Қазақ тілі пәнінен 3 сыныпқа арналған сауалнамалар

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

3 - сынып. Қазақ тілі
ІІ тоқсан
1. Сөйлем мүшесі нешеге бөлінеді?
а) 6
ә) 2
б) 4
в) 5
2. Тиісті баяндауышты қой: Қыста қар...
а) айналады
ә) отырады
б) жауады
в) піседі
3. «Ара гүлге қонды» сөйлеміндегі ара сөзінің мағынасы:
а) құрал
ә) жәндік
б) жабайы аң
в) гүл
4. Жалаң сөйлемді тап:
а) Сәуле сабақ оқыды.
ә) Сәуле суда жүзді.
б) Сәуле жазды.
в) Сәуле жүгіріп келеді.
5. Нүктенің орнына керекті әріпті қой.
Асыл... астан, ақыл... астан
а) б, ж
ә) т, ж
б) қ, с
в) м, н
6. Тұрлаусыз мүшесі бар сөйлем қайсы?
а) Дана ойнады
ә) Күз
б) Сара үйді жинады
в) Күн суық
7. Қаратпа сөз дегеніміз не?
а) тұрлаусыз мүше
ә) біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөз
б) етістік
в) хабарлы сөйлем
8. Бастауыштың сұрақтарын тап:
а) не істеді? не қылды?
ә) қандай? қай?
б) кім? не? кімдер? нелер?
в) қанша? неше?
9. Жалқы есімді тап:
а) ажарлы
ә) Іле
б) алма
в) сабырлы
10.»Ашулану» сөзіне қарсы сөз:
а) ренжу
ә) серуендеу
б) сақтау
в) қуану
11. Тұрлаусыз мүшелер:
а) толықтауыш
ә) пысықтауыш, баяндауыш
б) анықтауыш
в) анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш
12. Жалғау жалғанған сөз:
а) балалы
ә) баламен
б) балпақ
в) бала
13. Түбір сөзді тап:
а) кілемдер
ә) домбырашы
б) білімді
в) шахтер
14. Мәндес сөзді тап:
а) қала
ә) жақсы, жаман
б) таяу, ұзақ
в) әдемі, көрікті
15. Мағынасы қарама - қарсы сөзді тап:
а) алыс, қашық
ә) ұзақ
б) кең, тар
в) сұлу, көркем

© 2010-2022