Сабақтан тыс іс-шара Тапқыр достар (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

«А.С.Макаренко атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталықпен»

К.М.М директоры

________ Р.Мауленова.



Сайыс сабақ

«Тапқыр достар»


Орындаған: Орынбаева.Р.А

2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: « Тапқыр достар»

Мақсаты: Оқушылардың түрлі пәндерден сұрақтар қою арқылы ой-өрісін, дүниетанымын, логикалық ойлау қабілеттерін , өз бетімен еңбектенуге және өз пікірін қорғай алуға үйрету.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ой өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттеріндамыту. Байқағыштыққы, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа,алдына қойған мақсаттарына жетуге, өзгенің пікірін құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: танымдық ойын сабағы.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, тақырыбы, үлестірмелер, суреттер,карточкалық тапсырмалар.

Сабақ барысы.

Кіріспе. Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жас ұрпақ Халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың достыңын нығайтатын , есте сақтау қабілетін шындайтын, қиынна қиыстырып жол таба білуге, білімге қызығушылығын арттыратын « Тапқыр достар» сайысымызды бастаймыз.

Ақ пейілді ниетпен

Мейірімді жүрекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық!

Оқушылар оындарынан тұрып андасады.

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз

Бар адамды құрметтеп , бас иеміз біз

Сайыстың жоспары: 6 кезеңнен тұрады.

1. Таныстыру.

2.« Кім зерек» ( әр пән бойынша сұрақтар қойылады) әр топ ұяшық таңдайды

3. «Жүрік ой» (тірек сөздерді пайдаланып өлең құрастыру)

4. « Сөз құрақ» (құрама сөздің жауабын табу , бір сөзден көп сөз ойлап шығару)

5. «Ойлан ізден тап!»(логикалық, қызықты сұрақтар )

6. «Көршіңді тап» (берілген мақал- мәтелдердің жалғасын табу)

«Теңізге терең ғылым бар» дегендей бүгінгі сайысқа қатысатын үш топтың білімін таразылайық.

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәттілік тілеймін!

1-сайыс. Таныстыру.

1-топ. «Алғырлар»

Шақырып жастарға сан-саналы

Алғырлар топ жарғалы жар салады

Ту етіп достық пенен татулықты

Қашанда тапқыр бол деп ой салады.

2-топ. «Жүйріктер»

Құрметтеп алғырлар мен ұландарлы

Жүйріктер сәлем беріп ән салады

Бүгінгі сайыс күні достарына

Қашанда жүйрік бол деп ой салады.

3-топ « Ұландар»

Ұлы елдің әлпештеген ұланымыз

Сол елге лайық болу ұранымыз

Сайларда сан дауысты ұранымыз

2-сайыс «Кім зерек» (топ басшылары тақтада ілінген ұяшықтарды таңдайды

Санаға сапар шегейік,

Білімдеріңді көрейік.

Сұрақтар беріп әр түрлі,

Әр нәрсе біле жүрейік.

Сұрақтары:

1.ҚР-ның мемлекттік тілі қандай тіл? « қазақ тілі»

2. «Кел балалар оқылық» өлеңініңавторы кім « Ы.Алтынсарин»

3.Басты байлық не? « денсаулық»

4.Абылайдың шын есімі кім? « Абілмансұр»

5.Екі ақынның өлең жарысы «айтыс»

6.Ұя салмайтын құс? « көкек»

7.Жансыз тірі не? « ағаш»

8.Адам өмірі үшін ең қажетті 4 нәрсені ата « су, ауа, топырақ,от»

9.4 әріптен тұратын ұзындық өлшем бірлігін ата? «метр»

10.Оқу жылында неше тоқсан бар? «4 тоқсан»

11. Шөлге төзімді жануар «түйе»

12.Жарықсыз не өсе алмайды? «өсімдік»

13Өсімдік не арқылы тыныстайды? «сабақ»

14. Күздің алғашы айы « қыркүйек»

15.Ауның қасиетін ата? «түссіз, көзге көрінбейді,дәмсіз»

3-сайыс «Жүйрік ой» (тірек сөздерін пайдаланып өлең құрастыру)

1-топ. Менің елім ......... «қазақстан»

«Туыстығы»..... жарасқан

Ту ғып ұстап ...... «әр қашан»

«Көрініп тұр»..... алыстан.

