешқашан

Елін сүйген жарандар

Нұрболат:

У жалауша мұны біл

Еліміздің туы бұл

Руслан:

М дегенім мал болар

Қадір тұтқан бабалар

Камила:

Ш шытырмақ текше ғой

Алты қырын екшей ғой

Әнуар:

Ғ ғажап бояу жағады

Ғали сурет салады

Асет:

Р ракета зымырап

Ғарышқа оны ұшырам

Айдос:

П параход жүзетін

Палубасы ұзын тым

Меруерт:

Б дегенім бабамыз

Бауыржандай батырғой

Гүлім:

Ұ ұшақ ұшатын

Бұлтарды құшатын

Ақбота:

Ө өгіз өңкейген

Өн бойы дөнкейген

Бекзат:

Ә әріптен табамыз

Әжемізді ақылғой

Нұршат:

Г әріпімен гүлдеген

Қызғалдақты Қырат тау

Аян:

Ф футбол ойыны

Аяқ доп дейді оны

Мұғалім: Әліппенің тойында

Әркім құштар ойынға

Әріптер сыр ашады

Қыздар биге басады

Қазақша би:"Қыздар тобы"

Мұғалім: Кешегі сәби балаңыз

Жарады міне қараңыз

Ғылым біліп жолына

Енді қайық саламыз

Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың осындай дәрежелерге жетулеріне сіздердің жәрдемдеріңізде өте күшті.

Ойын:"Аққала құрастыру"(бөліктердің артында жазылған тапсырманы орындау,мақал-мәтелдер,жұмбақ,жаңылтпаш айту.)

Ән. " Қошақаным"

Мұғалім:Балалар бүгін біздің тойымызға тағы бір қонақ келе жатыр.Орын дайындайық.Міне балалар күткен қонағымызда келіп қалған екен,қарсы алайық.Балалар бұл қонағымызды танисыңдар ма?Кім екен?

Хор: Ана тілі!

Ана тілі:Туған елдің тілімін

Ақылымен танымын

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін

Балалар енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегілер,әнгімелер арнаймын,тек сендер ынта қойып мені ұқыпты оқысаңдар көп нәрсені үйренерсіңдер.

Әліппе: Балалар, мен сендердің білімдерінді көріп ризамын.Енді мен кетейін.

Мұғалім:Әліппемен қоштасуға арналған тақпақтар.

Қыдырбақыт:

Қош бол, құтты Әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Толқындатып сөйлеттің

Манас:

Таныстырған 42-әріппен

Қош менің қасиеті Әліппем

Сенің арқаң оқи,жаза білгенім

Сауаты адам санатына кіргенім

Айдос:

Тіл тысауын кестің сен

Аяулы анам болып сен

Айыбымды кештің сен

Қош бол құтты Әліппем

Ән:"Қош бол құтты Әліппем!"

Хор:

Қош бол сүйікті Әліппем

Бәрімізді сүйіп өткен

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен

Ән:" Ата-әже"

Би:" Қара жорға"

Мұғалім: Оқушылар, Әліппеден көп қызық әнгімелер,тақпақтар үйрендіңдер,енді математикадан алған білімдеріңді тексерейік.

Табақта бес алма,

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығы

Болады неше алма?

Хор: Жеті алма

Терең ғылым сананың

Тегі деп ой саламын

Маңызды етіп оқыңдар

Математика сабағын

Бекзат:

1-дегенім бесік

Шықтым содан осіп

Айгерім:

2-дегенім егін

Далам ,тауым ,көгім

Асет:

3-дегенім үміт

Үміт жақсы жігіт

Ануар:

4-дегенім төзім

Төзе білем өзім

Ербол:

5-дегенім бақыт

Бағалайтын уақыт

Манас:

6-дегенім ақыл

Тыңдағаның мақұл

Руслан:

7-дегенім жалау

Жүректегі алау

Аружан:

8-дегенім сөзім

Серт беретін кезім

Сайда:

9-дегенім тоқтау

Елдің жоғын жоқтау

Ақбота:

10-дегенім Отан

Қорға соны, ботам.

Ән:Мен қазақтың баласы.

Хор:Біз өмірдің гүліміз.

Мұғалім:

Әліппені бітірді балаларым

Әліппеден нәр алған даналарым

Өзі оқып жазатын халге жетті

Құтты болсын қадамы балалардың

Балалардың білімі қүұтты болсын

Денсаулығы әрқашан мықты болсын

Білімдерін әрі қарай дамытатын

Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.

Қымбатты шәкірттерім Сіздердің білім баспалдағына сапарларың өрлеген сәтті қадамдарың құтты болсын.

Бүгінгі кеш әр үйдің ''Той басы'' деп саналар

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.

Осы мен мерекелік кешіміз аяқталды.Ендігі сөз кезегі Ата-аналарға.


© 2010-2022