УрокБіз-Ұлы Жеңіс ұрпақтарымыз 3 класс

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз». (тәрбие сағаты)

Мақсаты:

Білімділік: 1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету.

Дамытушылық: Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.

Тәрбиелік:Жас ұрпақты ел жандылыққа ,адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы суреттер,батырлар суреттері,плакаттар. Барысы: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады. ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай-ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.
Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 67 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 67 жылдығы.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1млн870мың қазақстандықтар болған.
Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз: Рақымжан Қошқарбаев,Қабиденұлы Төлеген Тоқтаров, Қасым Қайсенов.(тақтадағы батырлар суретін көрсету арқылы қысқаша айтып кету.) Ұлы Жеңіс жауынгерлерінің ұрпақтары қандай болу керек?(дәптерлеріне әр оқушы жауаптарын жазып оқйды) «Кім жылдам ?» ойынын ойнау.(кім жылдам жауап берсе соған жұлдызшша беріледі)

Елдің атын ер шығарады.

Ер мойнында қыл арқан шірімес.

Ат басына күн туса - ауыздықпен су ішер, ер басына күн туса етімен су кешер

Ердің жеңілгені - елдің жеңілгені.

Бөрідей батыл ердің дұшпаны қойдай қырылар.

Ел барда, ер қор болмас,

Ер барда, ел қор болмас.

Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар.

Ұранды ердің - ұрпағы қайсар.

Елін сүйген ер болар

Батыр туса ел ырысы,

Жаңбыр жауса жер ырысы.

Сарымай сасымас,

Батыр саспас

Батыр ортақ, ер ортақ,

Күн ортақ, ай ортақ. Елбасы Н.Назарбаев Аралға келгенде «Тағзым» алаңын ашып, алғаш гүл шоғын қойды. Жеңістің 61 жылдығында «Алып анаға» арналған ескерткіш тұғырына «Ұлы Жеңістің 100 жылдығында болашақ ұрпақ ашып оқысын» деген мақсатта хат жазып қалдырылған. Бұдан бес жыл бұрын Ұлы Отан соғысының ардагерлері 200 болса, бүгінгі таңда ауданымызда 50-і, қалада 21-і қалып отыр.
Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік. Балаларға соғыс кезінің суреттерін көрсету Сергіту сәті:Көк тудың желбіреуі өлеңін тыңдау Тақтамен жұмыс: «Бейбітшілікұрпақтары» кандай жолмен жетуге ,оны қалай сақтап қалуға болатындығын жазады.

Қорытынды: Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап күлгеніміз - бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Әрине, соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болуға мүмкіндіктер бар.



© 2010-2022