2-топ. Мен ...... « ұқыпты» баламын

«Айтқан тілді»...... аламын

«Күнде» .......оқып

Күнде «бестік» .... аламын

3-топ. Сабақтан мен ... « қалмаймын»

Жаман бала.... « болмаймын»

Жақсылармен ...... «достасып»

Айтқан серттен.... «таймаймын»

4- сайыс. « Сөз құрақ» сайысы( құрама сөздің жауабын айту, бір сөзден көп сөз шығару)

1-топ.

А)Бірінші буын -жылға кірмей қалады,

Екінші буыны- әуелеп ұша алады

Таптың кәне балақай,

Сонда бұл қай құс болады? « Түйеқұс»

Б) « Қарлығаш»

2-топ

А)Алғашы буыны-заттығ түсі,

«Жылпос» деп ұқ-екіншісі.

Көлдің сані- сымбатты құс.

Атын тауып айтқандай түс. « Аққу»

Б)Балмұздақ»

3-топ

А)Оңға қарай оқысаң,

Әзәзіл деп білерсің.

Солға қарай оқысаң,

Жаға салар күйесін, олне « арақ-қара»

Б) «Ханталапай»

5-сайыс. « Ойлан ізден тап» (логикалық, қызықты сұрақтар)

1.Дүкеннен анам төртбұрышты доп сатып алып келді,оның біреуін ініме бердім.М енде неше доп қалды? «Төртбұрышты доп болмайды»

2.Төрт қайың ағаш өсіп тұр. Бір алма , екі алмұрт, үш жүзім, төрт шие бар. Сен қай жемісті алып жер едіңдер? «Қайыңда жеміс болмайды»

3.Бір қоянның екі құлағы бар. Үш қоянда неше құлақ бар? «6»

4.Дөңгелекте бұрыш болама? «Жоқ»

5.2,5 кг ет екі жарым сағатта піссе, жарты кг ет неше сағатта піседі? (екі жарым сағат)

6.Мұз айдынында 7 бала

Асыр сап жүр сырғанап

Сырғанамай 2 бала

Жағалауда тұр қарап

Ені осы бар баланың

Санын айтсаң -жарадың! «9»

7. Суда туып, құрғақта өмір сүреді «бақа»

8.Өрмекшінің қанша аяғы бар? «сегіз»

9.Ақ жолағы бар талды ата? «қайың»

10.Қай жануар өз үйін алып жүреді? «таспақа»

11.Қандай қар тез ериді: таза ма?, әлде кір ме? «кір қар»

12.Көлден ұшты 7қаз

Қайтып қонды 2 қаз

Қонбады оның нешеуі?

Кәне,тез кім шешеді? «5»

13.Аулады 5 үйрек,

Қорады 3 ұйрек

1үйрек тығылды

1 үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек? «6»

14. Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан2 алма аз өсіп тұр.Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? «үйеңкі ағашта алма өспейді»

15.Ағаш басында 2 балық отыр, Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? « балықтар ағашқа отырмайды,ұшпайды»

Бұл сайыста сендерге логикалық ойын беріледі. Біз қазір геометриялық фигурадан үй құрастыру. Қай топ бірінші болып құрастырады екен

6-сайыс. «Көршіңді тап» (мақалдың жалғасын табу)

1.Отансыз адам...... ормансыз бұлбұл

2.Отан -оттан да...... ыстық

3.Ер қанаты.....ат

4. Ас иесімен....тәтті

5. Ырыс алды....ынтымыақ

7.Жері байдың ....елі бай

8.Өз елің ....алтын бесігің

9.Оқу инемен ....құдық қазғандай.

10.Қына тасқа бітеді

.....білім басқа бітеді.

11.Ұяда не көрсең ұшқанда ....соны көресің

12Атаңа не қылсаң...алдыңа сол келеді

13.Күш...білімде

14.Денсаулық зор ...байлық

15.Өнер алды...қызыл тіл

16. Әдептілік белгісі...иіліп сәлем бергені

17.Сәлем сөздің...патшасы

18 Білекті бірді жығады...білімді мыңды жығады

Қортындылау.Ойын қортындысын шығарып топтарды марапаттау.

Ғылымның сырын ұғына ,

Шығыңдар білім шыңына

Алғырлар, жүйріктер,ұландар

Жеткізер сендей өренді

Жеңістің мынау шыңына, -дей отырып ,» Тапқыр достар» аттысайысымызды аяқтаймыз.Бүгінгі сабағымызға қатысқандарыңыз үшін сіздерге рақымет.Сау болыңыздар.


© 2010-2022