«Біреуге ор қазба, өзің түсерсің»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Біреуге op қазба - өзің түсерсің. Түрікмен ертегісі. Аударған Ғубайдулла Айдаров

Сабактын мақсаты:

1. Оқушыларды ертегімен таныстыра отырып, оның негізгі идеясын, байлық пен кедейліктің айырмашылығын және байлықтың адамға тигізер әсерін түсіне білуге жағдай туғызу.

2. Оқушылардың оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын, есте сақтау. салыстыру қабілеттерін дамыту, қиялын ұштап, сезімін ояту.

3. Топтық жұмыстар арқылы өзара құрмет сезімдерін тудыру. Басқаның пікірін тыңдауға, сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу. Байлықтың пайдасы мен зиянының ара жігін дұрыс түсіну арқылы адами қасиеттерден айырылмау керектігін ұғындыру.

Сабақтың көрнекілігі: Ертегінін желісімен салынған суреттер, накыл сөздер. Үнтаспа.

Сабактын барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.

I. Қызығушылықты ояту.

Өздеріне ұнаған қағазды алу арқылы топ құру. Әр топ таңдап алған қағаздарына қарап, осы сөздерге орайластыру (ассоциация) жасау. Қағазда «бай адам». «кедей адам», «орташа адам» деген сөздер жазылған. Осы сөздердің мағынасын ашу.

Топта талқылау.

Ортақ пікірлерін ортаға салу. Топтар пікірлерін тыңдап болған сон, бүгінгі сабактың негізгі ойын табу. (Байлық пен кедейлік.)

Қалай ойлайсыңдар бай болу немесе кедей болудың арасында белгілі бір өлшем бар ма? Байлық немен өлшенеді?

«Топтастыру» арқылы орындау, жұмыстарын іліп қою.

Жұпта, топта талқылау.

Ортақ пікірлерін жария ету.

II. Мағынаны тану.

«Болжау» стратегиясы бойынша тақырыпқа көңіл бөліп, не туралы болады деп ойлайтынын сұрау.

«Түртіп алу» стратегиясы бойынша мәтінді оқу.

Сөздік жұмысын жүргізу.

Басты кейіпкерлерді атау. Әр кейіпкерге сипаттама беру. Әрқайсысының жақсы жағы мен жаман жағын тізіп жазу. Бұл ертегіден қандай ой түйдік?

Алдыңғы орындаған («Қызығушылықты ояту» сатысындағы) «Топтастыруға» қайта оралу.

- Бұл жұмысты тағы қандай оймен толықтырар едің? Неліктен? Байлыққа деген өзіңнің көзқарасың қандай? Адам қалай өзгереді?

Оқиғалық жағдай: Сен бір өте бай отбасында дүниеге келдің делік. Осы

отбасындағы әкең - тәкаппар, өзімшіл адам, ал анаң - кішіпейіл, мейірімді жан. Қалай ойлайсың, сен кімге көбірек ұқсар едің? Және байлык саған қандай мүмкіндіктер берер еді?

Балалардың жеке жұмыс жасауы.

Жұпта жұмыстарымен алмасып, бір-бірімен пікір алысуы.

Ойларын толықтыру.

«Автор орындығына» шығып, жұмыстарын оқу.

Жазған ойлары мен ертегі арасындағы байланысты табу.

- Осы екеуінде де нені естен шығармауымыз керек?

- Кедей болсын, бай болсын адам жанына нені серік етуі керек?

III. Ойтолғау.

Мәтіннің тақырыбын ашатындай нақыл сөздер мен макал-мәтелдерге тоқталу.

1-топ. Венн диаграммасын құру. (Бұрынғы кездегі байлар мен қазіргі таңдағы байларды салыстыру. Міндетті түрде екеуінің жақсы жақтары мен жаман жақтарын теңестіріп жазу.)

2-топ. Бай мен кедейге «Топтастыру» жаса.

З-топ. Байлык сөзінен «бес жолды өлең» жаз.

4-топ. Басты кейіпкерлерге сипаттама бер.

Сабақты корытындылау.

- Қандай ой түйдіңдер? Ертегі тақырыбының мағынасын ашу.

Үйге тапсырма.

Ертегіні түсініп оқу, мақал-мәтелдер жаттау.



© 2010-2022