Презентация к уроку Алфавит сыры. Әліппе

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Бекітемін Мерзімі:15.12.2014ж Пәні: сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Отан. Отан
Сабақтың мақсаты: 1. Отан .Астана туралы түсінік беру 2. Елін, жерін сүюге баулу 3. Мәнерлеп оқуын дамыту. Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мазмұны: І. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару, оқу құралдарының түгел екеніне көз жеткізу.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау Алфавит ретін сұрау.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: а) Отан, астана туралы түсінік беру Біздің Отанымыз, Отан анамыз-Қазақстан Республикасы. Біздің бабаларымыз әкелеріміз Қазақстанда туып өмір сүрді. Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз. Қазақстан біздің Отан-анамыз, бізді нанымен, суымен асырайды. Астана-біздің еліміздің бас қаласы. Отанымыздың астанасы. Астана еліміздің қақ ортасына, аса маңызды жолдардың торабына орналасқан ә) 16-желтоқсан- Тәуелсіздік күні. б) М. Хакімжанова: «Отан» өлеңін Отан- жерім, Отан -суым, Отан қуат нәр береді. Отан- ұран, Отан- туым, Отан мәңгі гүлденеді. Б.Ысқақов: «Отан» өлеңін, Т Жексенбай: «Астана» өлеңін оқи отырып мазмұнын түсіндіру. в) «Астана» өлеңін жаттату. г) «Отан» өлеңдерін мәнерлеп оқыту.
Ү. Жаңа білімін бекіту. ғ) «Отан» өлеңін жаттату. д) Дәптермен жұмыс: е) Диктант жазғызу. Астана халқы алдағы жылдары үнемі өсіп өркендеп отыратын болады. Қалада көптеген өнеркәсіп орындары жұмыс істейді.
ҮІ. Сабақты қортындылау:Отанымыз жайында не білдік?







Бекітемін Мерзімі:15.12.2014ж Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Есеп. 68 бет
Сабақтың мақсаты: 1.Есеп туралы түсінік беру. 2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Есептеу дағдысын арттыру, Сабақтың көрнекілігі: Есеп шарты ,сұрағы, шешуі, жауабы жазылған плакат. Оқыту әдісі: түсіндіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың мазмұны. І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ.Жаңа сабақ: 1) Есеп туралы түсінік беру. Есеп: Дана шыршаға 3 жасыл шар, ал Сара 2 сары шар ілді. Олар барлығы неше шар ілді? Шарты: Дана шыршаға 3 жасыл шар, ал Сара 2 сары шар ілді. Сұрағы: Барлығы неше шар ілді? Шешуі: 3+2=5 Жауабы: Барлығы 5 шар. 2) Есеп ойлату.
Ү Білімді бекіту. 3<2 Теңсіздік тура жазылған ба? Тура теңсіздік тер жаз. 3=2 теңдік тура жазылған ба? Тура теңдіктер жаз. № 4 Тиісті санды орнына қою: 3+2 5-2 2+3 5-3 4+2 6-... 2+... ... Шығармашылық тапсырма. 5>3*…
ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Біз не істеуді үйрендік?








Сабақ кестесі

1 Ж класы

15.12.2014жыл

Класс сағаты

Сауат ашу № 2 өзіндік жұмыс жазу

Математика 54 сабақ аяқтау

Қызықты математика 12 сабақ

Шығу уақыты 10 :50


© 2010-2022