Ана тілі. Әдептілік әліппесі. 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі. Әдептілік әліппесі. 1 сыныпАна тілі. Әдептілік әліппесі. 1 сыныпАна тілі. Әдептілік әліппесі. 1 сыныпАна тілі. Әдептілік әліппесі. 1 сыныпАна тілі. Әдептілік әліппесі. 1 сыныпАна тілі. Әдептілік әліппесі. 1 сынып1сынып

Ана тілі

Мұғалім: Жансеитова Жазира Жанабиловна

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік әліппесі. 44-45 жаттығулар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөйлемнен жуан және жіңішке айтылатын сөздерді таба білу дағдыларын пысықтау


Дамытушылық: Дұрыс дыбыстау, сауатты оқу мен көркем жазу дағдыларын дамыту.


Тәрбиелік: Адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.

Үлкенді сыйлауға, ананы құрметтеуге тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Аралас сабақ.


Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.


Көрнекілік: Дыбыстар кестесі, алфавит, суреттер, қимақағазар,

Жоспар

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

II. Үй тапсырмасымен жұмыс:

Егер сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,

сөз жуан айтылады: қозы, лақ, құлын, бұзау.

Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады: дәптер, терезе, киік, өзен, күрек.

III. Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті

--------------------------------------------------------------------

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).

АНААна тілі. Әдептілік әліппесі. 1 сынып

Жаттығу жұмыстары:

44-жаттығу.

1. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

2. Алдымен жуан айтылатын сөздерді, соңынан жіңішке айтылатын сөздерді атаңдар.

3. Аналарың сендерді не деп еркелетеді?

Ең жақын адам

Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім» дейтін.

Ф. Оңғарсынова

«Үлкенге құрмет-кішіге міндет» - мақалдың мағынасын түсіндіру.


45-жаттығу.

1. Өлеңді оқып, үшінші шумағын көшіріп жазыңдар.

2. Жуан айтылатын сөздердің астын- бір рет, жіңішке айтылатын сөздердің астын екі рет сызыңдар.

Әдептілік әліппесі


  1. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

  2. Атасы немересіне қандай ақыл айтты?

  3. Ақыл сөздерді қалай түсінесіңдер?

  4. Саған ата-анаң қандай ақыл айтады?

  5. «Менің атам» тақырыбына әңгіме айтыңдар.

  6. Өлеңнен атаның ақыл сөздерін теріп жазыңдар.

IV. Сабақты қорыту:

Біз не білдік? Талқылау.

V. Үйге тапсырма:

Өлеңді жаттау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.


© 2010-2022