Ғарышқа ұшу

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Ғарышқа ұшу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Байқоңыр туралы әңгімелей отырып, ғарышкерлер

туралы түсінік беру, сөйлем туралы түсініктерін пысықтау.

Мәтінді мәнерлеп оқу, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізе білу

қабілеттерін арттырып, ой - өрісін кеңейту, оқушылардың тілін

дамыту. Ғарышкер ағаларымыздың ерліктерін ұмытпауға, Отанын

сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас, ойын сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Ғарышкерлер суреті, ғарыш кемесі, сөзжұмбақ, тірек - сызба.

Сабақтың әдіс - тәсілі:Сұрақ - жауап, матиматикалық фигуралардан зымыран құрастыру.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі:

Психологиялық дайындық

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

3 - 4 балаға геолог тақырыбын оқыту.

Ал, енді балалар сұрақтарға жауап бере отырып, мына пішіндерден ғарыш кемесін құрастырып алайық. Ол үшін мына пішіндердің артындағы тапсырмаларға дұрыс жауап бере отырып, пішіндерді орналастырамыз.

Сұрақтары:

  1. Елімізде қандай қазба байлықтар бар ?

  2. Қазба байлық не үшін қажет ?

  3. Геолог қандай мамандық деп ойлайсыңдар?

  4. Қаныш Сәтбаевті неліктен геолог - ғалым дейміз ?

  5. Біздің облысымызда қандай қазба байлықтар бар ?

  6. Сәуір айында қандай мереке бар ?

Ғарышқа ұшу

Ғарышқа ұшу


Ғарышқа ұшу

Ғарышқа ұшуҒарышқа ұшуҒарышқа ұшу

Ал, балалар біз пішіндерден не құрсатырдық?

  • Ғарыш кемесі.

  • Дұрыс айтасыңдар балалар.

  • Ғарыш кемесі Байқоңырдан ұшады. Байқоңыр - ғарыш мекені. Ғарышкерлеріміз осы ғарыш кемесі арқылы ғарышқа ұшқан.

Жарайды балалар, ендеше тақтаға назар аударып, сөзжұмбақты шешейік.

  1. Қаныш Сәтбаев кім ?

  2. Екі мен төрттің қосындысы неше тең ?

  3. Мынау қандай өрнек ? а + 7

  4. Қазан, кесе, қасық дегендердің жалпы атауы

  5. «Қазақтың бұлбұлы» атанған әнші кім ?

  6. Тіс кірлесе тазартар,

Киімнің кірін азайтар,

Бәтеңкеңді жаңартар.

Бұл не ?

  1. Ән айту, би билеу, күй тарту бұлардың жалпы атауы не ?

  2. Тиіскенді түйреген,

Киімі бар инеден.

Ғ

А

Ш

А

Л

І

Ы

Ә

Р

Т

Ы

І

К

П

Ы

Т

Л

М

К

Ә

Л

Ү

С

Д

Ы

І

К

Р

Е

Н

Ө

А

Т

Ё

Щ

І

П

Р

Т

А

Р


Жақсы балалар ерекшеленген тор көзден қандай сөз шықты ?

  • Ғарышкер.

  • Жарайсыңдар балалар өте дұрыс айтасыңдар.

ІІІ Жаңа сабақ

Ғарышқа ұшу

Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын ашып түсіндіру.


Ғарышқа ұшуҒарышқа ұшуҒарышқа ұшуҒарышқа ұшуҒарышқа ұшу

Тоқтар Әубәкіров

1946 жылы қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген

Қазақтың тұңғыш ғарышкері профессор, кеңес одағының батыры, тұңғыш сынақшы - ұшқышҒарышқа ұшу

Халық қаһарманы

1991 жылы 2 қазанда «Союз ТМ - 13» кемесімен ұшқан

Ғарышқа ұшуҒарышқа ұшуҒарышқа ұшуҒарышқа ұшуҒарышқа ұшу

Талғат Мұсабаев

1951 жылы 7 қаңтар Алматы облысы Жамбыл облысы Қарғалы ауылында дүниеге келді

Қазақтың екінші ғарышкері, Ресей федерациясының батыры, халық қаһарманы атанған

1994 жылы бірінші шілде де

«Союз ТМ - 19» кемесімен ұшқан

1996 жылы 29 қаңтарда екінші рет ұшқанҒарышқа ұшу


Сергіту сәті:

Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Барша жанды құрметтеп

Бас иеміз «Біз»

Дәптермен жұмыс:

Сәуірдің жиырма екісі

Ғарышқа ұшу

Ғарыш

158 - жаттығу. Өлеңді оқып шығып, көшіріп жазу.


Байқоңыр

Ғарышкерлер мекені -

Қазақ жері Байқоңыр.

Қай жер саған жетеді,

Ғажап жерім Байқоңыр!

Сабақтың қорытындылау: Топтастыру стратегиясы арқылы

Ғарыш кемесін жасадық Ғарышкерлермен таныстық

Ғарышқа ұшуҒарышқа ұшу

Ғарышқа ұшу

Ғарышқа ұшуҒарышқа ұшу

Сөзжұмбақ шештік Өлең оқыдық

Үй тапсырма: Ғарышқа ұшу мәтінін оқып, мазмұнын айту. «Кім болам» тақырыбына шағын әңгіме құрап келіңдер.

Бағалау: Оқушыларды салыстыра отырып бағалау.



Қарақұдық орта мектебі












Ғарышқа ұшуҒарышқа ұшу


Өткізген: Есенбаева А.Е.

















с. Бостан

2010/2011 оқу жылы



© 2010-2022